400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі қоғамның алдында рухы күшті тұлға, халқы қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесі тұр.Осы тұрғыда тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесіне ,бәсекеге қабілетті зияткер тұлға қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше. Бүгінгі егемен еліміздің елдігі мен бірлігі ұстаз тәрбиелеген жас ұрпақтың рухының биіктігінде,біліктілігі мен білімінде екені әлемдегі жаһандану үдерісі көрсетіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында елбасының білім ошақтарына, алдына қойған негізгі идеясы экономиканы дамыту ,халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру,рухы жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру арқылы қоғамды дамытуды көздейді. Бүгінгі қоғамның алдында рухы күшті тұлға, халқы қуатты мемлекетті қалыптастыру мәселесі тұр.Осы тұрғыда тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесіне ,бәсекеге қабілетті зияткер тұлға қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше. Бүгінгі егемен еліміздің елдігі мен бірлігі ұстаз тәрбиелеген жас ұрпақтың рухының биіктігінде,біліктілігі мен білімінде екені әлемдегі жаһандану үдерісі көрсетіп отыр.

Ұстаз ретінде мені алдымдағы шәкіртке барғанымда көп сұрақ мазалайтын: тыныш қана дәстүрлі сабақ бере берем бе, әлде өзгеріс енгізуім қажет пе....Н.Назарбаев «Еліміздің ең басты капиталы-сапалы білім » деген сөзі мәселенің маңыздылығын көрсетеді.Осы жолда Республикамызда, білім беру жүйесінде,біліктілікті арттыру саласында тың бастамалар , реформалар жүргізіліп жатыр.Елбасымыздың ұстаздар қауымына деген қамқорлығы білім беруді дамыту бағдарламасында да анық көрсетілген,яғни мұғалім мәртебесі күннен –күнге көтеріліп келеді.Осы бағытта КР педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын деңгейлік бағдарлама бойынша мұғалімдердің оқыту курстарының маңызы ерекше екенін айтқым келеді.Мен өзім 25- наурыз бен 23 -маусым аралағында Алматы қаласында білім беру жүйесінің басшы және педагогикалық қызыметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың жанынан құрылған деңгейлік бағдарламалар орталығының ұйымдастырған екінші деңгейлік бағдарлама курсынан сертификатқа ие болдым.Әрине оқу бар да, оны іске асыру тағы бар. Ең бастысы менің мұғалімдік ұстанымым өзгерді, яғни қазіргі ұстанымым «Осы курстан оқып үйренгенімді әріптестеріме жеткізу ,басқа мектептердегі мұғалімдермен желілік қоғамдастық құру, жаңашыл тұлға қалыптастыру,білім жүйесіне жаңаша бағыт әкелу». Ең алғашқы қадамымды өзімнің 1-сыныбымнан бастадым.Оқушыларым кішкентай болса да зерттеуге қатысып,зерттеу нысаны болды. Сабағымда жаңаша топпен жұмыс жасадым.Балаларға осы жұмыс түрі ұнады,өзара қарым –қатынастары нығайды,оқушылар ойларын ашық жеткізе білді.АКТ құзыреттілігін меңгере бастады.Өздерін әділ бағалауды үйренді.Оқушыларымның бойынан осыған дейің байқалмаған жағымды қырларын көре алдым. Оқыту үдерісіне басқаша қөзқарасым қалыптасты. Жаңа тәсілдермен өткізген сабақтарымнан кейін оқушыларымның көзінен қуаныш сезімін көрдім. «Тәте, осындай сабағыңыз үшін сізге рахмет,ертең де осындай сабақ өткізіңізші,топпен жұмыс жасайықшы» -деген сөздерін есту мен үшін үлкен қуаныш,жетпес табыс болды.1-сыныпта оқушыларым зерттеуге қаттыса, екінші сыныпта Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында Республикалық институт ұйымдастырып отырған «Мен және менің сабағым» байқауына қатысып ,жүлделі бірінші орынды иелендік. Осы байқауға қатысуым маған сондай серпіліс,жаңа қанат бергендей болды.Деңгейлік курстан кейінгі ұйымдастырылып отырған осындай байқаулар,іс шаралар біздің біліктілігімізді одан әрі шыңдайды,тәжірибемізді жетілдіреді,өзара ынтымақтастық жағдайдағы қарым- қатынасымызды нығайтады,креативтілік ойлауымызды дамытып,оқыту үдерісін жақсартуға мол септігін тигізеді. Нәтижеге бағытталған озық педагогикалық технологияларды білім саласына енгізу арқылы жан-жақты дамыған,функционалды сауаттылығы артқан жеке тұлға қалыптастыруға болады.Бір сөзбен айтқанда курс мен үшін көп нәрсе берді. «Шәкіртке ұстаз болу – ірілік, Ұстазға ұстаз болу - ұлылық » деген даналық сөзді білім мен біліктілігі мол тренерлер қауымына арнаймын. Өз ойымды қорыта келгенде әріптестеріме айтарым жоғарыда айтылған курс ерекшелігі ол ұстазға жоғары оқу білімін қайталап бермей,жаңа үлгідегі сабақ беру үлгісін үйретеді,оқушыны өздігінен білім алуды үйренуге ,алған білімін өмірде қолдана білуге қалай жетелеуге болады дегенге үйретеді.

СКО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы

«Парасат» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Искакова Светлана Қажайқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі