400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақал сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды сынып балаларына арналған сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»

Мақсаты: 1. Балаларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мазмұны:

1. Ұйымдастыру. Сайысқа қатысушы балалар ортаға шығады. Әр топта бес баладан.

Өтілу барысы: Құрметті ұстаздар, балалар, қонақтар! Бүгінгі «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» сайысына хош келдіңіздер.

Педагог: - Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

- Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ дейміз. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады.бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық Алдымен сайыс ережесімен танысайық. (Педагог балаларға түрлі пішіндерді таңдауға ұсынады. Пішіндердің астыңғы жағы көк және қызыл түспен белгіленген )

Таңдаған пішіндерінің түсіне қарай бөлініңдер (балалар екі топқа бөлінеді). Балалар алдарыңда қоржын ілулі тұр. Әрбір дұрыс жауаптарыңа мен сіздің қоржынға асық саламын. Сайыс соңында қай қоржында асық көп болады, сол топ жеңімпаз атанады.

1 - бөлім: «Суретіне қарап мақалды тап» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.

2 - бөлім: «Жалғасын тап» (мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1 – топқа: 1.Бұлақ көрсең.... (көзін аш) 2. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі) 3. Отанды сүю......( отбасынан басталады)

2 – топқа: 1. Ел іші.... (алтын бесік) 2. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті) 3. Оқу инемен... (құдық қазғандай)

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.

1-топқа Үй ішін аралап Қаптарды жарып, Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады ( тышқан) Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз) Ұзын мойны, екі ішек, қатар-қатар тепкішек (домбыра). Орманда оның тұрағы Тоқ-тоқ етіп тұрады (тоқылдақ) Күнде оған қараймын, қара шашты тараймын (айна) Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады (күн) Үш көзді батыр жолды аңдып жатыр (бағдаршам)

2-топқа

Балалар суға салған жіп Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ) Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай (Әтеш) Қызыл, сары, жасылды, көкте бір зат асылды (кемпірқосақ) Далада жүр шапқылап Керемет бір саққұлақ (қоян) Өзі кірді ашады, суға салсам қашады(сабын) Қардай аппақ, балдай тәтті-ақ (қант) Керек санды тересің, елге сәлем бересің (телефон)

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі

4-бөлім «Кім жылдам ?»

Педагог: - Балалар, мына шарлардың ішінде сурет жасырынған. Шарды жарып, ішіндегі суретке байланысты жаңылтпашты айтасыңдар.

Шар ішіндегі жаңылтпаштар:

Ақ шар бар, Малға шөп керек, Бақа да бақта бар, Қайсы қайшы

Көк шар бар, Көк шөп керек, Бақбақта бақта бар. Жақсы қайшы?

Көп шар бар, Көп шөп керек.

Төрт шар бар.

Педагог: - Ал, енді бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Енді қоржындарыңдағы асықтарыңызды санайық.

Жеңген топты марапаттау.

Қорытынды: - Ата - салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.03.2025
161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі