жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті?
4 тоқсан |
4 сабақ |
|||||||||
§21-23 |
Пәннің атауы: дүниежүзі тарихы |
9 сынып |
||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? |
|||||||||
Сабақтың мақсаты: |
- себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; - мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау - тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау |
|||||||||
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект. |
Балалар! Социализм жүйесін таңдаған Қытайдың саясаты мен экономикасы және халықтың әлеуметтік жағдайы қалай өзгергенімен танысатын боламыз. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы жарияланды. Билік басында Мао Цзэдун болды. 1949-1952 жж. Аграрлық реформа жүзеге асып, помещиктер жойылып, 300 млн шаруа 47 млн га жерге ие болды. 1950-1959 жылдары Қытай мен КСРО ортақ келісім болып. КСРО 256 ірі кәсіпорындарды салып берді. 1954 жылы жаңа Коснтитуция қабылдады, билік коммунистік партияның қолында болды. Ұсақ ұлттарға автономиялық еріктілік жарияланды. 1958 жылы Қытай коммунистік партиясы 5 жылдық жоспар «зор секіріс» бағытын жариялады. Қытай экономикасы біршама көтерілгенімен елде қуғынс үргі басталды. Олар хунбейвиндер және изаофондар деп ажыратылды, нәтижесінде 10 млн адам жазаланды. 1976 жылы 9 қыркүйекте Мао Цзэдун қайтыс болып орнына Дэн Сяопин келді. Елде 100 млн адам ашаршылыққа ұшырады. Дэн Сяопин 1978 жылы Қытайға кең түрдегі экономикалық реформаны іске асыру үшін жарияланды. Экономикалық реформа аулыдан басталды. Реформаның мәні: жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салған Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтудың дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселесін шешті. ейін ауыл шаруашылығындағы реформаның тәжірибесі қорытындылана келе, қайта құрулар толқыны қалаға қарай ойысты. Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайда экономика тез қарқынмен дами бастады. Д.Сяопин енді елдің шет елдермен қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту мәселесін көтерді. Осы мақсатта арнайы ашық экономикалық аймақтар құрылды. "Ашық есік" саясаты ел экономикасының даму қарқынын одан әрі жеделдетті. Қытайдың тұтастығын қалпына келтіру үшін ол нақты жағдайды ескере отырып, "бір мемлекет - екі құрылым" деген тұжырымдама ұсынды. Бұл саясатта өз жемісін беріп, 1997 жылы жүз жылдан аса ағылшын отары болған Сянган (Гонконг) аралы Қытайға бейбіт түрде қайтарылды. |
|||||||||
Сілтемелер: |
https://www.youtube.com/watch?time_continue=4&v=qbeyUm7Cfw4&feature=emb_title Большой скачок Мао
|
|||||||||
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар
Кестені толтыру
Сұрақтарға жауап беріп, тұлғаның рөліне баға беру
Талдау жұмысы
|
Балалар! Берілген тапсырмаларды критерилер мен дескрипторларға қарап орындаңыздар 1 тапсырма Қытай экономикасындағы социалистік жүйенің қарама-қайшылығын салытырыңыз
2 тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, Қытайдың тарихи экономикалық даму заңдылықтарын анықтай отырып, мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлін бағалау
А)Қытай елін басқарған Мао Цзедуннің «зор секірісінің» сәтсіз аяқталуының себебін түсіндіріңіз. _____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ b) Дэн Сяопиннің модернизациясы бағытталған салаларды анықтаңыз. ______________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________ c) Дэн Сяопин саясатынан кейінгі серпілістің болғандығына дәлелдер келтіріп, түсіндіріңіз __________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________ d) Қытай экономикасындағы социолизмнің белгілерін көрсетіп, түсіндіріңіз.__________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________
e) Қытай экономикасындағы нарықтық экономикалық жүйенің ерекшелігін анықтаңыз. _________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________ f) Қытайдағы Дэн Сяопин жоспарлы және нарықтық экономика моделіне баға беріңіз. __________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________
3 тапсырмаБерілген жылдар бойынша талдау жасаңыз
Үйге тапсырма: оқулықтан Дүниежүзі тарихы 9 сыныптың 138-144 беттерін мектеп баспасынан оқу және Қытайдың саяси-экономикалық жағдайы тақырыбына эссе жазу |
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген