400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ САЯСИ СЕРКЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Әлихан Бөкейханов бастаған идеяның неге «Алаш» деп аталғаны жөнінде деректер келтірілді. Оның ұлт қайраткері ретінде қалыптасуына әсер еткен оқиғалар талданды. Алаш зиялысының тәуелсіздік үшін күрес жолдары талданылып, Алаш партиясының ұстанымдары бес түрлі тұжырыммен негізделді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Нурахметова Жанар Конакпаевна

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің

«Кәкен Аханов атындағы орта мектебі» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Аңдатпа Бұл мақалада Әлихан Бөкейханов бастаған идеяның неге «Алаш» деп аталғаны жөнінде деректер келтірілді. Оның ұлт қайраткері ретінде қалыптасуына әсер еткен оқиғалар талданды. Алаш зиялысының тәуелсіздік үшін күрес жолдары талданылып, Алаш партиясының ұстанымдары бес түрлі тұжырыммен негізделді.

Тірек сөздер: Алаш сөзі, үндеу, ұлт қайраткері, тәуелсіздік, ұлттық ұстаным


ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ САЯСИ СЕРКЕСІ


Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Иә, «сирек» деуге тұрарлық туған халқына кіршіксіз қызмет етіп, тәуелсіздік үшін күрес жүргізген ерекше тұлға.

1905-1917 жылдарды қамтыған аса күрделі тарихи кезеңде Ә.Н.Бөкейханов туған халқының ұлт-азаттық күресінің теориялық негізін қалаушы әрі саяси серкесіне айналды. Ұлттық автономия құру жөніндегі барлық идеялардың көшбасшысы бола білді. Сондықтан да ел сеніміне ие болған азамат болғандықтан 1917-ші жылдың 13-ші желтоқсанында қазақтың ұлттық мемлекетінің шаңырағын көтеріп, туын тіккен Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Саяси Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Ұлттық қозғалыстың «Алаш» аталуының өзі Әлихан Бөкейханов идеясы десек, артық емес. Өзінің «Қазақтар» деген очеркінде былай дейді: «Әрбір қазақ руы бір кезде өмір сүрген атақты өкілінің есімін әскери ұран етіп алған. Аты аңызға айналған Алаш атасының есімі қазақтардың сондай ұранына айналды. XVII ғасырда қазақ даласында қазақтар Абылай ханды ерекше пір тұтты. Орта жүзде оның есімі әскери ұранға айналды. Рудың ұраны көтерілгенде үйінде бұғып қалу – сол адамға жағылған ең зор қара таңба болып саналады, сондай қара таңбасы бар кісіге ешбір намысқой қазақ қызын бермейді. Қазақтың іштей ру-тайпаға бөлінбей тұрғанда көне дәуірден келе жатқан аңызына сәйкес, бүкіл қазақ Алаша ханнан немесе Алты Алаштан тараған, шыққан тегі, түп-тамыры бір болып саналады. «Алаш» деген сөздің түп мағынасы «отан кісісі», яғни, «өз елінің патриоты». Әлихан Бөкейхановтың осындай идеологияны ұлттық қайта өрлеу мен дамудың ұраны етіп ұсынуының өзі үлкен көрегендік болды. [1]

Әлихан Бөкейхановтың тәуелсіздік үшін күрескер болып қалыптасуына оның үлкен қалаларда білім алуы және студенттер қоғамы әсер етті. Санкт-Петербургте Орман шаруашылығы институтында оқып жүргенде , студенттердің саяси үйірмелеріне және студенттік толқуларға қызу араласады. Осы кезде оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Оқуын бітіріп Омбыға барғанда Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ал оның саяси көзқарасының пісіп жетілуіне Омбыдағы күндері әсер етті.

Әлихан Бөкейханов қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресті неден бастады? Сол кездері ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағым болды: панисламшыл және пантүркішіл. Әлихандар пантүркішіл идеясын ұстана отырып, Ресей империясымен ашық күреске шығудың әлі ерте екенін ұғынды. Сондықтан да олар ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятуға бар күш-жігерлерін жұмсайды. Ұлт зиялылары тобы қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруін сақтап қалу үшін аймақтардағы наразылық бас көтерулерден бастап, Мемлекеттік Дума ісіне араласуы, Ресей халықтарының азаттық қозғалысына қатысуы тиіс деп санады. Сонда ғана қазақтар өлке өміріндегі өзгерістерге тек қана бақылаушы ғана болып қалмай, оған белсене араласа алады. Ресейдегі І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан Бөкейханов қатысып, қазақ даласынағы саяси үдерістерді талқылағанда өз пікірін білдіріп, атсалыса алды.Бірақ студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілінген оларға еркін жұмыс істетпейді. Әлихан алдымен Семей түрмесіне, одан кейін Самараға жер адарылады.

Ал 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі басталғанда, Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы кез келген қарсылық адам шығынына әкелетінін айтып, 11 тамызда қазақ халқына үндеу жариялады. Олар тылға жұмысшыларды жіберу арқылы жазалаушылардан олардың отбасын, шаруашылығын толық күйретуден құтқаруға болатынын, патша өкіметі міндетті түрде Даладағы көтерілістерді басу үшін әскери отрядтарды қолданатынын мәлім етті. Үндеуде жазалау отрядтарының ең бірінші кезектегі құрбандары балалар мен әйелдер болатынын, елдің экономикалық өмірінің күйрейтінін, әскери соттардың атуға дейін үкім шығарып, жергілікті тұрғындарды аяусыз жазалайтынын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Үндеуге қол қойғандар халықтың күйінішін жақсы түсінетінін айта келіп, соңында көтерілісшілерді патша жарлығына мойынсұнуға шақырады. Бірақ ашынған халықты тоқтату мүмкін болмады. Әлихан және онымен пікірлестер үндеу нәтиже бермеді деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Бір топ қазақ интеллигенттері өз еріктерімен майдандағы тыл жұмыстарына жіберілген қазақ жігіттерінің артынан аттанды. Петербордағы билік орындарында жүргізілген келіссөздерден кейін олар қазақ жұмысшыларының ең көп шоғырланған жері Батыс майданға аттанып, оның штабы орналасқан Минск қаласына келіп, земскі мен қалалық одақтың бұратана бөлімін ұйымдастырды да, оны басқаруды Әлихан Бөкейханов өз мойнына алды. Осы тұстағы қазақ интеллигенциясының майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық, дәрігерлік, және де басқа қызметі сол кезде ауылдан барған қыр баласына көп жәрдем беріп, олардың сана-сезімін оятуға жәрдемдесті.Сондықтан да 1917 жылы Уақытша үкіметтің қара жұмыстан босату жөнінде қаулысы шыққаннан кейін елге қайтқандар өлкедегі саяси жұмыстарға белсене араласып кетті.

Ақпан револциясы кезінде Әлихан Минскіден былай деп сәлем жолдады: «Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін – басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтайжиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіңдер!..» Ә.Бөкейхановтың пікірі бойынша, Ресей – көп ұлтты, үлкен мемлекет. Оның құрамындағы әрбір ұлттың төл тарихынан, күнделікті тіршілігінен туындайтын ерекшеліктері бар. Ал сол халықтарды тек бір ортадан, бір халық өкілдерінің басқарамын деуі сөзсіз қателікке ұрындырмай қоймас еді. Әлиханның сөздеріне қарасаң, оның ақпан революциясынан зор үміт күткені байқалады. Ол Қазақстанға орыстардың қоныс аударуы тоқтатылса, халықтың әлеуметтік халі жақсарар деп ойлады. Бірақ оның үміті ақталмады. Орыс демократтары іс жүзінде сынақтан өте алмады. Мен білемін деп кеуде соққан револционерлер өкімет басына келгеннен кейін орыс емес халықтар өкілдерін биліктен шеттетіп, маңайына жолатпай қойды.Екі револция да Әлиханның үмітін ақтамады.Оның қазан төңкерісі қазақ даласына бостандық, әлеуметтік әділдік емес, қайта кедейлік, құқықсыздық, қырғын әкелді ме деп күйіне айтқан сөзі бар. [2]

1917 жылға дейін қазақ қоғамы алдында тұрған жалпыға ортақ міндет – отарлық езгіден құтылу болды. Бұл күресте қоғамның барлық прогресті топтарын біріктіре алатын саяси-әлеуметтік күш ұлттық интеллигенциясы еді. Әлихан Бөкейханов – ұлттық саясаткер. Ол ұлт тәуелсіздігі жолында ықпалы тиетін барлық мүмкіндікті пайдалануға мәжбүр. Басында кадет партиясының мүшесі болуының да себебі осында жатыр. «Бұратана ұлттарға – нәсіліне, дініне қарамастан азаттық беру, өзінің даму жолын анықтауға ерік беруді» мақсат етіп қойған партияның құрамына қалай кірмесін? Ақпан революциясынан кейін кадеттер партиясы Уақытша үкіметті басқара отырып, ұлттық мәселені шеше алмады және аграрлық мәселені де шешуге асықпады. Осындай себептерден Ә.Бөкейхан «Қазақ» газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатынын және қазақтың жалпыұлттық партиясын құрғысы келетінін айтты. Ол үш жайтты анық ашып көрсетті: «Кадеттер партиясы жерді жекеменшікке беру керек деп отыр. Біздің жағдайымызда жерді жекеменшікке берсек, біраздан кейін қазақтар жерсіз қалып, қайыршылыққа ұшырайды. Кадеттер партиясы ұлттық автономияға қарсы шығып отыр. Біз, Алаш туын жоғары көтеріп, ұлттық автономия құрға ұмтыламыз. Кадеттер партиясы дінді мемлекеттен бөлуге қарсы, ал біз діннің мемлекеттен бөлінуін қалаймыз. Сол себепті кадеттер партиясынан шығып, «Алаш» партиясын ұйымдастыру қажет деген шешімге келдік. Әлихан және оның серіктері «Алаш» партиясын құру арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалады Ол идея – біртұтас Алаш идеясы.[3]

«Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді:

  • Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

  • Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек» болатын.

  • Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

  • Төртінші ұстаным: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттық тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс.

  • Бесінші ұстаным: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру.[4]

1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өткен ІІ Бүкілқазақтық съезде Алаш автономиясы құрылды. Оның төрағасы Ә.Бөкейханов болды. Съезге қатысушылар «Кеңес өкіметі қандай көзқарас тұрғысынан алып қарағанда да, қырғыз (қазақ) өлкесі үшін тиімсіз" деп есептеді және оның аумағында басқарудың кеңестік жүйесін енгізуге жол бермеуге шешім қабылданды. Ұлттық мемлекеттің қауіпсіздігі үшін Кеңес мемлекетінің басшыларымен келіссөздер жүргізу қажет деп табылды. Ол келіссөздер 1918жылы қаңтарда тікелей Бөкейханов басшылығымен жүзеге асырыла бастады. Әлиханның сауаттылығына, бірнеше тілде еркін сөйлейтініне В.И.Лениннің өзі таңғалған деген деректер бар. Алайда кеңес үкіметі ұлттық автономияны тануға мүдделі емес еді. Сөйтіп, Алашорданың большевиктермен ашық күресі 1918 жылы жазда басталды. Уақыт өте келе азамат соғысы кезінде Алашорда басшылары Кеңес үкіметін мойындауға мәжбүр болды. Әлиханның «Кеңес үкіметін ұнатпасам да, мойындауға мәжбүрмін» деген өкінішке толы сөздері де бар.

20-жылдардың бірінші жартысында Алаш көшбасшылары Қазақстанның саяси және шаруашылық дамуына өте көп үлес қосты.Қазақстандағы әлеуметтік проблемаларға арналған «Қазақ жеріндегі ашаршылық» деген очеркінде Әлихан Бөкейханұлы 1921 жылы қазақ қоғамының үлкен дертке, қатты ашаршылыққа ұшырауының басты себептерін ашып береді. Оның объективті себептерін көрсетеді: жұттың салдарынан малдың қырылуы; 1920жылғы қатал қыстың ерте түсуі; пішеннің жетіспеуі; жайылымның тақырлануы. Әлихан халықтың аштан қырылуы ождан ғана емес деп түсіндірді. Қазақтың малдары жұттан ғана қырылмай, малдың Қызыл Армия пайдасына тартып алудан да күрт кеміп кеткенін нанымды деректермен дәлелдеп берді. Мәселен, БОКАК-ның Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі большевик Сафаров былай деп жазады: «Бұл жерде социалистік деректер қабылданғанмен олар сөз жүзінде қалған, ал іс жүзінде «национализациялау», «конфискелеу» деген сылтаумен жер-жерде малды халықтан зорлықпен тартып алу орын алған.

Алаш көшбасшысының тәуелсіздік жолындағы еңбектерін айта берсек тауыса алмаспыз. Оның халқы үшін жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Алайда кеңес орындары Бөкейхановқа тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет тұтқындалып, одан амалсыз босатылып, ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында ату жазасына ілінді. Әлихан өзінің бұрынғы хан-сұлтандардың ұрпағы ретінде де туған халқы алдында өзін айыпты сезінді. «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертіне соңғы демі қалғанша адал болды.

ХХ ғасыр басындағы толып жатқан саяси оқиғалар, қайшылыққа, тартысқа, күреске, дағдарысқа толы қазақ халқының тағдыры лег-легімен жарқыраған шоқ жұлдыздай дарындарды дүниеге келтірді. Соның бірі – Әлихан Бөкейханов. Қазіргі тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында алаш арысының мерейтойын атап өтіп жатуымыз тәуелсіздік алған еліміздің болашағын түсінуге, болжауға көмектесетіні анық. Өйткені Әлихан Бөкейханұлының да аңсағаны бостандық, азаттық, тәуелсіздік болған.








































ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы», Алматы 1995, 340-бет

  2. Қазақ тарихының очерктері. Алматы -1994, 231-бет

  3. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1900-1945жж.) Жалпы білім беретін мектептің 8-9 сыныптарына арналған оқулық, 50-бет

  4. https://lib.tarsu.kz


3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі