Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала арқылы көненің көзі болған айтыс өнерімізді дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кешегі мен бүгінгі айтыс

Екі ақын домбырасын қолға алып,халықтың алдында сөзбен сайысқа түссе – бұл қандай тылсым өнер ? Неліктен бір-ақ ауыз сөзбен дүйім жұрттың назарын аударып,ой салуға болды ? Бұл қазақтың бірегей өнері,айтыс.

Айтыс - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы,жыр жарысы. Бұл өнерде әдемі өлең айту жеткіліксіз. Айтыстың ерекшеліктері мен көркемдік стильдері бар,ол лирикалық,эпикалық,драмалық сипаттармен қанаттанған. Айтыс тек өнер сайысы ғана емес,ол халықтың мұң-мұқтажын,қоғамдағы мәселелерді ашық жеткізетін ұлттық рухани қазынасы.

Қазақ даласында айтыс ерте заманнан-ақ халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Бұған дәлел XlX ғасырдағы Біржан мен Сара айтысын айтуға болады. Бұл айтыста тек өнер жарысы емес,әйел теңдігі,әлеуметтік әділетсіздіктер мәселелері қозғалған. Демек,сол дәуірдің ащы шындығын көрсеткен,осы айтыс.



Сонымен қатар, айтыс – шешендік пен білімнің ұясы. Мұндай шеберлік терең білім менжылдам ойлауды талап етеді. Мысалы, Жамбыл Жабаев айтыстарында тарихты,салт-дәстүрді,елдің келешегін шебер түрде ұштастыра отырған. Бұл-айтыстың қарапайым құр сөз емес,тылсым өнер екеніне тағы бір дәлел.

Айтыс – ұлттың рухын сақтайтын күш.Кеңес дәуірінің езгісінің өзінде айтыс өз жалғасын тауып,қара халықтың рухын көтерді.Ал тәуелсіздік алғаннан бері айтыс жаңа серпін немесе жаңа тыныс алды.Бүгінгі таңда Ринат Зайытов,Сырым Әуезхан,Жандарбек Бұлғақов сияқты айтыскерлер қоғамда ойып отырып орын алып,қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл қозғап жүр.Бұл айтыстың әлі де халық үшін жеткізетін мінбар екенін көрсетеді.

Айтыс – ғасырлар сүзгісінен өткен,халықтың жүрегінен орын алған қасиетті өнер.Ол - шындықтың сөзі, рухтың үні,ұлттың айнасы.Кешегі Шортанбай Қанайұлы мен Сара Тастанбек қызы сынды дүлдүлдер жырлаған айтыс бүгінде өз мінін жоғалтқан жоқ.Қайта заманмен бірге жаңарып,жаңа леп алды.

Айтыс бар жерде – халықтың рухы бар, халықтың рухы бар жерде – сөздің қуатты бар.Ал рухы биік халық ешқашан жоғалмайды.Сондықтан айтыс – өткенің естелігі емес,болашақтың аманаты.

Осы ойды түйіндей келе,менің жүрегімнен туған жыр жолдары:

Қазақты жүрген танытып,

Бойына кие дарытып.

Ұлтымның ұлы өнерін,

Айтайық біз дамытып.

Мектепті айт нақылдап,

Біліммен бірге тақылдап.

Домбыраңды қолға алып,

Жолға түс кәне шапқылап.

Өнерім өрде туласын,

Буынмен елді жауласын.

Айтысты көрдің қай елдн,

Тек қазаққа шырқалсын!

Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының «Мектеп-лицей» 11 сынып оқушысы Бақытжан Наурызбай

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі