400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маңғыстау күйлерінен сайыс «Құлшар күйлері» МЕктепшілік Маңғыстау күйлерінен сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс мақсаты:Мектебіміздің атауы берілген Құлшар күйшіні танып, күйлерін насихаттау барысында өтетін байқау. Күйдің орындаушылық сырларын, тәрбиесін және маңызн оқушыларға жеткізу. Осы сайыста күйдің орындаушылық шеберлігін орындауда қабілетті оқушылардың деңгейін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау күйлерінен сайыс «Құлшар күйлері»

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің

Домбыра сыныбының мұғалімі

Маденова Ақерке Орынбасаровна

Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы



Сайыс мақсаты:Мектебіміздің атауы берілген Құлшар күйшіні танып, күйлерін насихаттау барысында өтетін байқау күйдің орындаушылық сырларын, тәрбиесін және маңызн оқушыларға жеткізу. Осы сайыста күйдің орындаушылық шеберлігін орындауда қабілетті оқушылардың деңгейін анықтау.

Сайыс құрылымы : Жеке орындаушы



Жеке орындаушылар кіші, орта, ересек топтарға бөлініп сайысады.

Кіші топ – 3-сынып

Орта топ – 4-сынып

Ересек топ – 5-сынып



Марапаттау: Сайысқа қатысушылар дипломдар мен мадақтау қағаздарымен марапатталады.





Шарттары мен талаптары:



Кіші топ: 1. Құлшар «Түт шіркін» (міндетті)

2. «өз қалауы бойынша» (маңғыстау күйі)

Орта топ: 1. Құлшар «Ат жортақ» (міндетті)

2. «өз қалауы бойынша» (маңғыстау күйі)

Ересек топ 1. Құлшар «Кербез керік» (міндетті)

2. «өз қалауы бойынша» (маңғыстау күйі)





Кештің жүрісі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!!! Маңғыстау жеріміздің мақтанышы Құлшар күйшіміздің күйлерін насихаттауға арналған кешімізге қош келдіңіздер!!! Жыл сайынғы дәстүрге айналған Құлшар күйлерінен сайыста маңғыстау күйлерінің ерекшелігіне тәнті болып, домбырашыларымызға қолдау көрсетіп отырайық.

Оқушыларымыздың музыкаға деген қабілетін жетілдіріп, орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырып отырған сайысымызды ашық деп жариялаймыз !!

Қазақстанның батыс аймағында, әсіресе Маңғыстау өңірінде аңыз – әңгімелер мен батырлық жырлар, халық әндері мен күйлері мол сақталған. Мұндай мұра байлығы ел өміріндегі елеулі оқиғаларға тікелей байланысты. Маңғыстау көне дәуірден бері тіршілік толастамаған аймақ. Теңіз жағасы ешқашан елсіз болмаған. Маңғыстау жеріне Арал, Қаспий маңында болған көшпелі тайпалардың көбі ат ізін салған. Мұнда ежелгі сақтардан бастап Каспилер мен алаңдар, қыпшақтар мен оғыздар, моңғолдар мен қалмақтар, ноғайлар болған. Көне заманнан бері келе жатқан тарихы тамырын тереңге жайған, байтақ еліміздің қаймағы бұзылмаған, өзіне тән әр өңірінің әр-түрлі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы өзіне тән мәдениеті мен күйшілік өнері бар.

Қазақтың домбырашылық, күйшілік өнерінде тарихи, мәдени ерекшелігіне, аспапта орындау техникасына байланысты, жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты. Бұл дәстүлі мектептер: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. Осы мектептер ішінен біздің бүгін сайысымызда көретініміз – Маңғыстау күйшілік мектебі. Маңғыстау күйлерінің басты ерекшелігі тылсымнан тамыр тартқан бағзылық сипатында екен. Мазмұны жағынан ұлан асыр тарихпен ұштасатын, кең тынысты, әр қайсысы бір-бір дастанға пара-пар күйлері, тыңдаушының көңілін ғана қоймай, мимикалық алуан қағысты, күрделі техникасымен, өткір темпераментімен, ерекше даңққа бөленген.

Маңғыстау күйлерін орындаушы, басты өкілдері: Құлшар, Өскінбай, Қартбай, Есір, Есбай, Абыл, Балбике, Қоңыр, Қарасай, Ысқат, Мұрат Өскінбай.







Құлшар Ерназарұлы

(1840 – 1905)

Құлшар 1840 жылы Үстірт өңірінде туылған. Маңғыстаудың аты барша қазаққа белгілі сазгер күйшілердің бірі. Құлшар Маңғыстау домбыра өнерінің бір ерекшелігі болып табылатын айтыс күйдің шебері. Күйші Адай руының қырықмылтық атасынан шыққандықтан ел арасында «Қырықмылтық Құлшар» атанған. Абыл күйшіден өнеге алған. «Қырықмылтық Құлшардың қызбен және оның шешесімен күймен айтысуы» аталатын бірнеше күйі бар. Күй сайысында Құлшар «Қыз қамаған», қыз шешесі «Кербез керік» күйлерін тартады. Бұл күйлерді халық арасында Құлшардың өзі орындап тартқан. Құлшардың күйлері – үздік, ақпа – төкпе виртуоздық өнер туындылары. Академик А.Жұбаныов кезінде Құлшардың күйшілік өнерін ерекше бағалаған. Құлшардың күйлері «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Түт шіркін», «Кебіс қалған», «Бес қыздың бел шешпесі», «Тілемсек» т.б күйлері бар.

Келесі кезекте сайысымыздың қазылар алқасымен танысайық :

Төрайымы- мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жанар Іңірбайқызы.

Мүшелері: домбыра сыныбының мұғалімдері- Әлібек Садықұлы және Қанат Мұхаметжанұлы.

Қазылар алқасынан әділ баға берулеріңізді сұраймыз, Жас ерекшеліктеріне қарай сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Бір- бірлеп келіп, ортаға тасталған таңдау қағаздарын алып, кезектерін анықтап, қазылар алқасына жаздырады. Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.















Сайысқа қатысушылар тізімі:



Оқушының

аты - жөні

Сыныбы

Тобы

Сынып мұғалімі

Орындалатын шығармалары

Бағасы

Мұқат Айдын

3

кіші

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар «Түт шіркін», М.Өскінбай«Жеңіс»


Шамуратова Гаухар

3

кіші

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар «Түт шіркін»,

Есбай «Бөгелек»


Исатай Махамбет

3

кіші

Нұрқасынова Назерке

Құлшар «Түт шіркін»,

Науша «Шидеме, шегелеме»


Мұқанғалиева Інжу

3

кіші

Нұрқасынова Назерке

Құлшар «Түт шіркін»,


Қыдырқызы Гаухар

3

кіші

Нұрқасынова Назерке

Құлшар «Түт шіркін»,



Абдрахманова Айнұр

2

кіші

Шонтыбаева Әсем

Құлшар «Түт шіркін»,

Науша «Шидеме, шегелеме»


Сайлаубаев Батырхан

4

орта

Бекходжаева Жанна

Құлшар «Ат жортақ»,

Өскінбай «Жеңіс»


Рамазанов Парасат

4

орта

Маденова Ақерке

Құлшар «Ат жортақ»,

Құлшар «Қыз қамаған»


Дәулетбаев Нұршапағат

4

орта

Маденова Ақерке

Құлшар «Ат жортақ»,

Құлшар «Қыз қамаған»


Ерланқызы Жанат

4

орта

Нұрқасынова Назерке

Құлшар «Ат жортақ»,

Науша «Шидеме, шегелеме»


Толыбайұлы Дәулет

4

орта

Кубегенова Жанар

Құлшар «Ат жортақ»,

Есбай «Ақ ілме»


Қайыров Мағжан

5

ересек

Наурызбаева Ботагөз

Құлшар «Кербез керік»

Есбай «Бөгелек»















Сайыскерлер толық ойнап шықты. Әділқазыларға қортынды шешім шығаруға уақыт берейік.(Ойын ойнату, аудио тыңдату)

Қортындылау: Әділқазы алқасының төрайымына сөз кезегін береміз.

Сайысымызды қортындылай келе, қатысушыларға және оқушыларды дайындаған ұстаздарына рахмет айтамыз.

Оқушылардың алған марапаттары:











































Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі















Мектепшілік

Құлшар күйлерінен сайыс









Дайындаған: А. Маденова

Қ.Іңірбай







2018 – 2019 оқу жылы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі