Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы бала тілін дамытудың маңызды жолдары

Мектепке дейінгі жас - баланың ақыл-ой дамуы мен әлеуметтік дамуының қолайлы кезеңі. Қоршаған орта, адамдар өмірі, мінез-құлық нормаларымен таныстыруды ұйымдастыру әлеуметтік дағдыларының қалыптасуына қолайлы жағдай тудырады. Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой-өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықты тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады. Сондықтан да, балаға айналадағы өмір тіршілігін танытып, бағдарлай, қабылдай білуге үйрету арқылы баланың сөздік қорын молайтуға болады. Осы мәселелерді ескере отырып, баланың сөздік қорын байыту, іс – әрекеттерді білдіретін сөз тіркестерін айтуға жаттықтыру және тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, сөздерді байланыстырып айтуға, сөйлеуге үйретуді басты назарда ұстау керек.

Балабақшадағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдануы маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалармен сөздік жұмысын жүргізу – тіл дамытудың негізгі міндеті болып табылады. Балабақшада балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту маңызды. Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге, ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойын еркін жеткізу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға, ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету қарастырылады. Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері: – бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу. – сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру; – баланың сөздік қорын молайту; – байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру; – балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру болып табылады. Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т.б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету. Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізу керек. Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл- ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті болып өсуіне Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің ықпалы зор.Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп еркелікке, еңбекке құлшынып өседі. Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады. Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек. Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді. Сөздің дыбыстық жағын меңгерту бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау; артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі; сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету. Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ: 1. Сахна ойындары.Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату. 2. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады. 3. Дидактикалық жаттығулар жасау. Үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу. 4. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту. Топтағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беру. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рөлдерге бөліп ойнату. Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал мәтелдер арқылы да беріледі. Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту барысында педагогикалық ықпал жасау өте күрделі іс. Балаларды қоршаған өмірдегі сан алуан оқиғалар туралы өз ойын байланыстырып, бірізді, грамматикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білуге үйрету қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін мнемониканы да қолданған жөн. Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мнемотехникаларды қолдану өзектілігі арта түсуде. Балалармен жұмыс жүргізуде дидактикалық материал ретінде мнемокестелерді қолдану ерекше орын алады. Мнемотехника: Біріншіден, қабылдауды (көру, есту, түйсіну, сезіну, дәм сезу) жетілдіруге назар аудару қажет. Іс әрекетте аталған сезімдерді жаттықтыру үшін сан алуан құралдар қолданылуы тиіс. Екіншіден, балаларда кез келген ақпаратты еске сақтау дағдыларын қалыптастыру қажет. Үшіншіден, біздің міндетіміз – балаларды өздерінің зейінін не назарын басқара білуге, айтқанды тыңдауға және орындауға үйрету. Сондай-ақ, баланың интеллектуалдық дамуын ынталандыратын бірқатар жаттығуларды да қолдануға болады. Мнемотехникамен жұмыс жасауды қашан бастаған жөн? Мнемотехникамен ерте жастан бастап айналысуға болады, бірақ сабаққа тиімді түрде 4-5 жастан, яғни ересек топтан бастап енгізген жөн, өйткені осы жастағы балалардың негізгі сөздік қоры жинақталған. Мнемотехниканы қолдану іс-тәжірибесі Әдістеменің ерекшелігі– заттардың бейнесін емес, ал оларды есте сақтау үшін таңбаларды қолдану. Бұл балаларға сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама жеңілдетеді.

Балабақша – бала бойына білім нәрін себетін басты мектепке дейінгі ұйым болғандықтан баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үздіксіз білім беру әрбір балабақша және педагог алдындағы үлкен міндет болып табылады. Сол себептен қазіргі таңда педагогтар жан-жақты, идеясы мол, әрі заман талабына сай баланың жеке басын қалыптастырып, озық тәжірибелерімен баланың дамуына көп ықпал етуде. Балалардың сөйлеуін дамытуға жан-жақты көзқарас, ата-аналар мен педагогтердің және басқа арнайы білім беру мамандарының берік ынтымақтастығының негізгі ұстанымы болғанда, нәтиже бере алатынын осыдан байқаймыз. Сол себепті баланың тілінің толыққанды дамуына көп көңіл бөлуді қажет етеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12