Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесінде мақалөмәтелдің алатын орны ерекше,бала тәрбиелеуде бірден-бір комекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халықтық мәдени тәрбие беру ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, балалар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері бір-бірімен байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуіне, республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ тәрбиесіне орынды пайдалануымыз керек. Бұл салада мұғалімдердің алдында күрделі де жауапты міндеттер тұр.

           Баланы  сергек сезімді, еңбек сүйгіш, абзал  азамат етіп тәрбиелеу ісін оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, ал он беске дейін көмекшің деп қараудың, он бестен асқан соң ақылшы-досың деп санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың тәлімдік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу қағидасына сай келеді.

          Мақал-мәтелдерді пайдалана тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай жүргізумен бірге, тәрбиеленушінің жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді де ескерткен.Барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. Солай болғандықтан да оларды тәрбиелеу әдісі, ықпалы, құралы да алуан түрлі болмақ. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, жеке өзгешелігін еске ала білу қажет. «Балаға үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» деген мақал да осыған байланысты. Өйткені, кімде-кім болмасын өз ұрпағының асыл азамат болып өскенін қалайды, бұл үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан әр ата-ана баланың жеке адамгершілік қасиеттерін еске ала отырып, тәрбие беруге тырысуы керек. Қалыптасқан мінезбен еш пенде дүниеге келмейді. Осыны топшылаған ата-бабамыз «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің» немесе «Бір биеден ала да туады, құла да туады» деп ой төркінін жасаған. Сондықтан да бөбекті ер етіп өсіру де, ез етіп қожырату да үлкендердің қолындағы іс.

           Мақал-мәтелдер бойынша баланың тәрбиесі туған, өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты. Мәселен: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте білмеген құл етеді», «Бала айналасына қарап өседі», – дейді халқымыз. Алайда, асырау мен асыл тәрбие беру екі түрлі мәселе. Сондықтан да халык «Жігіттің тентек болмағы – биінен, баланың тентек болмағы  үйінен»«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Өнеге күші өлшеусіз» деуі арқылы бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екенін көрсетеді. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаны қайсы?», «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге» деу арқылы да ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын керсеткен, Қай халық болмасын – философ. Қазақ халқы да ұстанған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып, бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген. Мысалы: «Ағаға қарап іні өсер», «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүрер» деп осы ойды нықтай түскен. Қазіргі кезде жас өрендерімізді жан-жақты тәрбиелі, терең білімді азамат етіп өсіруде ата-анаға үлкен міндет жүктеліп отыр. «От басы -өнеге» деген халық мақалы да осыны ескертеді. Біз бұдан ата-ананың балалары алдында өздерін біркелкі ұстауы, әке мен ананың өзара татулығы, сыйластығы, пікір келісімі отбасында бала тәрбиесіне зор ықпал жасайтынын халық педагогикасының орынды пайымдағанын байқаймыз. «Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Бірінші-ата-анадан, екінші-ұстазынан, үшінші-құрбысынан» деп ұлы ойшыл Абай да өте дұрыс айтқан [11]. Осы пікірді халық педагогикасында «Атпаз көрген ат таныр, үстаз керген хат таныр», «Ұстазына қарай шәкірті», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Өмір -үлкен мектеп», «Аға-жаға, ұстаз-пана» деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен, тапқырлық тәсілмен баланы тәрбиелеу орынды дегенді атап көрсетеді.

           Қазақ халқының келесі ерекше қағида орыс халқының көрнекті педагогы А.С.Макаренконың «Егер менен педагогтік тәжірибемнің мәнін қысқаша тұжырымдап беруді сұраса мен: адамға көбірек талап қою, оны барынша қадірлеу деп жауап берген болар едім» – деген өсиетімен пара-пар, себебі адам өзін сыйлағанның құлы» [12]. Баланың аты бала. Оның қандай бір нәрсені білгісі келетін, қандай бір құбылыстың сырын жете меңгергісі келетін мінезі, оның психологиясы мен физиологиясы – баланы жаңсақ қылыққа ұрындыруы да мүмкін. Баланың жіберген мұндай қателіктерін үлкендер дер кезінде байқап, дұрыс жолға салып отыруы парыз. Сондықтан да халкымыз: «Баланы ақылмен тәрбиелей алмаған қорқытып та тәрбиелей алмайды» дейді. Халық ұғымында тәрбиелеуші жазалаудың және ықпал етудің барлық шараларын дұрыс қолдануы үшін бала жанын жетік білуі шарт. Ол үшін бала жанын түсінуге талпыныс жасау қажет. Басқа ұрып, көзге шұқи беру баланы жүнжітіп жібереді немесе кияңқылыққа соқтырады. Сондықтан балаға үлкен талап қою керек және сол дәрежеде оны қадірлей білу керек. Жасөспірім алдына үлкен максат қоя білсе ғана биікке ұмтылады, сондай ұмтылыс үстінде өседі, жетіледі. Армансыз биікке самғау жоқ екенін жақсы ұққан халық: «Талаптыға нұр жауар» деп жеткіншекті қанағаттандырумен қатар «Армансыз ұлан - қанатсыз қыран» немесе «Арманы жоқтың  пәрмені жоқ», – деп парықсыздықтан сақтандырған.

   Оқушыларды  тәрбиелей оқыту барысында дамыту – бүгінгі педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Себебі, шәкірттердің ойлау дербестігі іске асырылмаса қазіргі ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жылдамдығы мен жастардың білім игеру қабілеті арасында алшақтық туады. Халық педагогикасы осы бір қағиданы ежелден ұстанған. Өйткені, жасөспірім әр қадам басқан сайын өзі үшін ұдайы жаңалық ашады. Халқымыз «көрмеген жердің ой-шұқыры көп» болса да тартынба, тайсақтама, дүниені тани бер, алдыңда асқақ арманың болсын, «Көз жұмбай, дария кешпек жоқ», «Ақылды тәуекелдің арты – игілік», «Тәуекелдің кемесі суға кетпейді» дейді. Бұдан мақал-мәтелдер арқылы тәрбиелеу ісінде алға қойған ойлы мақсаты – жас буынды дербестікке, өздігінен ойлауға баулу екенін айтамыз. Мұнда ескеретін бір жай жас буынды ой дербестігіне баулуда халык ауыз әдебиетін кеңінен пайдаланған жөн. Олардың ішінде, әсіресе, сюжеті күрделі, шытырман оқиғалы жырлар мен ертегілер, жұмбақтардың атқарар міндеті орасан. Негізінен ой дербестігі, адамдарда сындарлы сыннан өту, мәселені өздігінен шешу барысында қалыптасады. Бұл жерде А.В.Луначарскийдің «Мектептен тыс білім алу дегеніміз – күллі өмір. Адам өмір бойы білімін биіктете беруі керек» – деуі осыған дөп келеді. Ал қазақ атамыз «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» – деп тұжырымдайды. Сондай-ақ ата-бабамыз: «Жығуға шамасы жоқ – күреске түспейді», «Жығылсаң нардан жығыл» деу арқылы ауырдың үсті, жеңілдің астымен бас сауғалап күн көргенше, күресте көрініп көзге түс, көпке таныл дегенді уағыздайды.

           



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2023
638
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі