400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Алаш зиялылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш сөзі түркі тілінде қандас, бауырлас деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар Алаш сөзі барша қазақты біріктіретін және қазақ сөзіне синоним бола алатын жалғыз сөз. Алаш зиялылары, яғни қазақ зиялылары ХХ ғасыр басында құрған партия да «Алаш» аталғаны бәрімізге аян.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫН АРДАҚТАҒАН КҮНДЕР

Алаш сөзі түркі тілінде қандас, бауырлас деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар Алаш сөзі барша қазақты біріктіретін және қазақ сөзіне синоним бола алатын жалғыз сөз. Алаш зиялылары, яғни қазақ зиялылары ХХ ғасыр басында құрған партия да «Алаш» аталғаны бәрімізге аян. Өз тарихыңды білу, ұлтыңның сақталып, бақытты және тәуелсіз өмір сүруі үшін ғұмырын сарп еткен кемеңгер тұлғаларды тану жас ұрпақ үшін міндет. Міне осы мақсатта мектебімізде « Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары» тақырыбында онкүндік өткізілді.Онкүндік аясында «А.Байтұрсынұлы –ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға»тақырыбында 9- сыныптар арасында эссе байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша І орын 9 «В»сынып оқушысы Жалгасова Жания, ІІ орын 9 «А» сынып оқушысы Жолшыбекова Мерей,ІІІ орын 9 «Ә» сынып оқушысы Қасымханова Данаға бұйырды. Оқушылар эсседе А.Байтұрсының ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет еткенін дәлелдеген.

Келесі күні 5-11 сыныптар арасында дарынды суретшілердің «Ұлт болашағы жолында біріккен алаш тұлғалары» тақырыбында сурет көрмесі тамашаладық. Сонымен қатар көрмеге «Қазақстанның құндылықтары» тақырыбындағы буклеттер де қойылды. Алаш арыстарының тағдыры мен еңбегін терең танып-білу үшін сыныптарда ашық тәрбие сағаттар өтті. Тәрбие сағаты маңызды тарихи оқиғаларды, алаш арыстарының азаттық аңсап жүріп, көрген қиыншылықтарынсезіндірген сахналық қойылымдар мен рухты өлеңдері, «Тұлғаны таны» шығармашылық тапсырмаларымен құнды болды.

9 - 10 сыныптар арасында "Алаш арыстарының идеясы және бүгінгі қазақ жастары" тақырыбында дөңгелек үстелге тарих және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 11-сынып оқушылары «Алаш арыстарының асыл мұралары» тақырыбында челенж ұйымдастырып, әлем желіде бөлісті. Ұрпақтың саналы болуына, елдің тәуелсіздігі мен дамуына алаштың ардықтылары ұстанған идеяны түсініп, бұл идеяның қазір де өзекті екендігін түсінуіне мектептің тарих-география және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері атсалысты. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздардың қолында, елін сүйетін ұрпақ «Оян, қазақ» М.Дулатұлы READx жобасына да белсенді қатысты. «Алаштың ардақты арыстары» атты ғылыми жоба байқауында жоба авторлары ұлт көсемдерінің елге қызмет ету мақсаттарын өнеге ете білуге арнады.

"Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары" тақырыбында театрландырылған қойылымға 8- сынып оқушылары қатысты. Олар «Ахмет-ұлт ұстазы», «Мен жастарға сенемін», «Оян, қазақ» тақырыбында және А.Бөкейхановтың шығармаларынан үзінді көрсетті.

Онкүндік «Алаш идеясының өзектілігі және ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамында жаңғыртылуы» танымдық қорытынды кешпен аяқталды. Кеште оқушылар Алаш зиялыларына арналған өлеңдерін оқыды.

Онкүндік аясында мектеп басшысы Ғ.Ә.Ұзақбаев пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Емешова оқушылардың тарихи тұлғаларды танудағы белсенділіктерін ынталандырып, оң баға беріп отырды. Мектептің барлық оқушылары тартылған тамаша он күндішеберлікпен ұйымдастырған әріптестерім А.Т. Емешова,С.Н Наурызбава, У.У. Байдилдаев, К.М.Исаханова,М.Б.Бекмуратова,Ж.М.Жумашованыатап өткім келеді. Рухани және отансүйгіштік тәрбиеде Алаш арыстарынан артық үлгі жоқ.



Рзағазиева Райхан Бақытқызы

Байқоңыр қаласы №273 орта мектептің

тарих пәні мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.12.2025
17
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі