400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Абай - ғажайып тұлға!"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай – ғажайып тұлға!»

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Абай – қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға. Ақынның шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Себебі, Абай туындыларының мазмұны құндылықтарға толы. Осыған орай, «Минск негізгі мектебі» КММ-де ақынның мерейтойы басшылыққа алынып, бір қатар іс-шаралар өткізілуде.

«Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» атты тәрбиелік іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз Ұлы ақынның өмірі туралы кеңінен мәлімет беріп, шығармашылығына жалпы шолу жасау. Аталған іс-шараға мектептің 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар, Абай шығармашылығының танымдық мәнімен бірге ана тілін өркендетуге зор еңбек қалдырғаны туралы мәліметтермен танысты.

3-4 сынып аралығында «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мектеп оқушылар белсене қатысып, «Қыс», «Күз», «Көктем», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге» т.б өлеңдерін мәнерлеп айтты. Оқушылар арасынан жеңімпаздар анықталды.

Мектеп кітапханасында «Абай шығармашылығының мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, аталған көрмеге оқушылар, мектеп мұғалімдері қатысты. Кітапханашы көптеген мағлұматтармен таныстырып, ақынның қара сөздері – нақыл сөз, ғибратты сөз деп әртүрлі аталғанымен, бұл ерекше жанр екендігі туралы айтты.

9 сынып оқушылары «Абай әлеміне саяхат» атты тәрбие сағатында ақынның қара сөздерін екі тілде айтып, кейбіреулері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін орындады. Жалпы өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Абайға қатысты көптеген сауалдарына жауап алып, білім қоржынын толықтырды.

Осы аталған іс-шаралармен тоқтап қалмай, әрі қарай ұлы тұлғаның мерейтойына арнап көптеген жұмыс ұйымдастыратынымызға сенімдіміз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі