|
Жаңа сабақ:
Мәңгілік ел Тәуелсіздік пен
Астана патриоттық актісінің мызғымас
құндылығы «Мәңгілік Ел –
ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы.
Ол арман – әлем елдерімен
терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты,
түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел
болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын
қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің
ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға
түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел
идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз
Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды
тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры
ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік
Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік
Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен
мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай
қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру
қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып
табылады.
Тарихи құндылығымыз болған
тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың
ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы
арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып
отырады: «Мәңгілік
Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын
Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет
қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры
сияқты көне тарихтан бастау алатынын
көрсетеді.
Ел тағдырының мәні
азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса,
осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын
жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы
бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс
беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен
еңбектер атқарылды.
1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан
жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін
енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің
болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса,
аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті.
Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға
татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие
болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып,
әсем мұнара-Бәйтерек
Астана туралы бейнематериал тамашалау және
әңгімелеу.
|