«АСБ бар балалардың ойын арқылы дамытудың ерекшелігі»
Автор: Акбаева Толкын Асаиновна, педагог-психолог КММ «Асыл Мирас» аутизммен (аутизм спектрінің бұзылуы) балаларды қолдау орталығы (аутизм-орталық), Павлодар қ.
Қазіргі заманғы педагогика мен психологияның ең өзекті мәселелерінің бірі – аутистизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу және олардың дамуына жағдай жасау. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, аутизм диагнозы қойылған балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі оқыту әдістері көбіне нәтиже бере бермейді. Осы орайда, баланың табиғи іс-әрекеті – ойын дағдыларын дамыту негізгі құрал ретінде алға шығады.
АСБ бар балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктері
АСБ бар балалардың ойын әрекеті қалыпты дамып келе жатқан құрдастарынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың ойынында мынадай сипаттар басым болып келеді:
-
Стереотиптілік: бала заттар мен ұқсас манипуляцияларды (мысалы, машинаның дөңгелегін айналдыру немесе заттарды қатарға тізу) бірнеше рет қайталай беруі мүмкін.
-
Символдық ойлаудың болмауы: символдық және рөлдік ойындар дағдыларының жеткіліксіздігі, алмастырушы заттарды пайдаланудағы қиындықтар. Бала өз қиялын пайдаланып заттарды ойын барысында басқаша пайдалана алмайды, мысалға қол орамалды қуыршаққа арналған көрпеше ретінде пайдалану, таякты қылыш ретінде елестетіп ойнау т.с.с іс әрекеттерді жасау қиынға соғуы мүмкін;
-
Әлеуметтік оқшаулану: әлеуметтік өзара әрекеттесудің шектеулілігі, жалғыз ойнауға деген ұмтылыс, басқа балалармен бірлесіп ойнаудан, жалғыз ойнағанды жөн көреді.
-
Сенсорлық бағыттылық: ойын көбіне заттың функционалдық мақсатына емес, оның тактильді, визуалды немесе дыбыстық әсеріне (иіскеу, жалау, сипау) бағытталады.
Ойын арқылы баланың дамуындағы кезеңдері мен бағыттары
АСБ бар баланы ойынға тарту – ұзақ әрі шыдамдылықты қажет ететін процесс. Оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:
-Сенсорлық-манипулятивтік кезең
Бұл кезеңде бала заттардың қасиеттерін зерттейді. Мұнда сумен, құммен, жармалармен, сазбен немесе түрлі текстуралы маталармен жұмыс істеу тиімді.
Мақсаты: Баланың дене сезімін дамыту және маманмен және ата-анамен алғашқы эмоционалды байланыс орнату. «Көпіршіктермен ойын», «Құм ішіндегі қазына ойны», «Сумен немесе бояумен саусақтар арқылы бояу».
Еліктеу және функциялық ойын. Мұнда бала заттарды өз мақсатында қолдануды үйренеді. Мәселен, тарақпен шаш тарау, телефонмен сөйлесу. Мақсаты: Еліктеу дағдысын (имитация) дамыту. Еліктеу – кез келген оқудың негізі болып табылады деп ойлаймын. Әдісі: Маман баланың қимылын қайталайды, содан кейін бала маманның қарапайым қимылын қайталауы тиіс.
Сюжеттік-рөлдік ойындарға көшу. Бұл ең күрделі кезең. Мұнда балаға қарапайым әлеуметтік сценарийлер үйретіледі: «Қонжық ауырып қалды дәрігер ойыны», «Дүкеннен нан сатып алу», «Шай ішу».
Ерекшелігі: Сценарийлер алдын ала визуалды карточкалар (PECS) арқылы немесе қадамдық нұсқаулықпен көрсетілуі керек.
Ойын арқылы дамытудың негізгі әдістемелері
Мақала аясында әлемдік тәжірибеде мойындалған бірнеше әдістемені атап өткім келеді:
- ABA терапия (Қолданбалы мінез-құлық талдауы): Ойын элементтерін марапаттау ретінде қолданады. Дұрыс орындалған әрекет үшін бала сүйікті ойынымен ойнауға мүмкіндік алады.
- JASPER (Joint Attention, Symbolic Play, Engagement and Regulation) - бірлескен зейінді, бастаманы, символдық ойынды және әлеуметтік коммуникацияны дамытуға бағытталған ойынға негізделген, дәлелді әдіс. JASPER бала мен ересек адам арасындағы бірлескен әрекеттердің ұзақтығын арттыруға және ойындық және коммуникативтік бастамалардың репертуарын кеңейтуге көмектеседі.
- Ойын арқылы әлеуметтік оқиғалар: Әлеуметтік ойын жағдайлары күнделікті әлеуметтік әрекеттерді түсіндіру. Мысалы, «сәлемдесу», «қоштасу», «кезек күту».
Педагогтар мен ата-аналарға арналған практикалық ұсыныстар
Ортаны ұйымдастыру: Ойын бөлмесінде артық тітіркендіргіштер (өте ашық түстер, қатты шу) болмағаны абзал. Ойыншықтар қолжетімді, бірақ белгілі бір тәртіппен орналасуы керек.
Визуалды қолдау: Ойынның басталуы мен аяқталуын көрсететін таймер немесе кесте қолданыңыз. Бұл баланың мазасыздығын басады.
Қысқа әрі нұсқа сөйлеу: Ойын кезінде ұзын сөйлемдерді қолданбаңыз. «Допты бер», «Қонжықты ұйықтат» деген сияқты нақты бұйрықтар тиімді.
Шыдамдылық: Нәтиже бірден көрінбеуі мүмкін. Кейде баланың сізге назар аударуы үшін апталар, тіпті айлар қажет болуы ықтимал.
Ойынның бала психологиясына әсері
Ойын – АСБ бар бала үшін стрессті төмендетудің құралы. Ол арқылы бала
өз денесін басқаруды үйренеді, эмоциясын білдіруге мүмкіндік алады (қуаныш, реніш), қорқыныштарын жеңе білуге үйренеді, ең бастысы балада– «Мен жалғыз емеспін» деген сезім пайда болады.
Аутистік спектр бұзылысы бар балалармен жұмыс істеуде ойын – тек уақыт өткізу тәсілі емес, бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қуатты реабилитациялық құрал. Әрбір бала – қайталанбас тұлға. Олардың ерекшеліктерін қабылдай отырып, ойын арқылы әлемнің есігін ашуға көмектесу – мамандар мен ата-аналардың ортақ міндеті. Ойын барысында орнаған жылы қарым-қатынас пен эмоционалды байланыс кез келген дәрі-дәрмектен артық әсер беретінін ұмытпауымыз керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Всемирная организация здравоохранения. Расстройства аутистического спектра [Электронный ресурс]. – Доступно: https://www.who.int (дата обращения: 10.01.2026)
2. American Psychiatric Association. Diagnostic and Statistical Manual of Mental Disorders (DSM-5). – Washington, DC: APA, 2013
3. Rogers S. J., Dawson G. Early Start Denver Model for Young Children with Autism. – New York: Guilford Press, 2010
4. Kasari C., Freeman S., Paparella T. Joint attention and symbolic play in young children with autism // Journal of Child Psychology and Psychiatry. – 2006. – Vol. 47(6). – P. 611–620
5. Lovaas O. I. Behavioral treatment and normal educational and intellectual functioning in young autistic children // Journal of Consulting and Clinical Psychology. – 1987. – Vol. 55(1). – P. 3–9
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала «АСБ бар балалардың ойын арқылы дамытудың ерекшелігі»

шағым қалдыра аласыз