Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балалары жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала –біздің - болашағымыз!

Бала әрбір үйдің береке қазынасы.! Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған. Ұлт-тәрбиесі –ұлт болашағы жас ұрпақ. Тәуелсіз еліміздің ертеңі білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, ата-анамен ынтымақтасып ат салысуымыз қажет.Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы жас ұрпақ. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеп,бала бақытының шынайы бағбаны болуға тәрбиешінің де атсалысқаны жөн.Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Отбасында ата-ананың махаббатына бөленіп,тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу ,оның мектепте жақсы оқуына ,болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді.Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін,іс-әрекетін ,демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажет жағдай керек. Тәрбиенің отбасынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу,тісіңіді тазала ,өтірік айтпа,біреудің затын рұқсатсыз алма т.б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен ,осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Жасыратыны жоқ.Қазіргі уақытта бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмейміз. «Әке де ,ана да жұмысты сұлтауратып кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Сондықтан ата-ана балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар жоқ емес. Баламен ас дайындап, не болмаса үй жинап жүріп те әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады. Сондықтан да балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.!





Шолпан Касимова «Ақжелкен» балабақшасының тәрбиешісі











Балабақша-тәрбиенің алтын бесігі.

«Бала көргенін істейді, естігенін айтады»-деп бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор.Кішкентай бүлдіршіндеріміз ата-анасының , достарының ,тәрбиешінің мінезін,жүріс-тұрысын ,тіпті сөйлеген сөзінен де ,істеген ісінен үлгі алуға тырысады.

Балабақша –баланың көп дүниені үйренетін,тәрбие алатын алғашқы алтын ұясы. Балаға беретін тәрбиенің қаншалықты мықты болуы, Балабақшада қызмет ететін ,тәрбиешілерге нақты айтатын болсақ, балабақша ұжымына байланысты.

Тәрбиеші –дана,суретші, әртіс, ақылшы,дос. Тәрбиеші -болашақ иесін ,ұлтын тәрбиелейтін -киелі мамандық иесі.Бала жанын түсініп,оны тәрбиелеу, бала бойына жақсы қасиетті, үлгі алар істерді сіңірту, ұғындыру, өмір сүруге икемдеу оңай іс емес. Біздің балабақшада әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан алты жасқа дейінгі балалар. Біздің балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ,спорттық эстафеталық жарыстар, мерекелік іс-шаралар көп ұйымдастырылады. Бүлдіршіндеріміз өте өнерлі. Әр мерекелік іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. Бүлдіршіндердің ішінде биші, әнші,суретші,мүсінші балаларды байқауға болады. Ұжым болып жұмыс жасай білу аса маңызды. Балаларды әрбір жасалынған істен кейін «Мақтап,мадақтау» -арқылы еңбекке деген құлшынысын арттырып, бір-біріне деген құрметтеу, көмектесу сезімі арта түседі. Топтағы ойыншықтарды бірге жинау, оларды сындырмай ойнау,үстелдерін түзу қойып реттеу, киімдерін бүктеу . Міне осылай баланы қайрымдылыққа, кішіпейілдікке шақырып,жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.







Шолпан Касимова «Ақжелкен» балабақшасының тәрбиешісі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11