Материалдар / Мақала- Адам құндылығы

Мақала- Адам құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала-адам құндылықтар.Адамның жақсы,жаман,адами құндылықтары жайлы айтылады.Жауапкершілік,оның адами қасиеті толығымен сипатталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады. Ар-намыс, қадір-қасиет, абырой және адамның беделі – адамзаттың өмірінде, қоғамында, салт-дәстүр ғұрпында, ой санасында арнайы басты адами қасиетті құндылықтары. Көне заманнан адамның бойындағы адалдық, әділдік, азаматтық, ауызбіршілік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттердің бағасы жоғары болған. Дегенмен, әр заманда әр уақытта да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның арасында текетірестің болып отыратыны адамгершілік қасиеттердің құндылығын жойып, құнсыздыққа айналдырып жіберетін іс-әрекеттер, жағдаяттар қоғамда болып жататындығынан хабарымыз бар.

Біздің қазақ халқы қанға сіңген табиғатында көпшілдік, дарқандылық, кеңдік сияқты қасиеттермен ерекшеленеді, балаға, жас буынға талбесіктен бастап адамгершілік, адалдық, әділдік, намысты болу, беделділік, әдептілік ұят деген қасиеттерді үйретіп, тәрбиелеген. Отбасындағы ұл мен қыздың бойындағы адами құндылықтар болып табылатын адалдық, ар-намыс, қадір-қасиет, ұят, жомарттық, әдептілік сияқты асыл қасиеттердің барлығы тәрбие түсінігімен байланысып жатқандығын байқаймыз.

«Біреудің ала жібін аттама», «Қызды қырық үйден тыю», «Малым – жанымның садақасы, жаным -арымның садақасы», «Өлімнен ұят күшті», «Қолыңмен істегенді -мойныңмен көтер»; Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер, баланың ұяты – әкеге, қыз – ұяты шешеге, ұрлық түбі – қорлық, т.с. көптеген ұлағатты сөздермен, даналық мақалдар мен тәрбиеленген ұрпақтың бойына сіңіріп отырған.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ