жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Маңғыстау маңғаз мекенім.
Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру
.Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар! Назарларыңызға 4 сыныбы дайындаған «Маңғыстау – туған мекенім!» атты тәрбие сағатын ұсынамыз!Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады.
Рухани Жаңғыру туралы бейнебаян тамашалау
Тәрбие сағатын А.Оңайбайұлының әні мен бейнебаяны арқылы ашамыз.
Не замандарөтсе-дағы бұлағай,Көк түріктің туы қалды құламай.
Маңғыстауым –тұнып тұрған тарихым,Ашық аспан астындағы мұражай,-демекші, кең байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің тарихы ерекше.Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жері талайларды тамсандырған.Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған ғажап өлке.
Маңғыстау өңірі - Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан.Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса,оңтүстігінде Түркменстан, солтүстігінде Атыраумен шектеседі.
Маңғыстау облысы 1973 жылы 20 наурызда құрылды.1988 жылы 2 маусымда таратылып, 1990 жылдың 17 тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды.Орталығы –Ақтау қаласы.
Маңғыстау-көкірегі жұмбақ әлем,Сырласқан кезіңді айтып мұнарамен!Шұбырып езуінен жұлдыз ағып,Кірпігін таң алдында жұмады әрең.
: Маңғыстау ауданы -1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Аудан көлемі -47,9 мың шаршы км-гетең.2005 жылғы санақ бойынша 28,7 мың адам тұрады.Аудан құрамына 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі бар.Самғатып ән көмейін алқаңда үздім,байлаулы біз торғайы балпан құздың.Маңғыстау –жерұйығым! Қаблан құрсақ,Көзіндей мөлдірейсің Салқам қыздың!
Отпан тауы –«От-адамның» мекені,Әлімсақта болған екен деседі.Ғұламалар табиғатпен тілдескен,Дана шалдар өтіп кеткен кешегі.
Бейнебаян Отпан тау
Отпан-тау –тарихи- мәдени кешен,кесене. 2007 жылы 25 қазанда ашылды.Кешен Сабыр Адайдың бастамасымен 2004 жылықолға алынған. Жоба бойынша Отпан –таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, алтынмен қапталған.
Отпантау кесенесіне кірер жол екеу: олар «қасиетті босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аты мен рулық шежіре жазылған.
Ақтау қаласы - Маңғыстау облысының орталығы. Қаланың іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасына салынған.
Бейнебаян Ақтау қаласы
Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет –ата мен 362 әулие түседі. Маңғыстаудағы әулиелер саны-360, қырда-Бекет, ойда-Саназармен 362 деген қағиданың қатесіздігін айғақтай түседі.1-жүргізуші: Иә, киелі Маңғыстау жері –әулиелерге бай.Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет ерекшелігі болғандығы аян.«Маңғыстау деген киелі мая,кер үлек,Кекетіп жүрмең қақталған күнге тері»- деп,сірә,Маңғыстауды жырға қоспаған ақын кемде-кем шығар. Кезекті Маңғыстау жайлы жауһар жырларға береміз.Оқитындар:
Бұл өлкеге келмеді,өтпеді кім,Өткенімді зерттейтін көп пе еді ілім?Маңғыстауды «Маң» «Қыстау» деп жорығанҒалымдарға шындығы өкпелімін.Ей,ғалымдар,белгілі жайың маған,Сырын саған ашқан жоқ сайын далам.Келіспеймін білгішпен және де мен,«Мың қыстау» деп өлкемді пайымдаған.Білгіштер ме,-сөзден-сөз құрады олар,Қалай жазса,солай сөз тұра қалар.Маңғыстау да емесол,Мыңғыстау даМың ғажаптың мекені бұл аралар.
.Жаңғырық жүр шыңдардың арасында Болашағын өлкемнің дабылдаған.«Аңғал өлке есігін қаусырмаған»,Деп айтады мұжылған таусыр маған.Мың дарынның өлкесі бұл МаңғыстауАйтатыны әлі де таусылмаған.Әр төбенің басында толы дерекЕртелі кеш ерінбей шолу керек.Менсенбеймін «қайқысын жетеу», -десең,Жетпіс жеті кемінде болу керек.Керегі жоқ ұжмақтай ұяның да,Ірілікпен осынша сиямын ба?Мен білетінМаңғыстау артық,кемсізТап осындай перзенттік қиялымда.
«Галлереяға саяхат» оқушылардың салған суреттеріне шолу жасау.
Киелі Маңғыстау жері туралы сыр шертетін
болсақ,бұған бір 40 минут түгіл,1 күн аздық
етер. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын
жыраулар мен 362 әулиемен жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға
10 күн де аздық етер деп ойлаймын. Маңғыстау – мәңгілік
ән, таусылмайтын жыр-дастан, тарихы-шежіре, қойнауы – кенді,
жайлауы-малды, келешегі кемел
өлке.
Сөзіміздің соңын «Қысылғанда дем, жабыққанда
жар болатын» қасиетті Бекет-Ата рухы кім-кімді де қолдап,ел болу
жолындағы келелі қарекеттерге қадам басқан отандастарын оң іске
бағыттай берсін!Назар қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген