Мақала: Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушы білімін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан Облысы

Куршім ауданы

«№2 Теректі орта мектебі» КММ

Мукатаева Карлыгаш Закеновна

ағылшын тілі мұғалімі



Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану

Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады.Оқудың алғашқы кезінде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ал материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі, оқушы тілді меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы меңгеруіне әсер етеді.Ойын арқылы балалар шет тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді.Оқушы мен мұғалім ойын шартын жақсы меңгеруі керек.Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды.Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының шет тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге,жаңа тақырыпты жақсы түсінуіне әсер етеді. Ойын арқылы балалар шет тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім балаларды көңілдендіру, демалдыру үшін ойын ойнатса, одан пайда болмайды. Ойын білім беру мақсатында өткізілген кезде ғана нәтиже береді.Бірақ ойын сабақтың өн бойын алуға тиіс емес, онда ол оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,сондай-ақ іздену дағдысын қалыптастырады.Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Өз сабақтарымда қолданып жүрген ойын түрлеріне тоқтайын.

Лексиканы меңгерту ойыны

1.Ойынға қажетті материал: карточкада бірінші әрібі жоқ сөздер жазылған, -ed, -ble, -ofa. Ойынның мақсаты: сөздің бірінші әрібін тауып жазу.Bed, table, sofa

2.Бұл ойынды өткізу үшін тақтаға екі сөз жазамын. Мысалы: bank, swim

Ойынның мақсаты: Әр топтың жетекшісі әр әріптің астына сөз жазады.Топ мүшелеріне көмек беруге болады.

Мысалы:

1-топ bank 2-топ swim

Ball, apple, name, knife son, water, ice, mother

3. “Word soup”ойынын өткізу үшін қазанның суретін саламыз, оның ішінде әр түрлі тақырыптағы сөздер бар. Осы сөздерді оқушылар тақырыпқа бөліп жазуы керек. Мысалы:

Family: father, mother…

Colours: red, green…

Animals: lion, wolf…

4. «Сөйлемді дұрыс құрастыр»

Оқушыларға жеке сөз жазылған карточкалар таратылады, топтағы оқушылардың әрбіреуіне бір сөз жазылған карточка беруге болады.

Ойынның мақсаты: қай топ осы сөздерді қолданып тез сөйлем құрап жазады.

Жалпы шет тілін үйренуде ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,сондай-ақ іздену дағдысын қалыптастырады.Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі