400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "ағылшын мақал-мәтелдерінің зерттелуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ағылшын мақал-мәтелддерінің зерттелу тарихы баяндалады. Мақал-мәтелдердің өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық топтары көрсетілген. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар —Алан Дундэс, Арчер Тэйлер, Линда және Роджер Флавэлдер, Вольфганг Мидер және т.б. Аталған ғалымдардың зерттеулері мақалада теориялық тұрғыдан басшылықка алынды.Мақала көпшілік қауымға арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі.

Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет.

Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері:

  • халықтық,

  • библияның пайда болуына байланысты туындаған,

  • басқа тілден енген;

  • мақал-мәтелдер ретінде жазушылардың цитаталарының пайдаланылуы.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ағылшын тіліндегі мақалдардың шығу тегі мен көздері әртүрлі және ағылшын тілінің тарихи динамикасының ерекшеліктері, британдық мәдениеттің ұлттық ерекшелігі және әлемдегі басқа да мәдениеттермен байланыстың нәтижелерімен анықталады. Оның шығу тегі бойынша ағылшын тіліндегі мақалдар (басқа еуропалық тілдердегідей) дәстүрлі түрде төл және кірме деп бөлінеді (көбінесе латын және француз тілдерінен. 1-кесте).

Ағылшын мақалдарының шығу тілі

Пайыздық көрсеткіш

Британдық ағылшын

59 %

Латын

20 %

Француз

7 %

Көне грек

6 %

Американдық ағылшын

2,5 %

Итальян

1,5 %

Шотланд

1,5 %

Ирланд

0,5 %

Испан

0,5 %

Неміс

0,5 %

Белгісіз

0,5 %

Қытай

0,25 %

Парсы

0,25 %

1-кесте.





Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі — аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі — Т.Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын мақал-мәтелдерініңдерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Інжілден алынған мақалдар – бұлар шын мәнінде алып пайдаланудың бір түрі, өйткені, Інжіл хет тілінен ивритке, одан әрі басқа тілдерге аударылып, ондағы даналық сөздер ескі иудей қоғамының сана-түсінігін бейнелеп көрсетеді. Мысалы: «The spirit is willing, but the flesh is weak» паремияның дереккөзі есебінде Матфейдің Інжілі болса, келесі паремияның дереккөзі Сүлейменнің астарлы әңгімелері Кітабы: «A soft answer turneth away wrath» (қысқа жауап ашуды жиеркентеді) болып табылады. Одан да көп мақалдар өзінің бастауын Қасиетті Жазудан алады, бірақ кейбірі өзгерген түрінде: «Saw the wind and reap the whirl wind»(желді ексең, боранмен өнім аласың). (Дереккөзі – Пайғамбар Осиидің Кітабы). «Spare the rod and spoil the child» (баланы жазаламау – яғни оны бұзу). (Дереккөзі – Сүлейменнің астарлы әңгімелері кітабы). Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саnnоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы*: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right і ( (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сиstоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар. Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Америка Құрама Штаттарында да осы мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылды.Әсіресе,Бэнджами Франклиннің «Poor Richard’s Almanack» (1733,1758),Буртэн Стэвэнсонның «Book of Proverbs,Maxims and Familiar Phrases» (1949) еңбектерінің маңызы өте зор.

Үрилә Кеңесбаеваның 2004 жылы басылып шыққан «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері» атты кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып, балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500 - ден астам мақал – мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез – құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал–мәтелдерді көптеп кездестіруге болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі