400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақал-мәтел- сөз мәйегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтелдердің адам өрінде алатын орны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақал-мәтел- сөз мәйегі

Мақал мәтел халық шығармашылығының мол жемісі, ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.

Осыдан барып мақал-мәтелдер көбінесе «халық даналығы» деп аталады. Көне түркі тілдерінде «Аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл-«атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына» деген сөз.

Халық суреткер. Ол өз өмірін, табиғат аясы мен өз ортасын жан –жақты сипаттап беріп отырған.

Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріп, үлкен түйін жасалады.

Әрбір мақал-мәтелдің авторы – өз дәуірінің перзенті. Әр автор өз кезінің таным-түйсігімен, наным-сеніміне бой ұрып, сол кездің «жырын жырлайды», дәстүрлі тұжырымдарын насихаттайды. Өмірдегі өзгерістерге байланысты бағзы бір мақалдардың мән-мазмұны да өзгеріп отырады: заман елегінен өтпей қалған түрлері ескіреді, жаңа дәуір талабына сай жаңадан пайда болады. Халық қазынасы ылғи да кенерлеп, жаңа туындыларға толып тұрады.

Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз алтын» дегендей, мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақтылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіреміз. Онда басы арты бір бір сөз болмайды. Мысалы «Ер дәулеті-еңбек». Мұндағы негізгі ой-еңбектің құдіретін бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру.

Мақал-мәтелдердің ұзын-ырғасы мен мазмұны көлемін түгел қамтып суреттеу мүмкін емес. Олардың тақырыптары әр түрлі. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты-басты тақырыптары –Отан, туған жер, еңбек, оқу, өнер, отбасы, тәрбие, ата мекенге байланысты. Елін, Отанын емірене сүйген халықОтанын шексіз сүюді ұрпағына өсиет еткен. «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елің- алтын бесік» деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі терең түйінделген.

Еңбекке байланысты мақал-мәтелдер: «Еңбек түбі-берек, көптің түбі-мереке », «Еңбек етсең-емерсің». Мұнда халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп түсінген ұғым жатыр.

«Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы», «Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі», «Ер-елдің атын шығарар, ел-ердің атын шығарар» деген мақал-мәтелдер ерлік туралы айтады.

Ал ынтымақ туралы: «Бірлік болмай-тірлік болмас», «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді».

Достық туралы: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды». «Жолдасы жақсы-жолды болар, жолдасы жаман-қолды болар», -деп достықты, адалдықты, жақсы жолдастықты үлгі етеді.

Ақын жазушылар шығармаларында мақал-мәтел болып кеткен жолдар да мол.

Халық ақын, жыраулары Бұхар жырау, Махамбет, Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Қайып, Үмбетәлі, Тұрмағамбет жырларында, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден т.б шығармаларында мақал-мәтел боп кеткен жолдар өте көп.

Мақал дегеніміз- өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құрылып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Мәселен, «Мезгілі жетсе, мұз да ерір», «Ер жігіт үйде туып, түзде өлер».

Мәтел дегеніміз- халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі.

«Көппен көрген ұлы той», «Апама жездем сай», -деген сияқты.

«Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен, прозалық, поэтикалық құрылымды болып келуімен ерекшеленеді. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация-барлығы да бар.

Мақал-мәтелдер-саф алтындай асылдығы, мірдің оғындай өткірлігі, ықшамдығы, дау тудырмас даналығы, өнеге үйреткіш тәлімділігі, қиып түсер қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін қадірлі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18.10.2023
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі