400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала: Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы

Ақсу ауданы

«Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Орынбекова Жазира Орынбековна


Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер


Әдебиет - адамтану пәні, жан-жақты терең ойлантатын философиясы бар пән. Әдебиет – оқушының танымы мен логикасын дамытатын пән. Әдебиет – өнер пәні. Әдебиет пәні шәкірттердің санасын, зиятын дамытады. Эмоциялық интеллектісін басқаруына және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін – пән.

Олай болса әдебиетті оқытуға жеңіл-желпі қарамай, әрбір 45 минуттық сабаққа үлкен дайындықпен кірген жөн. Әдебиет сабағында оқушыларды сапалы біліммен қаруландыра отырып, әр оқушыны топпен ынтымақтастықта жұмыс жасауға және өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру тұлға ретінде дамыту – педагогтің міндеті болса, осы мақсатқа жету үшін оқытудың белсенді тәсілдерін оқыту үдерісінде қолдану қажет.

«Блум түймедеғы» әдісі. Оқушыларға сұрақ құрастырудың жолдарын үйрете отырып, проблемалық сұрақ құрастыру дағдысын қалыптастырады.

  1. Қарапайым сұрақ. Нақты жауапты талап етеді. Мысалы, Мұрат Мөңкеұлы не себепті «Зар заман» ақыны аталды?

  2. Анықтаушы сұрақ. Қойылған қарапайым сұрақты анықтап біліп алу үшін қойылатын сұрақ. Сенің ойыңша, яғни, Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық саясаттың салдарынан болған қоғамдағы қандай мәселені толғауына арқау етті?

  3. Тәжірибелік сұрақ. Ресейдің отаршылдық саясатына Мұрат Мөңкеұлынан басқа қоғамның белсенді мүшелері не істеді деп ойлайсың? Немесе Жыраудың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  4. Интерпретациялық сұрақ. Жаңа идеяларға итермелеу үшін қойылатын сұрақтар. М.Мөңкеұлы неге «Үш қиян» толғауында отаршылдық салдарынан қоғамдағы мәселені көтерді.

  5. Шығармашылық сұрақ. Нені өзгертсе не өзгерер еді? Отаршылдық саясатқа қарсы шықпаса не болар еді? Отаршылдықты қолдаса не болар еді? Отаршылдықты қазақ даласына енгізбесе қазір қандай жағдайда болар едік?

  6. Бағалаушы сұрақ. Ойдың эмоциясына бағытталған сұрақ. Қандай баға бересіз? Несімен ерекшеленеді? Зар заман ақындары Қазтуған жыраудың «Қонысымен қоштасуы» толғауы және Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауының ерекшелігі неде?

«Галереяға саяхат» әдісі. Оқушыларға ( топқа) бірдей мәтін оқуға беріледі. Әр топқа әртүрлі түсті А4 қағазы беріледі, оқыған мәтініндегі ақпараттарды олар жазып, өз тұстарындағы қабырғаға іледі. Топтар қолдарына жазылмаған өз түстерінің парағын ала жүріп, ақпараттарды қарап, жазылмай кеткен, айтылмаған идея болса соны жазып, топтарға қосып кетеді. Барлық топты қарап, бәріне барынша коментарий жазу керек. Сосын, әр топтан бір спикер шығып, жазылған коментарийлерге келісу келіспеуі туралы айтады. /Кейде төмендегідей түрде де қолдануға болады/

Сабаққа қатысты мәліметтер қабырғада ілініп тұрады. Оқушылар топпен не жұппен барып оқып, қорытынды жасайды. Орнына келген соң ойларын постерге не ой картасына түсіреді. Мысалы, үйге 1-топқа Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», 2-топқа Қазтуған жырау «Қонысымен қоштасуы» 3-топқа Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғаулары берілген. Қабырғада осы жарауларға қатысты қосымша дерек тұрады. Олар оқып, ойларын қорытындылап, жалпы алған мәліметтерін ой картасына түсіреді.

«Фишбоун» әдісі. Балықтың қаңқасына бас жағына тақырыбы мен идеясын, құйрығына – түйінді ой, жоғары қанаттарына – жырда келтірген қоғамдағы жағдайларды тізбектейді. Төменгі қанатына толғаудан мысалдар келтіреді. Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» толғауы көтерген тақырыбы – бірлікті сақтау, идеясы – балаларды бірлікке, татулыққа шақырады. Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет – деп өлең жолдарынан жоғары жақ қаңқасына мысал ала отырып, төменгі қаңқасына осыған ұқсас мақал-мәтел жазуға да болады.

«Ауызша эссе» әдісі. Берілген тақырып бойынша эссе құрылымын сақтай отырып ауызша айтқызуға дағдыландыру. Бұл әдіс оқушының тілін дамыту үшін өте тиімді. Алдымен мұғалім өзі үлгісін айтып көрсету қажет.

Сатылай кешенді талдау. Әдебиетте кез-келген шығарманы өткен соң сатылай кешенді талдау жүргізіп отыру алған білім бекіту және шығарманың оқушы есінде қалуына үлкен септігін тигізеді.

Авторы


Шығарманың атауы


Тақырыбы


Идеясы


Жанры


Шумақ


Тармақ


Бунақ


Буын саны


Ұйқас


Көркемдегіш құралдары


«Венн диаграммасы» шығарманы салыстыру, кейіпкерді салыстыру, оқиғаны салыстыру кезінде венн диаграмасы өте тиімді. Қазтуған жыраудың «Қонысымен қоштасуы» және Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиянды » венн диаграммасына салғызу арқылы екі шығарманы салыстыруға болады.

«Сюжеттік желісіне талдау» әдісі. Сюжетті шығармаларды өту кезінде міндетті түрде оқушыға сюжетін, оқиғалар желісін, композициясын меңгерту үшін төмендегі кестені қолдану тиімді.


Сюжеттік желісі


Іс-әрекеттері


Үзінді


Оқиғаның басталуы



Байланысы



Оқиғаның дамуы



Шиеленісуі



Шарықтау шегі



Шешімі



«Мінездеме жазу» әдісі. Әдебиет сабағы кейіпкерге мінездеме берусіз өтпейді. Шығарманың толық табиғатын тану, оның кейіпкеріне тоқталуды қажет етеді.

Кейіпкерлер

Кейіпкер бейнесі

Үзінді

Ол қандай адамдар?












Сонымен оқыту үрдісінде жаңа тақырыпты меңгерткенде және бекіту кезінде түрлі жаңа әдістерді тиімді қолдану керек. Сабақ кезеңдерінде тақырыпқа сәйкес суреттерді, бейнекөрсетілімдерді көрсету де маңызды. Мәтін кейіпкерлеріне сипаттама беруде оқушылар өз ойларын ортаға салуға асығатын болады. Бұл оқушының оқуға ынтасы артқандығының дәлелі деп ойлаймын. Тақырыпты талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады. Әрі өз пікірін дәлелдеуге дағдыланады.

Қорыта келе, әдебиет пәні бойынша оқушыдан күтілетін нәтиже де көп. Мектеп оқыға шығармасы кейін ересек болып жатқанда да есінде қалуы ұстаз еңбегінің далаға кетпегені. Іс-әрекетімізді нәтижеге бағыттап, оған жету үшін қазіргі білім саласында қызмет етіп жүрген ұстаздар сабақ өткізу әдістемесіне жаңа өзгерістер, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін енгізе отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруы тиіс. Ол үшін әр оқушыны өзін және өзгенің әрекетін бағалай алуға, өз пікірін дәлелдей алуға, қажеттілігін өзі шеше білуге үйрету керек деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
323
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі