400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. "Акт-ның сабақ беру үрдісінде маңызы мен рөлі""

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

АКТ-ның қазіргі сабақ беру үрдісінде рөлі мен маңызы

Бәрімізге белгілі, жыл сайын заманауи қоғам өміріміздің барлық дерлік салаларында дамып, ілгерілеуде. Соның ішінде, оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Бүкіл әлемдік ғаламтор ғаламдық кеңістікті қамтиды және қазіргі уақытта ең күшті әсер ететін компьютерлік технологиялар барлық адамдарға ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты жинау, беру және сақтау әдістері мен тәсілдері, сонымен қатар қазіргі білім беру үдерісі жүйесінде тікелей және кері тәртіпте мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі.

Қазіргі заманының әрбір ұстазы кем дегенде қарапайым АКТ дағдыларына ие болуы және оларды тәжірибеде қолдана білуі керек деп ойлаймын және болашақта өзінің кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда білімнің барлық түрлерін меңгеруге ұмтылуы керек. АКТ-ны қолданудағы маңызды құрылғының бірі — компьютер, әрбір сыныпты қажетті бағдарламалық қамтамасыз ететін және оған қатысты жабдықтар: проектор, мультимедиялық тақта, колонкалар және т.б. орнатылуы керек.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың маңызы:

  • Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

  • Ақыл — ойын дамытады;

  • Шығармашылық белсендігін арттырады;

  • Ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді;

  • Тіл байлығын жетілдіреді;

  • Жан – жақты ізденушілігін арттырады.

АКТ – ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ – ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флешкаға салып берудің тиімділігін білеміз.

Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану маңызды болмақ.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үдеріс. Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан – жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Қорыта айтқанда, АКТ-ны білім беру процесінде қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қолжеткізеді, өйткені бұл потенциалдық мүмкіндік

АКТ-нің мәнінде жатыр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
01.06.2023
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі