Мәңгілік ел-мәңгілік тіл

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел-мәңгілік тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, №28 «Мектеп-гимназиясының» бастауыш сынып мұғалімі: Биибалаева Алтынай Усманалиевна

Мәңгілік ел – мәңгілік тіл.

Тіл мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір - қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуаты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемелекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде». Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш – жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Президентіміздің «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», - деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Осындай іс – шараларға өз үлесімді қосу мақсатымда төл шығармамды тарту етемін.

Тілім менің бабалардың мұрасы.

Ғасырлар мен тарихтардың куәсі.

Осы тілді пайдаланған бабалар,

Хандар менен шендер, билер, рубасы.

Тілім менің тектіліктің жүрегі,

Барлық қазақ сөйлейтұғын үнемі.

Алашымның анасына айналған,

Бар қазақтың басындағы тірегі.

Қазақ тілі қазағымның ай күні,

Төгіледі тілім үшін ай нұры.

Қазақ тілі әлемдегі ең бай тіл,

Әр сөзінде байқалатын байлығы.



Қазақ тілде сөйлер елдің ағасы,

Осы тілмен сауат ашар баласы.

Бар қазақты бауырына басатын,

Қазақ тілі қазақтардың анасы.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
68
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі