жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақал – мәтелдер оқып, жұмбақ шешейік. Жаңылтпаштар жаттайық.
Әдебиеттік оқу пәнінен өткізген ашық сабақ жоспары
2 -
сынып
Бөлім: Салт - дәстүр және ауыз
әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер оқып,
жұмбақ шешейік. Жаңылтпаштар
жаттайық.
Сабақ негізделген оқу
мақсаты:
2. 2. 4. 1. Мақал – мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаштың жанрлық ерекшеліктерін
анықтау.
Күтілетін
нәтиже:
Барлық оқушылар: мақал - мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаштың халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататынын
біледі. Оқушылардың басым бөлігі: аталған жанрларды
бір – бірінен ажырата алады.
Кейбір оқушылар: мақал - мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаштарды өз сөздерінде қолдана
алады.
Пәнаралық байланыс: қазақ
тілі
АКТ қолдану дағдылары: Компьютер,
Интербелсенді тақта,
Алдыңғы білім. Өтірік өлең
құрастырамын.
Жоспар
Қызығушылықты
ояту.
Сыныпты қалыпқа
келтіру.
Үй жұмысын
сұрау.
Өтірік өлең жатқа
сұралады.
Топқа бөлу. Сандар арқылы топқа бөлінеді.
Алған сандардан мақал - мәтел құрастырып оқиды. Мақал - мәтелдердің
мағынасын айтады.
Ой сергек: жаңылтпашты топ бойынша халық әні,
эстрада жанрында
орындайды.
Көктемеде
Көк пе
төбе?
Көк төбеде
–
Көп
бетеге,
Бетегеге
Көк жете
ме?
Мағынаны
ажырату.
Ой
қозғау
Мақал - мәтелдер жарысы. Мақал - мәтелдердің
жалғасын тауып, сөзжұмбақ шешеді. (топпен
жұмыс)
1.Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің ... (тоқсан тоғыз.)
2. Білмесең үндеме,
Білгенді ... ( күндеме).
3. Білім гауһар, бағасы
жоқ.
Надандық кесел, ... (дауасы жоқ).
4. Киіміне қарап қарсы
алады,
Біліміне қарап ... (шығарып салады).
5. Күш - білімде, білім - ... (кітапта).
6. Қына тасқа бітеді,
Білім ... (басқа бітеді).
Тақырыпты
болжау.
Мақсат, күтілетін
нәтиже
Сабақтың мақсатымен таныстырылып, күтілетін
нәтижені оқушылармен бірлесе
анықтау.
Тұжырым. Интербелсенді тақтадан көрсетіліп,
оқушылар танысады.
Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар – шағын
халық шығармаларының
түрлері.
Мақал - мәтелдер – нақыл сөздер. Онда
халықтың түйінді ойлары
айтылады.
Жұмбақтар – табиғат құбылыстарының, өзін
қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған халық ойынан туған
шығармалар.
Топтық
жұмыс.
1 - тапсырма. Мақал – мәтелдерді оқып,
төмендегідей тақырыптар бойынша
топтастыр.
1 – топ: Туған жер, Отан
туралы;
2 – топ: Бірлік, ынтымақ
туралы;
3 - топ: Достық, дұшпандық
туралы;
4 – топ: Жан - жануарлар
туралы.
Дискриптор: Білім
алушы
- Мақал - мәтелдерді түсініп
оқиды.
- Мақал - мәтелдерді тақырыбы бойынша тауып,
топтастырады.
Қалыптастырушы бағалау: От
шашу.
2 - тапсырма. Топтар арасында жаңылтпаш айтып
жарысу.
( Оқулықта берілген жаңылтпаштарды кезектесіп
топтар бір – біріне жаңылмай айту
керек)
Дескриптор: Білім
алушы
- Жаңылтпаштарды жаңылмай
айтады.
Қалыптастырушы бағалау: Үш
шапалақ.
Жұппен
жұмыс.
Сәйкестендір
Дескриптор:
- Мақал - мәтелдің жанрлық ерекшелігін
анықтайды;
- Жаңылтпаштың жанрлық ерекшелігін
анықтайды;
- Жұмбақтың жанрлық ерекшелігін
анықтайды.
Жеке
жұмыс.
Оқулықтағы жұмбақтардың шешімін тап. Жауап
парағына жауаптарын
жаз.
Жауап
парағы
1 2
3
Дескриптор: Білім
алушы
1 - жұмбақтың шешімін дұрыс
табады;
2 - жұмбақтың шешімін дұрыс
табады;
3 - жұмбақтың шешімін дұрыс
табады.
Қалыптастырушы бағалау: Смайликтер
арқылы.
Деңгейлік тапсырмалар
беру.
Сабақтың
соңы
Үйге тапсырма: ұнатқан 3 мақал - мәтел, 3 -
жұмбақ, 3 - жаңылтпаш жаттап
келу.
Кері байланыс: бағдаршам көздерін таңдап,
сабаққа рефлексия
жасайды.
Алматы
қаласы
70 мектептің бастауыш сынып
мұғалімі
Серік Мөлдір
Серікқызы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген