мақала

Тақырып бойынша 31 материал табылды

мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттің үш негізгі жанрының ішіндегі ең көркем өнер түрі – поэзия. Бұл туралы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев "Поэзия, меніменен егіз бе едің?" деп жырлап, өз жанын өлеңмен егіз санаған. Өлеңді жиі оқисыз ба? Байқасаңыз, өлең оқыған сәтте жан дүниеңіз тазарып, ақынмен бірге алапат күй кешесіз. Кейде құдды бір ақын айтқан сөз, оқиға немесе сезім сіздің басыңызда болып жатқан секілді әрі-сәрі күй кешетініңізді еріксіз мойындарсыз. Ия! Өлең – ақындарға берген Тәңір аманаты! Қазақ ақынын сүйген, екі ауыз өлең құрай алған халық екендігін де жоққа шығара алмассыз. Ендеше, өлең жөніндегі белгілі сыншы Сағат Әшімбаевтың ойларына назар салайық! 

Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы.

***

Образдылық әлем поэзиясына тән қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады.

***

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

***

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

***

Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

***

Өлең оқу үшін де өре керек.

***

Өлеңнің жаны сұлулық. 













Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: одаэлегиябалладасонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылықтөрт түлікнаурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салтүйленумұң-шер өлеңдері), қара өлеңтарихи өлеңайтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишарамеңзеусалыстыружұмбақтауастарлаубейнелеутеңеуұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғатмахаббат және философия түрлерге жіктеледі.

Өлең құрылысы

Тармақ-поэзиядағы өлең ырғағының негізгі бөлшегі; буын саны тұрақты келетін өлең жолы. Бунақ- өлең жолының, яғни тармағының ырғақтық жағынан жеклеген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; көбейген сайын өлеңінің ырғағын күшейтіп ширата түсетін өлең тармағының бөлшегі. Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) 
Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямбхорей, т.б.
2) 
Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыснемісағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) 
Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) 
Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы французчехитальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.

Өлең өлшемі

Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Арабпарсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.



Шумақ

Өлең-жырларда, дастан -поэмаларда өлең тармақтарының белгілі ретпен топтасуы; кем дегенде ырғақтық өрнегі ұқсаса екі тармақтан тұратын өлеңнің бөлшегі ; өлеңді сөйлемдердің синтаксистік құрылысы жағынан тиянақты болып келетін өлең бөлшегі.

Өлең ұйқасы

Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг).

Мысалдар

  • ""Қара өлең ұйқасы"" - 4 тармақты шумақтағы 1,2,4-тармақтардың өзара ұйқасуы, 3-тармақитың бос қалуы.

Әйел, еркек, жалпы жас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!
Жаңбырлы жазғы жапырақтай,
Көркей, көгер, гүлің шаш.

  • ""Қаусырма ұйқас""-өлең шумағындағы алғашқы тармақ пен соңғы тамрмақтың және ортадағы тармақтардың ұйқасып келуі.

Ауылдың алды айдын көл,
Айдын көлде шағала,
Айдын көлді жағала,
Айнала қонған қалың ел.

  • ""Егіз ұйқас""

Сені ойлаумен барлық күнім, барлық түнім өтеді (а) (өтеді)

Өте қатты жақсы көрем шын сүйемін мен сені (а) (мен сені)

Сендей қызды ешқашан да өмірімде көрмедім (в) (көрмедім)

Бұл өмірде сендей сұлу бар екенің білмедім (в) (білмедім) (Сағындық Қуандық)

  • ""Шалыс ұйқас""

Шаң шығармас жол дағы, (а) ( жол дағы)

Сілкіне алмас жапырақ. (в) (жапырақ)

Тыншығарсың сен дағы, (а) (сен дағы)

Сабыр қылсаң азырақ. (в) (азырақ) (Абай)

  • ""Шұбыртпалы ұйқас"" - өлеңдегі барлық тармақтардың бір-бірімен өзара ұйқасып келуі.

Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай
Жасаулы жаудан бұрылмай
Жау жүрек жомарт құбылмай...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі