АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЕКІНШІ
ҰСТАЗ
ӘЛ-ФАРАБИ
Авторы: Бөрібеков Ғалымжан
Мұстафаұлы
Әбу Насыр Әл-Фараби-(Әбу
НасырМұхаммад бин Мұхаммад Тархан ибн Узлаг Әл-фараби ат Турки).
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном,
ботаник, лингфист, логика, музыка
зерттеушісі.
Туған жері: Отырар
қаласы
Қайтыс болған жері: Сирия,
Шам
Азаматтығы:
Түркістан
Ғылыми аясы: Метафизика,саяси,
философия, логика, ғылым, этика т.б.
Ғылыми дәрежесі: Екінші
ұстаз
Ғылыми атағы: түркітанушы,
ойшыл, философ, математик
Ғылыми жетекші: Әбу Жүсіп
Әл-кинди, Аристотель, Платон, Порфирий, Клавдий,
Птолемей
Несімен белгілі: Қала
тұрғындарының көз қарасы, ғылымдардың шығуы, мемлекет
қайраткерлерінің қанатты сөздері
Атақты шәкірттері: Ибн Сина,
Ибн Рушд, Маймонд Мұса т.б.
Өмір сүрген жылдар:
(870-950)
Болашақ ғалым алғашқы сауатын
туған жерінде өз тілімен ашса да,
12-16 жас шамасында білім
іздеп Бағдатқа кетеді. Әл-Фараби өмір есігін ашпас бұрын 126 жыл
бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт
жолмен Ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әр
мұсылманға ислам дінімен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап
Әл-Фараби Араб тілді ғалым болып есептеле
бастады.
Әл-Фараби түркі ойшылдарының
ең атақтысы, ең мәшһүрі, "Әлемнің екінші ұстазы" атанған ғұлама.
Оның заманы "Жібек жолы" бойындағы қалалардың бірі Отырардың
экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әл-Фараби
Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап тез
есейеді. Тарихи деректерге сүйенсек Әл-Фараби 70-ке жуық тіл
білген. Өздігінен көп оқып, 150-ге тарта трактат жазып
қалдырған.
Әбу насыр Әл-Фараби бүкіл
ислам ғылымдарына парыз болған иджтихад - (ойлау қабілетінің шыңына
жету үшін беріле теңбек ету), муджтахид (иджтихадпен шұғылданған
адамның өз жаңалықтарын құран кәріммен Хадис Шариф- парыз-сүннет
амалдарына негіздеп отыру).
Кеңес үкіметі тұсында атеистік
ықпалмен Әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде
көрсетілді.
Алғашқы кезде Әл-Фараби өзін
ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек
ғалымдарының көп жазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен
шұғылдануға кіріскен.
Әл-Фараби заманының әлеуметтік
көз - қарастарын, тіл, мәдениет, гуманитарлық ( философия, логика,
этика, эстетика, саясат, шешендік, музыка, поэзия), жаратылыстану (
астрономия, астрология, физика, химия, география, космология,
математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы
бағытта өзі де құнды ғылыми жаңалықтар
ашты.
Әл-Фараби өзінің философия
көз-қарастарында басты үш бағытты нақты аңғарды.
Олар:
1) Ол дүниенің мәңгілігін
мойындады.
2) Танымның болмысқа
тәуелдігін растады.
3) Ақыл- парасат туралы ілімді
саралады.
Мәңгілікпен тәуелділік
бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың
мәнімен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя
арақатынасынан іздеді.
Осы дүниенің заңдылығы - жер
бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік
санамен ұштасса ғана дамиды. Яғни әлемдік сана - мәңгі. Адам болса
дүние салады өткінші.
Ұлы ойшыл философияға үлкен
мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятятын
зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін
негізгі бағыт, ұрпақтар арсындағы рухани - мәдени сабақтастықты
ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік - этикалар күрделі
мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп
түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін
философияның 9 қағидасын оқып- білу қажеттігін
ескертеді.
1-ші шарт- Философиялық
ағымдарды тану ( аты - жөнін білу) жеті нәрседен
тұрады:
1) философиялық бағытқа
(ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
2) оның шыққан
қаласы;
3) философияға мекен (медресе)
болған орынның аты;
4) философиялық ағымды
тудырған басты себеп;
5) философиялық талдауға
түскен мәселелер;
6) философияның алға қойған
мақсаты туралы;
7) философияның практикалық
мәні, нәтижеі;
2-ші шарт-өткендегі ірі
философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын
тану.
3-ші шарт- философ болу үшін
қажетті ғылымдарды тани білу.
4-ші шарт- философия ғылымын
үйретудегі мақсатты түсіну. Ол мақсат - Жаратқан иені тану. Ол өзі
ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Жомарттығымен, хикметімен,
әділеттігімен әлемге тәртіп беруші Алланы
тану.
5-ші шарт- философия ғылымына
кірісудің төте жолын табу.
6-шы шарт- Аристотель
еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай
білу.
7-ші шарт - Аристотельдің
өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап
етуінің себебін білу, Аритотель жұмбақтарының сырын
ашу.
8-ші шарт- философ адамның
міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын
түсіну.
9-шы шарт- Аристотель ілімін
үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін
білу.
Мақсат: тұтастықты, ақиқатты,
ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу.
Философ - адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен
мән берді. Бұл мәселені логикалық , этикалық , тілдік тұрғыдан
кеңінен саралап, бұларды бір - бірімен өзара сабақтастықта
қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара
байланыстыратын бастаулардан жан - дүние үндестігінен, әдеміліктен,
қайрымдылықтан, бақыттан іздестіреді.
Қайырымдылық дегенде ақыл -
ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар
дәстүріне сүйенеді. Тек бақыт туралы нақты білім бар, оған жету
жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана
қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезіммен ойлау,
тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып
соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам
өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей
үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани
сауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез - құлқын түзей алмаған адамның
ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп
ескертеді.
Әл-Фараби адам міндетті түрде
адал ниетті болу керек деп есептейді. Жақсы істер істеп, бұның
өтемін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа
айналдырады.
Философия дәлелдеуді, дін
сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында
адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра
алды.
Ғұламаның ғылыми -
философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның
педагокика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол
- шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагокикалық жүйе жасаған
ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана - сезімін
қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу
шарт:
1. Баланың ішкі ынта -
ықыласы, құмарлығы;
2. Ұстаздың шеберлігі, ар
тазалығы;
3. Сабақ процесінің алатын
орны;
Ғұламаның этикалық ойларынан
терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл
жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу,
қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты
түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің
гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл - ой мен білімнің
биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай
дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты
құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік - тән
мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп
санайды.