400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Абай қайталанбас дара тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы үзінді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай қайталанбас дара тұлға

Әдебиеттің қызметі әлемге нұрын шашатын күн көзіндей деп айтсам артық айтпасам кем айтпаған болар едім.Белгілі ғұламамыз Ә.Кекілбаев айтқандай «Адамдардың өзін-өзі кемелдендіріп,өзгелерді кенелте алатын орасан мүмкіндіктерін іске қостырмай ,иықтарынан қорғасындай басып, армандарынан айнытып, жігерлерін құм қылып бағатын найсап нәмерттік пен намыссыздықтан айықтыра алатын жалғыз дауа ол-Әдебиет»-деген екен.Әдебиет дегенде алғаш еске түсетін бұл Абай атамыз болар.Міне осы әдебиетпен астасып жатқан Абай атамызға бүгінде 175 жыл толып отыр.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысының Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Әжесінің қолында өскенАбай бала кезден зерек,ақылды болып өскен. Абай қазақ әдебиетіндегі қайталанбас тұлға, ұлы ойшыл,философ,ақын.1904 жылы Семей облысында өмірден озған.Міне сол кезден бері ел есінен ешқашан кеткен емес.

Ұлы Абайдың шығармалық мұрасы –халқымыздың ғасырлар бойы жойылмайтын қазынасы.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасырдан асты,содан бері ақынның шығармалары елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай қиылыс тұсында да айнымас темірқазық ,адастырмас құбылнама болып келеді.

«Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың бойына ана сүтімен дариды десе, артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді»-деген екен Ж.Ысмағұлов.Десе дегендей қазірде Абайды танымайтын бала жоқ.Бала болса мейлі, қазірде Абайды танымайтын ел жоқ шығар.Абай жәй ғана ақын жазушы болып қалмады.Орыс жазушыларының өлеңдерін қазақ тіліне аударатын,мұндағы басты мақсат өзі емес еді, халқының көзін ашу болатын.

Ақын барды-бар жоқты-жоқ дейтін халықтық өлеңдер жазған.Ойы-қарапайым.Сезімі –тума,төл,адами.Тілі –жеңіл,халықтық.Абай елім,жұртым дейтін қазақ болған.Міне осындай қазақ ел есінен ешқашан өшпес. Абай қайталанбас дара тұлға.

№15 мектеп-лицей

Еділбай Қымбат Зиятханқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі