Мақала. " Тәрбиеші - аса жауапты және құрметті мамандық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. " Тәрбиеші - аса жауапты және құрметті мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші мамандығы туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші – аса жауапты және құрметті міндет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың тұлғалық дамуының негізін қалайтын аса маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде баланың алғашқы дағдылары қалыптасып, өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы және танымдық қабілеттері дамиды. Осы маңызды міндеттерді орындауда тәрбиешінің рөлі айрықша. Мектепке дейінгі топ тәрбиешісі – тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге әр баланың тұлғалық әлеуетін ашуға көмектесетін жанашыр жетекші деп есептеймін.

Тәрбиеші ең алдымен, балалардың қауіпсіздігін сақтауға міндетті. Ол әрдайым топтағы балалардың денсаулығын бақылап, жарақат алу қаупінің алдын алуға жауап береді. Баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оны жүзеге асыру да – тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі. Оған ойын түріндегі сабақтарды өткізу, логикалық және шығармашылық тапсырмалар арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту кіреді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі алғаш рет қоғамдық ортаға енеді. Сондықтан тәрбиеші балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, бір-бірімен достық, ынтымақтастық негізінде әрекет етуге үйретеді, яғни, әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады.

Баланың дамуы мен тәрбиесінде отбасының рөлі зор. Тәрбиеші ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, баланың мінез-құлқы мен жетістіктері туралы ақпарат бөлісуі тиіс. Сондай-ақ, ата-аналарға қажетті кеңестер беріп, тәрбиелеу бойынша қолдау көрсету – тәрбиешінің жауапты міндеттерінің бірі.

Мектептегі тәрбиешілердің еңбегі – болашақ қоғамның негізін қалыптастырудың маңызды бір бөлігі. Баланың осы кезеңдегі алған тәрбиесі мен білімі оның бүкіл өміріне әсер етеді. Сондықтан тәрбиешінің кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен адалдығы – білім беру саласының сапасын арттырудың кепілі.

Қорытындылай келе, мектепке дейінгі тәрбиешінің жұмысы аса жауапты және құрметті міндет дер едім. Өз қызметімде бүлдіршіндерге тек білім берумен шектелмей, әр баланың жүрегіне жылу сыйлайтын, олардың өмірлік жолына бағыт беретін тұлға болсам деген мақсатпен жұмыс жасап келемін.

Рамазанова Нургул Отепбаевна

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жанкелдин ауданы білім бөлімінің «Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінің тәрбиешісі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі