400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: «Ахмет Байтұрсынұлының тәуелсіздік үшін күрес жолындағы еңбектері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: «Ахмет Байтұрсынұлының тәуелсіздік үшін күрес жолындағы еңбектері» қосымша ақпарат іздегенимұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ахмет Байтұрсынұлының тәуелсіздік үшін күрес жолындағы еңбектері»

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, мұғалім , аудармашы, қоғам қайраткері , ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі болған.

Ахмет Байтүрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі Торғай уезі Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ахметтің ұлы бабасы – Үмбетей ру басына айналған үлкен ата. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауылдың ақсақалдарынан бата алып ,азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші болып қызмет істеген. Ол өте кемеңгер, білімді тұлға болған. Ахмет Байтұрсынов ең алдымен өлеңдер жаза бастаған. Ақын өзінің өлеңдерінде халықтың ауыр тұрмысын, арманы мен тілегін, мұқтаждарын атап көрсетіп, қарапайым елді оқуға, білім мен ғылым үйренуге, мәдениетті көтеріп , еңбек қылуға шақырды. А.Байтұрсыновтың тұңғыш өлеңдері «Қырық мысал» деген жинағында жарияланған. Бұл еңбегінде И.А.Крыловтың бірнеше мысал өлеңдерін аударып енгізген. Ақынның бұл еңбегі Санк-Петербург қаласында 1909 жылы басылып шықты. Бұл шығармасында ол қалың ұйқыда жатқан қараңғы қазақ халқының ой-санасын оятуға бар жігерін, білімін жұмсайды. Аталған еңбегінде ол әрбір аудармасының аяғына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін елдің сол кездегі тұрмысына, мінезіне , психологиясына сәйкес қосып отырған. Ахмет атамыздың келесі еңбегі –«Маса» деп аталады. Бұл шығармасындағы өлеңдерінде ақын тағы қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық сияқты кемшіліктерді сынаған. Ол қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды.Осы мәселелер «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам» , «Бақ» өлеңдерінде айтылады.Оның қоғамның келбетіне көңілі толмайды.


Ахмет Байтұрсынов өзінің бүкіл ғұмырын қазақ қоғамында білім мен ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің көркеюіне, алға басуына жұмсады.Ол ауыл мектептерінде , семинарияларда бала оқытты.Сонымен бірге оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденген.

1913-17 жылдары Орынбор қаласында «Қазақ» деп аталған газет шығарды. Осы «Қазақ» газетінде шыққан мақалаларынан ағартушылық ой- пікірлері көрінеді.Санасы озық ғалым туған халқының білімге, ғылымға ұмтылуын, әр қазақтың тым болмаса бастауыш білім алуын аңсады, тіледі. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек» деп жазады.Бүкіл өмірін қазақ халқының бақытты, берекелі, бірлікшіл ел болуын аңсаған, осы жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тілші, ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов қазақ елін отырықшылыққа, мектеп ашып білім алуға шақырды. Бұл қазақ елі үшін жаны шырылдап, туған елі үшін жанын аямаған қамқор атамыздың өлшеусіз еңбегі деп ұғындым мен. Қандай батыр, қандай көріпкел данышпан адам еді деген ой келді маған. Осындай биік тұлға иесі Ахмет атамыз М.Дулатовпен бірігіп 1913-1917 жылдары Орынбор қаласында «Қазақ» газетін шығарған. Бұл газетте мектеп, оқу-ағарту ісі, отырықшылық, сауда, ел билеу ісі, Мемлекеттік Думаға қатынас мәселелері сөз етіледі. Мектептерге білімді мұғалімдер кадрларын даярлауды көтерді.

Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы үшін істеген ең дара да, шоқтығы биік еңбегінің бірі деп- араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін құрастыруын айтуыма болады. Осы арқылы ғалым қазақ халқының сауат ашып, хат тануына, оқу мен білімге деген құштарлықтарының оянуына әсерін тигізген. Ғалым жазуы дамымаған ұлттың артта қалатынын, оның қоғамдағы қажеттілігін және адам өміріндегі маңызын өзінің шығарған оқулықтарында үнемі ескертіп отырған . Жазу дегеніміз- кез келген халықтың рухани деңгейі мен мәдени дамуын көрсететін негізгі құрал.Ғалым осы құралды ұлттық деңгейге көтеру жолында аянбады, жол бастады.Өйткені сол кезеңге дейін қолданыста келе жатқан араб жазуының халықты тез әрі жаппай сауаттандыру жолында үлкен кедергілері мен қиындықтары болған. Міне осы кезде ғалым осы қиындықты болдырмаудың басты тәсілі- араб жазуын қазақ тілінің заңдылығына сай реформалау деп білген.Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы осы «төте жазу жүйесімен» «Оқу құралы» деп аталатын алғашқы кітабы жарыққа шығады. Бұл қазақ халқының рухани- мәдени өміріндегі үлкен жаңалық болды. Сөйтіп қазақ балаларына өз ана тілінде хат танып, ана тілінде жазуға жол ашылды деп айтамыз. «Айқап» журналының 1911 жылғы 2 санында жарияланған «Қазақ өкпесі» деген мақаласында жазудың адам өміріндегі маңызын, сауатсыз, қараңғы халықтың ғылым мен мәдениет өркендеуінен артта қалатындығын, сондықтан оқу- білімі жоқ, жазу- сызуы жоқ қоғамның «надандық құрсауында» болатынын ашық жазып, « олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз- бәрі надандық кесапаты» деп халқын білім үйренуге шақырды.

Жазу таңбаларын ( әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен қатар дүниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін бір факт – осы «Баяншының» 1920 жылы Қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірбиесінен шығарып жазғанын айтады. Ал оның бала оқытқан кезі- 1895-1909 жылдар екен. Яғни «Баяншыны» ол 1910-1912 жылдары ұсынған. Бұл көлемі жағынан өте шағын небары (15 беттік кітапша), бірақ нағыз методикалық құрал болып есептеледі.Мен оқып танысқан келесі шығармасы «Әдебиет танытқыш» деп аталады. Бұл ғалымның еңбегінде қазақ әдебиеті мен оның тарихы туралы жазылған . Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар туралы зерттеулер айтылады.  

Сонымен «бес арыстың» бірі Ахмет Байтұрсынұлының болашаққа қалдырған шығармалары мәнін жойған жоқ, керісінше құндылықтары арта түсуде десем қателеспеймін. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқына жасаған қызметі , оның барлық қиындыққа мойымай төзе білгенін батырлық деп айтар едім. Өз ұлты үшін күрескен ақын, жазушы, ұстаз , қауіп қатерлерден қаймықпады , тек өз қазағын алға тартуда тер төкті . Елім , жерім, қазағым деп ешнәрседен тайынбады. Міне өз ұлтының нағыз жанашыры , қамқоршысы болған ұлы тұлға болды. Ақынның қазағын мәдениетке жетелеудегі арманы бүгінде орындалып азуы алты қарыс мемлекеттермен білім ,өнер ,ғылым , мәдениетпен терезесі тең болып осындай дәрежеге жетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қажыбаева Назгүл Қайроллақызы

Н.Островский атындағы орта мектебі

Шығы Қазақстан облысы Бородулиха ауданы

Бородулиха ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі