Аблаким Қарақат Талғатқызы. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Коктал ауылы, Д.Қонаев атындағы орта мектеп, 11 сынып
Арман арқалаған ару: 22 елді аралаған жас журналист Риза Данияр
Бүгінгі қазақ жастарының арасында шекарасыз ойлап, еркін әрекет етіп, болашаққа батыл қадам басып жүрген дара тұлғалар аз емес. Солардың бірі — жас журналист, саяхатшы, әрі медиа саласының жаңа буынына жол көрсетіп жүрген Риза Данияр.
Риза медиа саласына кездейсоқ келген жоқ. Ол — бала күнінен экранға үйренген қыз. «Балапан» телеарнасында кішкентайынан жұмыс істеп, көпшілік алдында еркін сөйлеуді, жауапкершілікті, уақытпен санасуды ерте меңгерген. Сол арнада басталған бала қиял — бүгінде үлкен арманға ұласты.
Еуразия ұлттық университетінің 2-курсында жүргенде Риза алғаш рет шетелге студенттік бағдарлама арқылы оқуға аттанды. Ол жақта тек білім алып қоймай, өзін әлемдік деңгейде тануға ұмтылды. Жаз айларында Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-та жұмыс істеп, шетелдік мәдениет пен өмір салтына етене араласты. Өзінің айтуынша, бұл тәжірибелер — оның тұлға ретінде өсуіне үлкен әсер еткен.
Риза үшін саяхат — жай қызық қуып, суретке түсіп қайту емес. Ол әр елге барып, адамдардың өміріне, тұрмысына үңіліп, өзіндік түйін жасайды. Өзінің бір жазбасында былай дейді:
«“Не жеймін? Не киемін?” деп күнкөріс қамын ойлап жүрген адам экологияны емес, өмір сүруді ойлайды. Сондықтан “ол ел лас, адамдары нашар” деу — үстірт пікір. Олар жаман болғандықтан емес, өмірдің басқа ауыртпалықтарымен күресіп жүргендіктен сондай жағдайға тап болады.»
Осы сөздердің астарында — терең түсінік, жүрекпен көре білу бар. Риза саяхат арқылы адам баласының тағдырын, қоғамдағы теңсіздікті, өмірдегі әділет пен әділетсіздікті өз көзімен көрген.
Тағы бір сапарында ол Америка жағалауындағы отбасы көрінісін тамашалап тұрып, ішкі ойымен бөліскен:
«Бүкіл отбасы суға шомылып, бірге демалып жатқанда, көзіме жас келіп: “Қандай бақытты отбасы” деп ойладым. Сонда біреу: “Сен де басқаға сондай бақытты көрінесің” деді. Бұл сөз — өмірлік сабағым болып қалды.
Себебі біз ешқашан адамның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын біле алмаймыз.»
Бүгінде Риза тек саяхаттап қоймай, өзі сияқты журналист болғысы келетін жастарға бағыт-бағдар беруді мақсат еткен. Ол құрған JourNivers курсы — тек теория емес, нағыз тәжірибеге негізделген, заманауи медианың талабына жауап беретін платформа. Бұл жоба арқылы ондаған жас маман медиа саласына алғашқы қадамын жасап жатыр.
Қоғамда пікір айтып, ой бөлісу — кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ал сол пікірді жүрекпен айтып, өзгелердің де жан дүниесіне әсер ете білу — үлкен шеберлік. Риза Данияр — дәл сондай жастардың бірі. Арманын арқалап, әлемді танып, өз жолын салып келе жатқан бұл қыз — болашақ журналистиканың жарқын өкілі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала
Мақала
Аблаким Қарақат Талғатқызы. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Коктал ауылы, Д.Қонаев атындағы орта мектеп, 11 сынып
Арман арқалаған ару: 22 елді аралаған жас журналист Риза Данияр
Бүгінгі қазақ жастарының арасында шекарасыз ойлап, еркін әрекет етіп, болашаққа батыл қадам басып жүрген дара тұлғалар аз емес. Солардың бірі — жас журналист, саяхатшы, әрі медиа саласының жаңа буынына жол көрсетіп жүрген Риза Данияр.
Риза медиа саласына кездейсоқ келген жоқ. Ол — бала күнінен экранға үйренген қыз. «Балапан» телеарнасында кішкентайынан жұмыс істеп, көпшілік алдында еркін сөйлеуді, жауапкершілікті, уақытпен санасуды ерте меңгерген. Сол арнада басталған бала қиял — бүгінде үлкен арманға ұласты.
Еуразия ұлттық университетінің 2-курсында жүргенде Риза алғаш рет шетелге студенттік бағдарлама арқылы оқуға аттанды. Ол жақта тек білім алып қоймай, өзін әлемдік деңгейде тануға ұмтылды. Жаз айларында Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-та жұмыс істеп, шетелдік мәдениет пен өмір салтына етене араласты. Өзінің айтуынша, бұл тәжірибелер — оның тұлға ретінде өсуіне үлкен әсер еткен.
Риза үшін саяхат — жай қызық қуып, суретке түсіп қайту емес. Ол әр елге барып, адамдардың өміріне, тұрмысына үңіліп, өзіндік түйін жасайды. Өзінің бір жазбасында былай дейді:
«“Не жеймін? Не киемін?” деп күнкөріс қамын ойлап жүрген адам экологияны емес, өмір сүруді ойлайды. Сондықтан “ол ел лас, адамдары нашар” деу — үстірт пікір. Олар жаман болғандықтан емес, өмірдің басқа ауыртпалықтарымен күресіп жүргендіктен сондай жағдайға тап болады.»
Осы сөздердің астарында — терең түсінік, жүрекпен көре білу бар. Риза саяхат арқылы адам баласының тағдырын, қоғамдағы теңсіздікті, өмірдегі әділет пен әділетсіздікті өз көзімен көрген.
Тағы бір сапарында ол Америка жағалауындағы отбасы көрінісін тамашалап тұрып, ішкі ойымен бөліскен:
«Бүкіл отбасы суға шомылып, бірге демалып жатқанда, көзіме жас келіп: “Қандай бақытты отбасы” деп ойладым. Сонда біреу: “Сен де басқаға сондай бақытты көрінесің” деді. Бұл сөз — өмірлік сабағым болып қалды.
Себебі біз ешқашан адамның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын біле алмаймыз.»
Бүгінде Риза тек саяхаттап қоймай, өзі сияқты журналист болғысы келетін жастарға бағыт-бағдар беруді мақсат еткен. Ол құрған JourNivers курсы — тек теория емес, нағыз тәжірибеге негізделген, заманауи медианың талабына жауап беретін платформа. Бұл жоба арқылы ондаған жас маман медиа саласына алғашқы қадамын жасап жатыр.
Қоғамда пікір айтып, ой бөлісу — кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ал сол пікірді жүрекпен айтып, өзгелердің де жан дүниесіне әсер ете білу — үлкен шеберлік. Риза Данияр — дәл сондай жастардың бірі. Арманын арқалап, әлемді танып, өз жолын салып келе жатқан бұл қыз — болашақ журналистиканың жарқын өкілі.
шағым қалдыра аласыз













