Мақала
тақырыбы: «Кинетикалық құмның маңызы»
Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп
шағын орталық тәрбиешісі :Кулахмедова
Ж.Н.
Балабақшада
тәрбиеші болып жұмыс істеу барысында
балалардың байланыстырып сөйлеуі
және сөздік қорларының кемшіліктері
басым болуда .Кинетикалық құмның
маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған
күйде сезініп, шығармашылық белсенділік
танытатын табиғи стимулдық орта
қалыптастырады және танымдық, психикалық
процестерді дамытады ол түйсік (форманы,
түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді,
қиялды, кеңістік түсінікті,
тактильді-кинестетикалық сезімділік
пен қолдардың ұсақ моторикасы дамиды.
Мен өз іс тәжрибемде өзіміздің тобымызда
балалардың сөздік қорлардың дамуына
және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына
назарымызды аударамыз. Балалардың
дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді
шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен
бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс
жүргізудің бір түрі құммен ойынға
тоқталып өткім келеді.
Кинетикалық
құм терапиясының мақсаты:
Балалардың құм терапиясында
қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік
– логикалық ойлауды, көрнекі
іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық
және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Құм
терапиясы арқылы баланың қандай
құзіреттіліктері дамиды:
Шығармашылық
Танымдық
Интеллектуалдық
қарым
–қатынас
Кинетикалық
құм
терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:
Әңгімелесу
Түрлі
– түсті құммен сурет салу
Танымдық
ойындар
Коммуникативтік
ойындар
Пікірталастар
Біз
топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар
құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы
маусымда балалар шаршамастан бірнеше
ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: Құм
балалардың
өзара
түсінушіліктерін табуға көмектеседі.
Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан
құмзарда ойнап отырған барлық балалар
бірге ойын жоспарлап оны жүзеге
асырады. Балалардың бір-бірімен
қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі
туады да, ол тілдік және комуникатвті
дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс
мезгілінде де біз құммен ойындарымызды
тоқтатпаймыз
.
Біз оны оқу әрекеттерінде, балалармен
бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда
және шығармашылық жұмыстарда қолданамыз.
Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен
бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы
бірге тұру.Баланың бүкіл өмірі – ойын.
Әрекет
үстіндегі құмды қолдану:Тіл
дамыту сабақтарында мен келесі
әдіс-тәсілдерді қолданамын:.Әңгімелесу
« бөлмедегі құммен ойнау ережелері»
бұл сабақта мен топттағы не істеуге
болады және не істеуге болмайтынын
талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға,
басқа жерге тасуға т.б.). Құммен ойын
—іште
туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық
потенциалдарын босатады.Құм терапиясы
3 жастан бастап әр жастағы балалармен
өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті
психоанализге әкеледі деп ойлайды,
бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін
әдісі екенін көрсетеді.. Мысалы осыған
көгілдір түсті құмзар жатады, онда бала
мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында
ойыншықтар қолданылады.
Сурет
сабақтарында келесі сабақ түрлерін
қолданамыз:
«Құммен
сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты
балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен
жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін
саламыз немесе көшірме қағаз арқылы
бейнелейміз.
«Суретті
құммен саламыз». Сабаққа түрлі түсті
гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі
бар құмдарды қолданамыз. Түрлі түсті
құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке
алып отырып суретті шығарамыз.Қорыта
айтқанда құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде
дамытуда маңызды рөл атқарады,. Құмзар
ойындарды, жаттығуларды пайдалану
балалардың эмоциясын, шығармашылығын,
зейіндерін, қабілеттерін дұрыс
көзқарастырын қалыптастыруға
маңызды рөл атқарады.
Сәуір айында тобымызда кинетикалық
құм бойынша ашық сабағымызды жоспарлап
отырмыз.