Материалдар / Мақал сөз мәйегі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақал сөз мәйегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2020
196
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Әдебиеттік оқу
2-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың
(2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру
мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................................................................... 4
«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..................................... 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 16
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 16
«Менің туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ....................................................... 18
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 21
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 27
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................. 27
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................ 29
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 32
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 38
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ............................................ 38
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ........................................................... 40
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы .................................................... 43

3

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша
немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/
сахналау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана
отырып жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады
• Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты
Тапсырма

20 минут

1. Мәтінді мұқият тыңда.
Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп екен.
Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда состиып
қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол қарияның шелегін сұрап алды. Атын
суғарып берді. Бағила әжейдің шелегін суға толтырып, үйіне дейін апарып берді.
Қариялар Досжанға алғыс айтып, батасын берді.
Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұнда.
Жоспар:
1. Құдық басында
2. Досжанның көмегі
2. Берілген сөз тіркестерінің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтап, кестеге жаз.
Сөз тіркестері: состиып тұр, алара қарады, ентігіп қалыпты.
Досжан
Қалтай қария
Балалар
3. Досжан қандай бала деп ойлайсың? Неліктен?

4

Бағалау
критерийі
Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша
айтады

Өз ойын жеткізу
үшін тірек сөздерді
қолданады
Барлығы

Тапсырма

1

2
3

Дескриптор
Білім алушы
оқиға желісін сақтай отырып, мәтінді
жоспарға сай жүйелі мазмұндайды;
лексикалық
нормаларды
(сөздерді
қайталамау, диалект сөздерді қолданбау,
сөздерді мағынасына қарай қолдану)
сақтайды;
грамматикалық нормаларды (жалғаулар,
сөйлемнің құрылымы ) сақтайды;
кейіпкерлерге қатысты сөз тіркестерін
анықтайды (кем дегенде екеуін);
кейіпкерге қатысты дәлелді пікір айтады.

Балл
1
1

1
1
1
5

Өз ойын жеткізу
үшін тірек сөздерді
қолданады

Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша
айтады

Бағалау
критерийі

2, 3

1

Тапсырма


Мәтіннің кейіпкерлеріне
қатысты сөз тіркестерін
анықтауда және кейіпкерге
қатысты пікір айтуда
қиналады

Мәтінді жоспар бойынша
мазмұндауда қиналады

Төмен

Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты
сөз тіркестерін анықтауда
қателеседі/ кейіпкерге қатысты
пікір айтуда қиналады

Мәтінді жоспар бойынша
мазмұндауда/ лексикалық
/грамматикалық нормаларды
сақтап сөйлеуде қателіктер
жібереді

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Білім алушының аты-жөні _________________________________________________

Жоғары

Мәтіннің кейіпкерлеріне
қатысты сөз тіркестерін дұрыс
анықтайды және кейіпкерге
қатысты дәлелді пікір айтады

Мәтінді берілген жоспар
бойынша дұрыс мазмұндайды.

«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойын анықтау
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге
бөліп, жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
• Кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады
• Мәтінге жоспар құрады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты

Қолдану
20 минут

Тапсырма
1. Мəтінді оқы.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі-бері тепті. Біраздан кейін
ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды.
Қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда
допты әрең тауып алды. Сыртқа шыға бергенде бұрышта тұрған шелекті қағып кетті.
Ішіндегі сүт төгіліп қалды.
Ораз не істерін білмей тұрып қалды.
- Қорықпа, сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Асқар.
- Жоқ. Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін, - деді Ораз.
1) Мəтінге ат қой _________________________________________
2) Мəтіндегі негізгі ойға сəйкес келетін мақалды анықта.
А) Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
В) Күлме досыңа, келер басыңа.
С) Ойыннан өрт шығады.
D) Қолмен істегенді мойныңмен көтер.
2. Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнамады? Неліктен? Сөйлемді толықтырып жаз.
Маған____________________________________________________,
себебі ________________________________________________________________ .
3. Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.
Мәтіннің бөліктері
Басы
Ортасы
Соңы

Сұрақтар
Оқиға неден басталды?
Ары қарай не болды?
Оқиға немен аяқталды?

Жоспар
1.
2.
3.

Бағалау критерийі
Мәтіннің тақырыбы
мен негізгі ойын
анықтайды
Кейіпкердің ісәрекетіне қатысты
ойын айтады
Мәтінге жоспар
құрады
Барлығы

Тапсырма

1

2

3

Дескриптор
Балл
Білім алушы
мәтінге тақырып қояды;
1
мәтіннің негізгі ойына сәйкес мақалды
1
анықтайды;
кейіпкердің
іс-әрекетіне
қатысты
1
көзқарасын білдіреді;
өз ойына дәлел келтіреді;
1
мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін
1
анықтайды;
мәтінге жоспар құрады.
1
6

8

3

2

Кейіпкердің ісәрекетіне қатысты
ойын айтады

Мәтінге жоспар
құрады

1

Тапсырма


Мәтіннің тақырыбы
мен негізгі ойын
анықтайды

Бағалау критерийі

Мәтінге жоспар құруда
қиналады

Кейіпкердің іс-әрекетін
бағалауда және ойын
дәлелдеуде қиналады

Мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойын анықтауда
қиналады

Төмен

Білім алушының аты-жөні _________________________________

Кейіпкерлердің іс-әрекеті
туралы дәлелді пікір айтады

Мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойын дұрыс
анықтайды

Жоғары

Мәтінді құрылымдық бөліктерге Мәтін бойынша жоспар
бөлуде/мәтінге жоспар құруда
құрады
қателеседі

Кейіпкердің іс-әрекетіне
қатысты пікір айтуда / ойын
дәлелдеуде қателіктер жібереді

Мәтіннің тақырыбын / негізгі
ойын анықтауда қателеседі

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
2.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 3тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым
дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Өзім туралы

Тыңдалым және
айтылым

Оқу мақсаты

2.3.2.1 Мұғалім көмегімен
үлгі бойынша шағын
ертегілер/ жұмбақтар жазу
немесе дайын ұйқастарды
қатыстырып
шумақтар/санамақтар
құрастыру

Жазылым

3

Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты
қажет
ететін
тапсырманы орындайды

2.2.1.2 Шығарманы іштей
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
оқып, ондағы қажетті
жауапты қажет ететін
ақпараттарды белгілеп оқу.
тапсырманы орындайды
2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен
мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойын анықтау

Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар және ашық түрдегі
толық жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды

Тапсырманың сипаттамасы

Оқылым

2.1.2.1 Шығарманың
мазмұнын дайын жоспар
бойынша немесе өз сөзімен
Менің
отбасым мазмұндау/ үзіндісін
мазмұндау/сахналау
және достарым

Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің
түрлері

2

1



1

1

1

Тапсырма
саны

5

5

5

11

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Қатқан нан
Арманның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп
келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа
ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.
Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды. Он жыл ішінде ол алғаш рет жұмысына барған
жоқ. Оның төсегінің жанында шешесі отыр.
- Арман, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... – деді анасы жай ғана.
Түсте балалар асханаға келді. Үстел үстінде кешеден қалған нан тіліктері қойылған.
- Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.
- Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Арман.
Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп
отыр.
1) Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта:
А) Арманның шешесі қандай адам?
В) Жаңа піскен нанды асханаға кім әкеледі?
С) Арманның әкесі неліктен ауырып қалды?
D) Арманның әкесі кім болып жұмыс істейді?
2) Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:
А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.
В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.
С) Бүгін Арманның әкесі ауырып қалды.
D) Арманның әкесі жұмыстан көп қалады.
3) Жұптық жұмыс. Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің
мазмұнын айтып бер.
Жоспар:
1) Арманның әкесі
2) Қатқан нан тіліктері
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма

1

Жауап

Балл

D)

1

С)

1

Қосымша ақпарат

12

Білім алушының ықтимал жауабы:
Арманның әкесі - наубайшы. Оның
пісірген ыстық нанын
мектептің
асханасына да әкеледі. Бүгін ол кісі
ауырып қалды. Мектептің асханасына
ыстық нан
әкелінбеді. Түсте
оқушылар асханаға келді. Олар
үстелдегі қатып қалған нан тіліктерін
көрді. Оның себебін сұрады.
- Менің
әкем ауырып қалды,
сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, –
деді Арман.
Балалар қатқан нанды жерге түсіріп
алмауға тырысып жеді.
Барлығы

1

Оқиғаның желісін сақтай
отырып, мәтінді жоспарға
сай жүйелі мазмұндайды.

1

Лексикалық нормаларды
(сөздерді қайталамау,
диалект сөздерді қолданбау,
сөздерді мағынасына қарай
қолдану) сақтайды.

1

Грамматикалық нормаларды
(жалғаулар, сөйлемнің
құрылымы) сақтайды.

5

Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерік пен Серік – ағайынды балалар. Олар ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі
тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдап,
қызықтайды.
Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына
салып, үйіне әкелді. Әкесі оған:
- Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы
құс. Олар дән жемейді. Егінге түскен зиянды құрт-құмырсқаларды жейді, - деді.
Балалар өз қателігін түсінді. Ертеңіне жұмыртқаны орнына апарып қойды.
1) Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
• Балалар қайда тұрады?
• Тоғайда нелер көп?
• Бозторғай қандай құс?
2) Мәтінге ат қой ____________________________________
3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? _____________________
_____________________________________________________________________
[5]

13

Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

2
3

Тоғайда/ Бозторғайдың жұмыртқасы/
Балалардың кателігі/ Құстардың
пайдасы.

1

Табиғатты қорғау керек./ Құстардың
ұясына, жұмыртқасына тимеу керек.

1

Барлығы

Қосымша ақпарат
Білім алушының
сөйлемнің астын
сызғаны, дәптерге
көшіріп жазғаны да
қабылданады.
Мәтіннің мазмұнына
қатысты берілген
барлық дұрыс
жауаптар
қабылданады.

5

Жазылым
3. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Тірек сөздер:
шығамыз

біргеміз

аулаймыз

жүреміз

күлеміз

Достар бірге жүреміз,

Орман, көлге, шыңға біз,

Бірге ойнаймыз, ______________________.

Саяхатқа _____________________ .

Бірге балық __________________________,

Тату-тәтті ____________________ ,

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда __________ !
[5]

Балл қою кестесі
Тапсырма №
3

Барлығы

Жауап

Балл

Бірге ойнаймыз, (күлеміз)

1

Бірге балық (аулаймыз)

1

Саяхатқа (шығамыз)

1

Тату-тәтті (жүреміз)

1

Әрқашанда (біргеміз)

1

Қосымша ақпарат

5
14

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

15

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты

Тыңдалым және айтылым
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана
отырып жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісі бойынша оқиғаның
соңын болжайды
• Өз ойын түсіндіру үшін тірек сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Жалғастырып айт.
Кітапханада
Біздің мектептің екінші қабатында кітапхана бар. Кітапханада әр түрлі кітаптар көп.
Біз сыныбымызбен кітапханаға келдік. Бізді кітапханашы Айжан апай қарсы алды...
2. Сұрақтарға сүйене отырып, өз мектебіңдегі кітапхана туралы әңгімелеп бер.
Сипаттау сөздерін қолдан.
• Сенің мектебіңде кітапхана бар ма?
• Ол қандай?
• Ол жерге не үшін барасың?
• Қандай кітаптар оқығанды жақсы көресің?
Бағалау критерийі
Мәтіннің тақырыбы мен
үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын
болжайды
Өз ойын түсіндіру үшін
тірек сөздерді
қолданады

Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор
Білім алушы
оқиғаның соңын болжап айтады;
оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;
тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
сұрақтардың негізінде тақырыпқа
қатысты ойын айтады;
сөйлеу барысында сипаттау сөздерін
қолданады;
лексикалық және грамматикалық
нормаларды сақтап сөйлейді.

Балл
1
1
1
1
1
1
6

16

Өз ойын түсіндіру үшін
тірек сөздерді қолданады

Мәтіннің тақырыбы мен
үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын
болжайды

Бағалау
критерийі

2

1

Тапсырма


Сұрақтардың негізінде
тақырыпқа қатысты ой
қорытып айтуда қиналады

Тақырыпқа қатысты сипаттау
сөздерін қолдануда/лексикалық/
грамматикалық нормаларды
сақтап сөйлеуде қателіктер
жібереді

Берілген үзіндіге сүйеніп, Үзіндіде берілген оқиғаның
оқиғаның соңын болжауда соңын болжап, жалғастырып
қиналады
айтуда қателеседі

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Білім алушының аты-жөні _________________________________________________

17

Лексикалық және
грамматикалық нормаларды
сақтай отырып, берілген
тақырыпқа қатысты ойын
айтады

Берілген үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын болжай
отырып, жалғастырып
айтады

Жоғары

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика

«Менің туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау
сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба
білу
2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық,
пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және
түзету

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы
• Мәтін бойынша қарапайым және нақтылау сұрақтарын
қояды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтінде жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді
Қолдану
20 минут

Тапсырма
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Алматының әсемдігіне сөз жетпейді. Қала Алатаудың баурайында орналасқан.
Қаланың орталығында Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Көшелері оқтай түзу.
Зәулім үйлер, театрлар мен жоғарғы оқу орындары көп. Алматы – ғылым мен мәдениеттің
орталығы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын «Медеу» мұз айдыны да Алматыда.
Алматыда дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы өседі.
1) Жауабын мәтіннен тап және астын сыз.



Алматы қаласы қайда орналасқан?
Қалада қандай өзендер бар?

2) Сұрақтың жауабын белгілеп көрсет:

Иә (),

Жоқ (×)

Дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы Алматыда өсе ме?

3) Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей сұрақ құрастырып жаз.
__________________________________________________________________

18

2.

Мәтінде жіберілген қателерді тап. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.

Мен қазір астанада тұрамын.
Өзім
алыстағы
бал-ықшы
ауылында туып өстім. Мен туған
жерімді сағынып жүрмін.

Бағалау критерийі
Мәтін бойынша қарапайым
және нақтылау сұрақтарын
қояды.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап береді.

Мәтінде жіберілген
қателерді анықтайды және
түзетеді
Барлығы

Тапсырма
Дескриптор
Білім алушы

1
мәтіннен
бірінші
сұрақтың
жауабын тауып, көрсетеді;
мәтіннен
екінші
сұрақтың
жауабын тауып, көрсетеді;
нақтылау сұрағының жауабын
анықтайды;
мәтін бойынша нақтылау сұрағын
құрастырады;
2
мәтінде жіберілген бірінші қатені
тауып, түзетеді (бас әріппен
жазылатын сөздер);
мәтінде жіберілген екінші қатені
тауып, түзетеді (тасымал).

Балл
1
1
1
1
1

1
6

19

Мәтінде жіберілген
қателерді анықтайды және
түзетеді

Мәтін бойынша қарапайым
және нақтылау сұрақтарын
қояды.
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап береді

Бағалау критерийі

2

1

Тапсырма


Мәтінде жіберілген
орфографиялық қателерді
анықтауда және түзетіп жазуда
қиналады

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда және жауап беруде
қиналады

Төмен

Білім алушының аты-жөні: _________________________________

Мәтіндегі жіберілген
бірінші/екінші қатені анықтап,
түзетуде қателеседі

Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қоюда / сұрақтарға
жауап беруде қателіктер
жібереді

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орта

Жоғары

Мәтінде жіберілген
орфографиялық қателерді
тауып, түзетіп жазады

20

Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарды дұрыс
қояды және жауап береді

«Менің туған өлкем » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясында), Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 15
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.
Алғашқы екі тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым
дағдысын, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

21

2

1



Оқу мақсаты

2.2.4.1 Мақал-мәтел, жұмбақ,
ертегі, тұрмыс-салт жырлары,
әңгіме, өлеңнің жанрлық
ерекшеліктерін анықтау.
2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып,
ондағы қажетті ақпараттарды
белгілеп оқу.
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы
келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі
бойынша шағын ертегілер/
жұмбақтар жазу немесе дайын
ұйқастарды қатыстырып
шумақтар мен санамақтар
құрастыру

Жазылым

Менің мектебім 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы
мен үзіндісіне (бастапқы
Менің
туған бөліміне) сүйеніп оқиғаның
өлкем
соңын болжау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек
сөздерді пайдалана отырып
жеткізу

Ортақ
тақырып

Оқылым

Тыңдалым және
айтылым

Сөйлеу
әрекетінің
түрлері

Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды

Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар және ашық түрдегі
қысқа жауаптарды қажет ететін
тапсырмаларды орындайды

Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін
тапсырманы орындайды

Тапсырманың
сипаттамасы

1

1

2

Тапсырма
саны

5

5

5

22

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Әңгімеле.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді. Қасынан өтіп бара жатқан бір
қария:
- Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді.
Қарияның сөзіне таң қалған Бейбіт:
- Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.
- Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп кете берді қария.
Бейбіт ештеңе түсінбей қалды. Ол ....
2. Сұрақтарға жауап бер.
• Анасы Бейбітке не айтады деп ойлайсың?
• Жерді қорлау дегенді қалай түсінесің?
• Адамдар жерді неліктен анаға теңейді?
• Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат
Сұрақтың мазмұнына
сәйкес болатын басқа да
жауаптар қабылданады.
Мазмұнын сақтай
отырып, мәтіннің соңын
болжап айтады – 1 балл;
Тақырыпқа сәйкес мәтін
құрастырады – 1 балл;
Сұрақтарға дұрыс жауап
береді – 1 балл;
Сөйлеу барысында
грамматикалық
нормаларды сақтайды –
1 балл;
Сөйлеу барысында
лексикалық нормаларды
сақтайды – 1 балл
қойылады.

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Бейбіт үйіне жүгіріп келді. Ол
анасынан сұрады. Анасы қарияның
сөзін түсіндіріп берді. Бейбіт енді
жерді қазып ойнамайтын болды.

1

2

Білім алушының ықтимал жауабы:
Иә, қария дұрыс айтады. Жерді біздің
анамыз деуге болады. Жерді бостан
босқа қорлауға болмайды.

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Жерді бостан босқа қазу/ топырақты
шашу/ топырақты ластау

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Жер де ана сияқты адамдарға барын
береді. Адамдарға қамқорлық жасайды

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Топырақтың пайдасы көп. Оны бостан
босқа шашуға, ластауға болмайды.
Жерді қорламау керек.

1

Барлығы

5
23

Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ерлік жасаған екеу
Бақыт пен Қазбек есік алдында әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді.
Орындарынан тұрып, жан-жағына қарады. Қазбек көрші үйдің ескі қорасы өртене
бастағанын байқады. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Үлкендер Бақыт пен Қазбектің ісіне риза болды.
1) Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ()
ертегі

өлең

әңгіме

жұмбақ

2) Мәтінге қатысты 3 дұрыс ақпаратты анықтап, белгіле ().
Үлкендер балалардың ісіне риза болды.
Өрттің шығуына Бақыт пен Қазбек кінәлі.

Көрші үйдің ескі қорасы өртене бастады.
Өрттің шығуына кішкентай балалар кінәлі.
3) Мәтіннен кейіпкерлердің жасаған ерлігін сипаттайтын сөйлемді тауып, көшіріп
жаз. ________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма

3

Барлығы

Жауап

Балл

Әңгіме

1

Үлкендер балалардың ісіне риза болды.

1

Көрші үйдің қорасы өртене бастады.

1

Өрттің шығуына кішкентай балалар
кінәлі.

1

Екі бала өртті сөндіруге кірісті.

1

Қосымша ақпарат

5
24

Жазылым
4. Сызықшаның орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді толықтырып жаз.
Керекті сөздер:
пайда

ал

орамал

қойма

бар

Бөбектерім, оқы, ойна!
Оқу-білім саған __________________________________,
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп __________________________________.
Қолыңды жу, тырнағыңды ________________________,
Болсын таза бет __________________________________,
Мұнтаздай боп мектепке __________________________.

[5]
Балл қою кестесі
Тапсырма

4

Жауап

Балл

Оқу-білім саған (пайда)

1

Сияменен бояп (қойма)

1

Қолыңды жу, тырнағыңды (ал)

1

Болсын таза бет (орамал)

1

Мұнтаздай боп мектепке (бар)

1

Барлығы

Қосымша ақпарат

5

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

25

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

26

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап беру
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Берілген тақырып пен үзіндіге сүйеніп, оқиғаның
соңын болжайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20-минут

Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда.
Самат ұйқысынан кеш оянды. Таңертеңгі асын апыл-ғұпыл ішті де, мектепке жинала
бастады. Баласының бұл ісін көрген анасы:
- Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақтансаң қайтер еді? - деді.
- Тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар? – деп, Самат анасына таңдана
қарады.
Сұрақтарға жауап бер.
• Самат неліктен асықты?
• Анасы не деді?
• Самат анасына қандай сұрақ қойды?
• Қай кейіпкердің ойымен келісесің? Неліктен?
2. Анасы Саматқа қалай жауап береді деп ойлайсың? Оқиға қалай аяқталуы
мүмкін? Осы сұрақтарды басш
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!