Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақал мәтелдер жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ
Ел мен жер егіз.
Ел іші алтын бесік.
***
Жері байдың елі бай.
***
Отан — қуат, Отбасы — шуақ.
Есің барда елің тап.
***
Көп ел — сарқылмас көл. Көп ісінде береке.
Егемен елдің еңсесі биік.
***
Көп қайда болса — құдай сонда.
***
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.
***
Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
***
Көп түкірсе — көл болар.
***
Көп біріксе — ел болар,
Көп тілегі көл болар.
***
Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
***
Көп жабылса жоқ табылады.
***
Көп ауызы дуалы.
***
Көп адаспас, көл таусылмас.
***
Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.
***
Көппен көргеннің арманы жоқ.
***
Көп қорқытады, терең батырады.
***
Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.
***
Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.
***
Көптен қоян қашып құтылмас.
***
Көп білсең де,
Көптен артық білмейсің.
***
Көппе тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.
***
Көптен шыққан көмусіз қалады.
***
Адассаң, көппен адас.
***
Көпке топырақ шашпа.
***
Халық айтса, қалп айтпайды.
***
Халық сөзі қаһарлы.
* * *
Ерден аспақ болса да,
Елден аспақ жоқ.
***
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.
***
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға бері малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
***
Данышпай айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
***
Кемеңгер кеңес таппай қоймас.
***
Талайлымен таласпа.
***
Сумен ойнама батарсың,
Отпен ойнама жанарсың.
***
Шықпаған егіннен жер бүлінеді,
Олақ бастықтан ел бүлінеді.
***
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
***
Көп толқыса ер құлайды,
Көл толқыса жар құлайды.
***
Елің — панаң,
Жерің — анаң.
***
Өз елің өзекке теппес.
***
Ауылым — алтын бесігім.
***
Көш басшысы жоқ ел оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
***
Өзбек өз ағам.
***
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
***
Жері байдың - ері бай.
***
Қазақтың осы жер дегені, көш жер.
***
Ақ бөкенді жатыр деме,
Көшпелі елді отыр деме.
***
Елдестірмек - елшіден.
Елде бір тентек жүрмей ме.
***
Елу жылда ел жаңа.
***
Жүз жылда қазан.
***
Қырықтың бірі қыдыр.
***
Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
***
Ер — жалғыз,
Ел — көп.
***
Өз елің — алтын бесік.
***
Елдің күші елу батпан.
***
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
***
Елде болса ерінге тиер,
Ауылда болса ауызға тиер.
***
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
***
Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
***
Өз еліңнің иті де қадірлі.
***
Туған жердің түтіні де тәтті.
***
Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.
***
Адалдық үшін арыдым деме.
***
Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.
***
Кеңеспен кескен тон келте болмас.
***
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
***
Туған жерің түсіңе кіреді.
***
Өз елім — өлең төсегім.
***
Сарала қаз көлін сағынар.
***
Жеріне қарай жемісі.
***
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
***
Ел қариясы - ел қазынасы.
***
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
***
Құлан кісінесе үйір жиналар.
***
Отан — оттан да ыстық.
***
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
ҰРЛЫҚ, ҰЯТ, ЫНСАП, ПЕЙІЛ ТУРАЛЫ
Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.
***
Атақты ұры аштан өледі.
***
Ұры түн асқанша,
Қасқыр дөң асқанша.
***
Ұры — қарының серігі.
***
Ұрыға мал құтаймас.
***
Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.
***
Сезікті секіреді.
***
Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.
***
Жортуылшының басы жолда қалады.
***
Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.
***
Ұры өле өлгенше ақпын дейді.
***
Ұрысы күшті болса, иесі өлер.
***
Қолағашы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.
***
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
***
Әркім сүйгеніне сәлем береді.
***
Інгенімді қараймын деп,
Мінгенімнен айырылдым.
***
Бір аяқ қымыздың, екі аяқ желі болды.
Ұялған сыбағасынан құр қалар.
Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл.
***
Жаманға жалынғанша,
Жат та жаныңды қарман.
***
Ашыққаннан, құныққан жаман.
***
Жуастан жуан шығады.
***
Тышқан ініне ене алмай жүріп,
Құйрығына қалжуыр байлайды.
***
Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар.
***
Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.
***
Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.
***
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
***
Біреудің атанына дегені,
Өзінің ботасына көрінер.
***
Сенің атың тұра тұрсын,
Менің атым жүре тұрсын.
***
Ақкөңілді адамға, біреудің сырқаты да батады.
***
Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.
***
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.
***
Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
***
Өзі тоймағаннан сарқыт дәметпе.
***
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.