Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мақала " Рухани жаңғыру өзіңнен басталады"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны туралы жариялағаны баршамызға аян.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 1

Рухани жаңғыру өзіңнен басталады


«Рухани жаңғыру әр адамның өзінен басталмақ.

Өмір сүру үшін өзгере білу  керек.

Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.»

Н.Ә. Назарбаев 




  ҚР Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны туралы жариялағаны баршамызға аян.

Қазіргі уақытта латын әліпбиіне көшу қарқынды түрде жүзеге асуда. Сөздің тереңіне батпай жатып, дүрлігудің қажеті жоқ. Тағылымы мол тарихымызға көз жүгіртер болсақ, бабаларымыз сонау заманнан сол әліпбиді қолданған болатын. Елбасымыздың бар жеткізгісі келген ойы - түбіміз түркі болған соң, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға қадам жасау, ұлтымыздың санасын тор бұғаудан босатып, санамыздың қайта жаңғыруына жол ашу. Біз бұл арқылы бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ сыйлаймыз, тілімізге екінші дем береміз, арыла алмай келе жатқан жат әріптерден құтылып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттауға мүмкіндік аламыз. 

Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.Бүгінгі болашақ жастары жоғары белсенділік танытып отыр. Өйткені, рухани жаңғыруды әркім өзінен бастау қажет. Ал, рухани жаңғыру дегеніміз ол – адалдық, әділдік, ішкі жан тазалығы. Латынға көшу болашағымыздың жарқын болуына көмектесетініне сенеміз.

Олай болса, «Рухани жаңғыру өзімізден басталады» демекші, көп сөзді доғарып, еңсемізді тіктейік! Әрқайсысымыз өзімізге бір-бір міндет жүктейік! Ынтымағымызды ыдыратпай, бірлігімізді жоғалтпай, әрбір істі жұмыла бірігіп атқарсақ, ауыр жүгіміздің жеңілдері анық. Біздің міндетіміз жаңа ағымдардан және технологиялық үрдістен хабардар болу. 
Елімнің ертеңі жарқын болсын! Лайым, көгілдір туым мен қасиетті көк байрағым бейбіт көгімде желбірей берсін деген жүрекжарды тілегім бар!


Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Б.Момышулы атындағы №5 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Шарипбаева А.А.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12