400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мақал-мәтіл, жұмбақтар" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-8 сыныптар арасында өткен мақал-мәтел, жұмбақ сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:_Қазақ тілі мен әдебиеті

_күні: 26.02.2016__ cыныбы: 7 «а», 7 «б», 6 «а».

Сабақтың тақырыбы:Мақал-мәтелдер, жұмбақтар. Сабақтың мақсаты 1) Мақал мен мәтелдегі түйінделген ой қорытындысы, жұмбақтардың мағынасы мен құрылысы, атқаратын қызметі және әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері жайында білім алуына көмектесу. 2) Еркін сөйлейуге, сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыруды қамтамасыз ету.

3) Нақыл сөздер арқылы мәдениетті, әдепті, ізетті, білімді, жан-жақты болуға тәрбиелеу. Жұмбақ жасыра білуге үйрету.

ІІ. Топқа бөлу.

«Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсің. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал-мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан: еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер-білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы, т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақалдар жасап отырған. Мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдері өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты келеді. Ақын-жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңе тоқып жүрсеңдер, сендердің де тілдерің байып, сөйлеген сөздерің сұлу, әсерлі шығады.

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол – адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар, мал, жан-жануарлар, адам, оның дене мүшелері, еңбек құралдары, т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім-өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Мақсаты: Оқушыларды рухани, зерделік жағынан тәрбиелеу, мақал -мәтелдің айырмашылығы мен ұйқастығын ажырату, әртүрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Бүгінгі біздің өткізіп отырған «Мақал-мәтелдер,жұмбақтар» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымыз 
5 бөлімнен тұрады. 
І –Бөлім: «Кім жылдам?» 
ІІ – бөлім: «Әрі қарай...» 
ІІІ – бөлім: «Жасырдым жұмбақ» 
ІҮ – бөлім: «Ой - толғау» 
V - бөлім: «Кім көп біледі?» деп аталатын,5 бөлімнен тұрады. Олай болса, сайыскерлерімізбен таныс болайық. 
І – топ:4-сынып: «Тұлпар» тобы - деп аталады. 
ІІ – топ:3- сынып: «Сұңқар» тобы – деп аталады. 
Ал, енді таныс болсақ, сабағымызды бастайық. 
Бірінші бөліміміз «Кім жылдам?», - деп аталады.Яғни 
мақал-мәтелдің жартысы оқылады , жалғасын сендер табуларың керек. Әр дұрыс жауабын тапқан топтарға 10 ұпайдан қосылады.. 

1- топ «Тұлпар» тобы 
1. Қойшының таяғынан, 
( Келіннің аяғынан). 
2. Бассыз берген мал мазақ, 
(Бақсыз берген тіл мазақ). 
3. Жеті рет піш, 
(Бір рет кес.) 
4. Жақсының аты өлмейді, 
(Жазушының хаты өлмейді). 
5. Аңдамай сөйлеген, 
(Ауырмай өледі). 
2- топ «Сұңқар» 
1.Атаңа – не қылсаң, 
(Алдыңа сол келеді). 

2.Әдепті бала арлы бала, 
(Әдепсіз бала сорлы бала). 
3.Көп сөз көмір, 
(Аз сөз алтын.) 
4. Жақсының өзі өлгенмен, 
(Сөзі өлмейді). 
5. Сөз сүйектен өтеді, 
(Таяқ еттен өтеді). 
Келесі сайысымыз «Әрі қарай ...» деп аталады. Мен бір мақал айтамын соның ішіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақалды толықтырасыздар. 

1- топ «Тұлпар» тобы 
1.Оқусыз білім жоқ, 
... күнің жоқ. 
(білімсіз) 

2.... ұяда не көрсе, 
Ұшқанда соны алады. 
(Балапан) 

3.Су ішкен ... түкірме. 
(құдығыңа) 

4. ... оттанда ыстық. 
(Отан) 

5. Еңбек түбі береке, 
Көптің түбі .... 
(мереке) 
2- топ «Сұңқар» тобы 

1.Әзілің жарасса, ... ойна 
(атаңмен) 

2. ... алды қызыл тіл. 
(Өнер) 

3. Тіл тас жарады, 
Тас жармаса, ... жарады. 
(Бас) 

4. Ердің атын ... шығарар. 
(еңбек) 

5. Есің барда ... тап. 
(елің) 

Ендігі сайысымыз «Жасырдым жұмбақ» деп аталады. 
Мен бір жұмбақ жасырамын. Сіздер сол жұмбақты шешіп, сол шешкен жауабыңызда шыққан сөзді қатыстырып мақал-мәтел құрайсыздар. 

1- топ «Тұлпар» тобы 

1. Табақ толы алмас 
Таңда түк те қалмас. 
(Ай, жұлдыз) 

2.Ақ дейді, пәк дейді 
Аяқтың астына, 
Ешқашан төкпейді. 
(Сүт) 

3.Өзі ала, өзі сұр, 
Тілінің ұшында уы бар. 
(жылан) 

4. Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың, 
Бұл үйден көреген болып шығасың. 
(Мектеп) 
5. Ақ далаға қара дәнді 
Қолыммен себемін. 
(Дәптер) 

2- топ «Тұлпар» тобы 
1.Қара киім киіп алып, 
Балшықтан үй соғады. 
(Қарлығаш) 

2.Жарға шығып ойнайды 
Ойынға бір тоймайды. 


Болса-дағы сақалы, 
Секеңдеуді қоймайды. 
(Ешкі) 

3. Бұрап қойған сағаттай, 
Айқайлайды таң атпай. 
(Әтеш) 
4. Қабат – қабат қалып, 
Іші толған әріп. 
Үйретеді көп деп, 
Құрметтейді халық. 
(Кітап) 
5. Бұлаңдаған құйрығы – 
Бір алдарлық қулығы. 
(Түлкі) 

Ендігі сайысымыз: «Ой толғау» деп аталады. 
Ережесі: Экрандағы ұяшықты таңдаймыз. Ашылған тапсырмаға мақал – мәтел құраймыз. Шеше алмаған топқа, көрермендерден демеуші болуға болады. 
1 –топ: «Тұлпар » тобы бастайды. 
Төрт түлік мал туралы: (1. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды 
2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. 
3. Семіздікті қара қой көтерер). 
Табиғат туралы: (1. Қыстың қамын жаз ойла 
Жаздың қамын қыс ойла 
2. Шағала келмей жаз болмас 
3. Сұмырай келсе су құрыр). 
Үй-іші отбасы туралы: (1Ата – бәйтерек, 
Бала - жапырақ). 
2. Қазанға тиме қарасы жұғар, 
Балаға тиме бәлесі жұғар). 
3. (Мал баланың шашуы). 
Тамақ туралы: (1. Ас иесімен тәтті. 
2. Ет етке, сорпа бетке. 
3. Ет дегенде бет барма). 
Тіл туралы: (1. Тіліңмен жүгірме, 
Біліммен жүгір. 
2. Іріген ауыздан, шіріген сөз шығады. 
3. Шебердің қолы ортақ, 
Шешеннің тілі ортақ). 
Ынтымақ – бірлік туралы: (1. Бірлік болмай, 
тірлік болмас. 
2. Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 
3. Досыңды сатпа). 
Еркін тақырыпта: (1. Үрлесем-ақ бопты... 
Дайын етем допты. 
2. Олай тартсаң өгіз өледі, 
Бұлай тартсаң арба сынады. 
3. Басы қатты болса, 
Аяғы тәтті болады). 
Еңбек туралы:: 1. (Еріншек екі істер 
2. Еріншектің ертеңі таусылмас. 
3. Еңбек етсең ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей). 
Өнер – білім туралы: (1. Өнер алды – қызыл тіл. 
2. Ақыл азбайды, 
Білім тозбайды). 
3. Білекті бірді жығар, 
Білімді мыңды жығар). 

Жақсы оқушылар! ендігі сайысымыз «Кім көп біледі?» деп аталады. Бұл сайысымызда әр топтың оқушылары мақал - мәтелді кезек - кезек айтып жарысады. 1 мақалға 10 ұпайдан қосылып отырады. 

1 – «Еңбек» туралы 
2 – «Отан» туралы 
3 – «Оқу – білім» туралы 
Келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. 
Осымен, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар! 














Ақмола облысы

Астрахан ауданы

«Колутон орта мектебі» КММ




Сабақтың тақырыбы:

Мақал-мәтелдер

сайысы

( сыныптан тыс іс-шара)


Орындаған: Зиябай Бахатбек

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Сыныбы: 6 «А», 6 «Б», 8 «А»




26 ақпан 2018 жыл




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі