«
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан
»
Қазақ
халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп
адамға қарап, ұстазын таный білген. Мен
де, өз өмір жолымды ұстаздық жолымен
байланыстырдым. Мамандық таңдау бұл
болашағынды таңдау деген. Мен қалай
мұғалім болдым? Бұл мен үшін де құпия
болып қалады. Себебі, қалаған мамандығым
мүлде өзге болатын. Өмірде де сан алуан
қызықты мамандықтар бар. Әрқайсының ,
өз ерекшеліктері бар.
Менің
мамандығым – дефектолог. Осы мамандықты
бала күніменен армандадым деп айта
алмаймын.Дегенмен, аталмыш мамандықты
таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше
дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін.
Дефектология – педагогиканың көру,
есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының
дамуында табиғи кемістігі бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін
зерттейтін ғылымның арнаулы саласы.
Бұл салада мүмкіндігі шектеулі балалар,
яғни ерекше тәрбиелеу,оқытуды талап
ететін балалармен жұмыс. Олармен жұмыс
істеу өте қызықты, сонымен қатар аса
жауапкершілікті, шыдамдылықты талап
етеді. Сабырлылық пен төзімділік,
парасаттылық пен сыпайылық, сенімділік
пен тәуекелшілдік бұл нағыз педагогтың
ісі.
2020
жылы Ө.Сұлтанғазин атындағы «Қостанай
Мемлекеттік Педаггогикалық Университеті»
тәмамдап, Тобыл қаласының Н.Наушабаев
атындағы мектеп-гимназиясына
дефектолог-логопед маманы болып
тағайындалдым.
Ең
алғашында жаңа жұмыс орнына тез
қалыптасып, ұжыммен тілдесіп, сіңісіп
кету қиын болады деген ой көп болған
жоқ. Себебі, өзімнің білім алған мектебім,
ұстаздарым. Керісінше қуанышпен келдім
десем де болады. Бір ғана үрейде болдым
«дұрыс білім бере аламын ба?» деген..
Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани
бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол,
қоғам сұранысына сай «маман» болу жне
адал еңбек ету. Бүгінгі күні Елбасымыз
атып өткендей «бой емес, ой жарыстыратын
заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші,
жаңашыл болуы тиіс. Орыс ақыны В.Маяковский:
«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,
қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара
білуі керек» – деген екен.
Мұғалім
мамандығын таңдап, сол салада еңбек
етіп жүргеніме бірнеше ай ғана болды.
өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді,
әр сабақ сайын оқушыларыма жаңашыл
инновациялық технологиялардың көмегімен
қызықты да түсінікті оқу материалын
меңгертуге, жаңартылған білім беру
бағдарламасында оқытудың мақсаттары
мен жаңа әдіс-тәсілдерімді толықтырып,
алдағы жоспарымды жаңаша оқытуға күш
жігерімді салуға тырысудамын.
К.Д.Ушинский
«Мұғалім-ол өзінің білімін үздіксіз
көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды,
ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі
де тоқтайды»,-деген. Сол үшін де мен
мамандығымның қыр-сырын жетік меңгеріп,
игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат
еттім.
Оқуымды
тамамдағаныма көп болмағынына қарамастан,
мен ұжымдағы білікті, тәжірибелі ұлағатты
ұстаздарымның қолдауы мені алға жетелеп,
өзімнің шығармашылық қабілетім мен
ұстаздық жолымды қатар алып келемін.