400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақал-мәтел бәйгесі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға ұлттық құндылықтарды, халық ауыз әдебиетін дәріптеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақал - мәтел бәйгесі.

Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушыларды шешен сөйлеуге,Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту.
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең ұғындыру.
Жоспары:
1 - тур. Мақал - мәтел
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз өнері.
2 - тур. Мақал - мәтел табу.
Тақырыбы: Еркін
3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін табу.
4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ басшысына сұрақ.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел бәйгесіне қатысқалы отырсыздар. Сайыс 2 топтан құралған. «Білгірлер» және «Тапқырлар». Әр топта 7 оқушы.
Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін.
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ қайталамайды.
Ал ойынды бастаймыз!

1 - тур.
Білгірлер: Отан - елдің айнасы
Ел - ердің анасы.
Тапқырлар: Отан үшін күрес.
Ерге тиген үлес.
Білгірлер: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Тапқырлар: Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Білгірлер: Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің.
Тапқырлар: Туған жердің ауасы да шипа.
Білгірлер: Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Тапқырлар: Орағың өткір болса,
Қолың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
Білгірлер: Ел елдің бәрі жақсы.
Өз елің бәрінен де жақсы.
Тапқырлар: Ел іші алтын бесік.
Мұғалім: Қандай керемет.

«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн.
Сонымен 2 - турымызды бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық.

2 - тур. Бұл турда сендер мен айтқан мақалдың жартысын табуларың қажет.
Білгірлер: Бал тамған тілден, (у да тамады)
Тапқырлар: Білімсіз өмір, (сөнген көмір)
Білгірлер: Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)
Тапқырлар: Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін ал)
Білгірлер: Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)
Тапқырлар: Еңбек адамның (екінші анасы)
Білгірлер: Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің)
Тапқырлар: Жас жемісті жұлма. (Жас баланы ұрма!)
Білгірлер: Армансыз адам. (Алысқа бармас).
Тапқырлар: Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік артық.)
Білгірлер: Көктен тіле, (Жерден өндір.)
Тапқырлар: Талап қылмай, (мұратқа жетпес)
Білгірлер: Есектің жүгі жеңіл болса, (Жатаған болады)
Тапқырлар: Білекті бірді жығар. (Білімді мыңды жығар.)
Мұғалім: Ой керемет!
Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған.
Сонымен осыншама талаппен ынтамен 3-турымызды бастайық.
Бұл жерде сіздердің қазақ тілінен өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет. Ал, бастаймыз.
3 - тур.
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2. Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)
3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
7. Көз салды. (қарады)
8. Құлақ түрді. (тыңдады)
9. Тайға таңба басқандай.(анық)

Мұғалім: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!
Бір күні Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды, бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге береді.
Тапсырма: Ал, енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады.
Мұғалім: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім - деген екен

Жеңімпазымызды анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Мұғалім:сонымен оқушылар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.12.2020
787
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі