Материалдар / мақала "Ата-ана беделі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мақала "Ата-ана беделі"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі таңдағы ата-аналардың абал алдындағы жауапкершілігі. Тәрбие туралы мағлұматтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
728
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-ананың беделі


Атырау облысы, Индер ауданы

Ахметова Бибігуль Қабижанқызы

С.Сейфулин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі


Қоғам біздің әке шешемізге Отанымыздың болашақ азаматын тәрбиелеуге уәкілдік берген. Сондықтан да олар қоғам алдында жауапты. Олардың ата-аналық билігі мен балалардың көз алдындағы беделі, міне осыған негізделіп отыр.

Балалардың көз алдында әке мен шешенің сондай беделі болу керек. «Егер бала тіл алмаса, оған не істеу керек?» деген сұрақты жиі жиі естуге тура келеді. Міне «тіл алмайтынның» өзі ақ ата-ананың бала алдында беделі жоқтығының белгісі.

Ата-ана беделі қайдан пайда болады, оның өзі қалай ұйымдастырылады?

Балалары тіл алмайтын ата-ана кейде бедел жаратылыстан болады, ол-ерекше талант деп ойлауға бейім тұрады. Егер талант жоқ болса, ештеме істеп болмады, онда тек таланты бар адамға қызығу ғана қалады деседі. Ондай ата-ана қателеседі. Беделді әрбір отбасында ұйымдастыруға болады, тіпті оның өзі қиын да іс емес.

Амал не, сондай беделді жалған негіздерде ұйымдастыратын ата-аналар да кездеседі. Олар балаларына тіл алдыруға тырысады, мақсатының өзі сол-ақ. Шынында, онысы-қате. Бедел мен тіл алу мақсат бола алмайды. Мақсат біреу-ақ болуы мүмкін, ол-дұрыс тәрбиелеу. Тек осы бір мақсатқа ұмтылу керек. Балалардың тіл алуы осы мақсатқа жеткізетін жолдардың бірі болуы мүмкін. Тәрбиенің нағыз мақсатын ойламайтын ата-ана ғана тіл алдыруды желеу етіп қана тіл алдырады. Егер балалар тіл алғыш болса, ата-ана тынышырақ өмір сүреді.

Міне, осы тыныштық олардың нағыз мақсаты болып табылады. Тексере қалғанда тыныштық та, тіл алушылық та әрдайым ұзақ сақталмайтын болып шығады. Жалған негіздерде орнатылған бедел тек өте аз уақытқа ғана көмектеседі, ұзамай бәрі бұзылып, бедел де, тіл алу да жайына қалады. Ата-аналардың тіл алдырмай қоймайтыны да болады, бірақ оның есесіне тәрбиелеудің өзге мақсаттарының бәрі шеттеп қалады: расында, балалар тіл алғыш, бірақ осал болып өседі. Мұндай жалған беделдің талай «түрлері» бар. Мұндай «түрлердің» біз бұл жерде он шақтысын азды-көпті баяндап көрейік. Осылай қарап өткеннен кейін, нағыз беделдің қандай болуға тиіс екенін анықтау оңайланады деп сенеміз, Кіріселік.

Қаймықтыру беделі.

Бұл- беделдің ең зияндысы болмаса да, барып тұрған масқара «түрі». Мұндай бедел көбінесе әкелерді сорлатып келеді. Егер үйде әкең әрқашан арсылдап, әрқашан арсылдап, әрқашан ашуланып отырса, әрбір болмашы нәрсеге бола ақырып, кез келген қисынды және қисынсыз жерде таяғын, белдігін ала жүгірсе, бірдеме сұраған сайын тұрпайы жауап қатса, қит етсе баланы жазалап отса, қаймықтыру беделі дегеніміз-міне, осы. Әкенің мұндай қаталдығы бүкіл отбасын: тек балаларды ғана емес, анасын да қорқытып ұстайды. Онысы тек балаларды қорқытқандықтан зиян келтіріп қана қоймай, ананы тек үй қызметшісі боларлық қана қаблеті бар бейшара жан етеді. Мұндай беделдің зиянды екенін дәлелдеп жатудың керегі шамалы. Ол ешбір тәрбие бермейді. Балаларды ызғарлы әкеден аулақ жүріге ғана үйретеді, ол- баланы өтірікші, өскенде қорқат етеді. Сонымен қатар баланы қаталдыққа тәрбиелейді. Ұрылып-соғылып, жаңғалақ балалардың ішінен кейін не салақ, түкке тұрғысыз адамдар, не бала шағында көрген зәбір үшін өмір бақи өш алғыш есерсоқтар шығады. Беделдің бұл ең жабайы «түрі» ең мәдениетсіз ата-аналарда ғана болады, біздің бағымызға, оның өзі соңғы кезде құрып барады.

Аулақтық бедел.

Балалар тіл алу үшін олармен аз сөйлесіп: бойды аулақ салып, тек оқта-текте бастық пішінімен сөйлеу керек деген ойға кәдімгідей ұйып қалған әкелер де, тіпті шешелерде бар. Әсіресе бұл әдетте кейбір ескі интеллигенттер отбасыларында тәуір көреді. Бұл жерде әкенің әрдайым жеке кабинеті болады да, одан ол ертедегі еврейлердің жоғары мәртебелі абызындай анда-санда бір көрініп қояды. Ол тамағын бөлек отырып ішеді, жеке жүріп көңіл көтереді, тіпті өзіне қарасты отбасына бұйрықтарын ана арқылы береді. Өздерімен өздері, өз мүдделері бар, өз ойлары бар аналар да болады. Балалар үлкен шешелерінің тіпті үй қызметшісінің қарауында жүреді. Не айтатыны бар, мұндай бедел ешқандай пайда бермейді, ондай отбасын отбасы деп атау да мүмкін емес.

Менмендік бедел.

Бұл- аулақтық беделдің ерекше зияндырақ түрі. Әрбір азаматтың мемлекетте өзінше еңбегі бар. Бірақ кейбіреулер өздерін мемлекетке зор еңбегіміз сінген, ең елеулі қайраткеріміз деп санайды да, бұл менмендігін аяқ басқан сайын көрсетеді, балаларына да көрсетеді. Олар жұмыстағыларынан гөрі үйлерінде көбірек маңғазданып сұстана түседі. Адамгершіліктерін қалай сөз етсе, солай істейді, төңірегіндегі адамдарға меңменси қарайды. Әкенің мұндай пішінде таңтанған балалары да өте жиі менмендікке салынады. Оларды жолдастарына менің әкем жазушы, менің әкем командир, менің әкем даңқты дегенді кез келген жерде айтып, мақтана сөйлеп, лепіре береді. Осындай менмендік жағдайда маңғаз әке балаларының қайда лағып бара жатқанын, кімдерді тәрбиелеп жүргенін айыра алмай қалады. Мұндай бедел аналардан да кездеседі: қандай да болса ерекше көйлек, маңызды таныстық, курортқа кету- осының бәрі менмендікке салынып, өзге адамдардан да, іштерінен шыққан балаларын да бөлектенулеріне негіз жасайды.

Тақуагершілік бедел.

Мұндай жағдайда ата-ана балаларына көбірек көңіл бөледі, көбірек жұмыс жүргізеді. Балалар ата-ананың әрбір сөзін қалтырай тыңдауға тиіс, сөзіміз екі болмайды деп сенеді. Олар әмірін қаһарландыра береді, онысын өздері заң деп есептейді. Ондай ата-ана бәрінен де бұрын балаларымыз әйтеуір әкеміз өателеседі, әкеміз қатал адам емес деп ойлап қалмаса еді деп қорқады. Егер сондай әке: «Ертең жаңбыр жауады, қыдыруға болмайды»,- десе., ол ертеңіне күн райы жақсы болса да, қыдыруға болмайтын болып шығады. Егер әкеге әйтеуір бір кино картина ұнамай қалса болғаны, ол балаларына киноға, соның ішінде жақсы картиналарға да, баруға мүлде тыйым салады. Әкесі баланы жазалайды, кейін баланың әуелі байқалғанындай жазықты емес екені анықталады, әкесі сонда да жазалауын қоймайды: «Мен айтқан екенмін, солай болуға тиіс»,- дейді.

Өсиетшілдік бедел.

Мұндай жағдайда ата-ана ұшы-қиыры жоқ ақыл өсиетімен баланың өмірін көріне өксітеді. Ата-ана балаға әзіл шыны аралас бірер сөз айта салудың орнына, оны қарсы алдына отырғызып қойып, зеріктірерлік сөз бастайды. Ондай ата-ана педагогикалық көргендікті тек ақыл-өсиет айтуды ғана деп ойлайды. Ол отбасында қуаныш пен күлкі сирек кездеседі. Ата-ана рақымды болуға барынша тырысып бағады, балалардың өз алдына күнәсіз болғылары келеді. Бірақ олар балалардың үлкен еместігін, олардың өздеріне лайық өмірі бар екенін оны қадір тұта білу керектігін естен шығарады. Үлкендерге қарағанда бала анағұрлым сергек те сезімтал келеді, ол көп ойланып-толғанып жатпайды. Ойлану әдеті балада бірте-бірте, баяу қалыптасуы тиіс, сондықтан да ата-ананың үнемі мыжып, өне бойы ызыңдап, көп сөйлей беруі балалардың санасына із қалдырмай өте шығады деуге болады. Ата-ананың өсиетшілдігінен балалар ешбір пайда таппайды.

Махаббаттық бедел.

Бұл-жалған беделдің ең көп тараған түрі. Көптеген ата-аналар балалары тіл алу үшін, олар ата-аналарын жақсы көруі керек, ал сондай сүйіспеншілікке ие болу үшін балаларға аяқ басқан сайын ата-аналық мейірімділік көрсету керек деп ойлайды; Сөйтіп балаға мейірбанды сөздер айту, оны өне бойы аймалау, даңдайсыту шамадан тыс көбейтіп кетеді. Егер бала тіл алмаса, одан дереу: «Демек, сен енді тәуір көрмейлі екенсің ғой?» - деп сұрайды. Ата-ана балалардың көзқарасын, назарына сала бақылап, олардан сызылп тұруды, тәуір көрушілікті талап етеді. Анасы балаларының көзінше таныстарына «Мынау әкесін өте қатты жақсы көреді, мені де өте қатты жақсы көреді, өзі бір сынық мінезді бала...» деп жиі сөз етеді.

Мұндай отбасының аса сезімталдық пен елжіреушілікке батқандығы соншалық, басқа ештенеңі сезбейді де. Отбасылық тәрбиенің маңызды көптеген ұсақ-түйектері ата ананың назарынан тыс қалады. Ата-анаға деген сүйіспеншілігі үшін бала бәрін де істей беруге тиіс. Мұндай тәрбиенің зиянды жағы көп. Осыдан отбасылық өзімшілдік пайда болады. Әрине жоғардағыдай сүйіспеншілікке үнемі жасай беруге баланың мүмкіншіліг келмейді. Олар ұзамай әке-шешені қалай болса солай алдауға болатынын сезеді. Бұртиып өкпелеп-ақ жақсы көрмейтіндігін сездіріп әкесі мен шешесін қорқытуға да болатынын біледі. Бала ересек адамдарға жарамсақтануға болатынын біледі. Басқа адамдарды бала ата-анасындай онша қатты жақсы көре алмайтындықтан, оларға ешбір сүйіспеншіліксіз-ақ, құр әншейін арсыздық мақсатпен жарамсақтанады. Кейде балада ата-анаға деген сүйіспеншілік ұзақ сақталады. Оның есесіне өзгелердің бәрін тосын және жат адамдар деп қарайды, оларды ұнатпайды оларға деген жолдастық сезім де болмайды. Сондықтан да мұның өзі- беделдің өте қауіпті түрі. Ол баланың өтірікші де өзімшіл болуға тәрбиелейді. Көбіне мұндай теріс тәрбиенің алғашқы құрбаны ата-ананың өзі болады.

Қайырымдылық бедел.

Мұның өзі- беделдің барып тұрған ақылсыздық түрі. Мұндай жағдайда да балалардың тіл алуы олардың ата-анаға деген сүйіспеншілігі арқылы ұйымдастырылады, бірақ бұл сүйіспеншілік еркелеуден, достық сенім беруден емес, ата-аналардың айтқанды істегендігінен, жұмсақтығынан, қайырымдылығынан келіп туады. Әке немесе шеше баланың алдында шапағатшы періште бейнесінде көрінеді. Олар балаларды не ісейміз десе де рұқсат етеді. Олардан аяры жоқ, жомарт, тамаш ата-аналар. Олар дау-жанжалдың қандайынан болса да қорқады, отбасының тату-тәтті тұрғанын көздейді, әйтеуір бәрі де жақсы болу үшін олар нені болса да құрбан етуден тайынбайды. Мұндай отбасында көп ұзамай балалар ата-анасына көріне әмір ете бастады, ата-ананың қарсыласпауы балалардың тілек талаптары мен еркелектеріне мейлінше кең жол ашады. Кейде ата-аналар ептеп қарсылық етіп те көреді, бірақ оңысы кештік қылады, өйткені отбасында зиянды әдет әлдеқашан қалыптасып қалған.

Достық бедел.

Балалар дүниеге әлі келген де жоқ, ал ата-ана арасында «Біздің балаларымыз өзіміздің досымыз болады»,- деп жорамалдаушылық тым жиі кездеседі. Жалпы алғанда, мұның өзі, әрине жақсы нәрсе. Әкесі мен ұлы, шешесі мен қызы дос бола алады және дос болуға тиіс те, дегенмен ата-ана отбасының үлкен мүшелеріде, ал балалар қалайда тәрбиеленушілер болып қалуы тиіс. Егер достық нағыз шегіне жетсе, тәрбие жұмысы не қойылады, не қарама қарсы процесс басталады. Балалар ата-аналарын үйрете бастайды. Мұндай жағдай кейде интеллигенттер отбасында кездеседі. Бұл отбасында балалар әке-шешесінің атын-атап, оларды әжуа қылады, сөйлетпей қақпайдап отырады, қандай да болса тіл алу туралы әңгіме жайында қалады. Әрине, мұнда достық та болмайды, өйткені өзара сыйласпайынша ешбір достық болуы мүмкін емес.

Сатып алушылық бедел.

Балаға сыйлық беру, уәде ету арқылы тіл алдыру- беделдін адамгершілікке мүлде жатпайтын түрі. Ата-аналар беттері шіміріпестен: «Тіл алып жүрсен, саған ат сатып әперем, тіл алып жүрсен циркке барамыз»,- дейді.

Әрине отбасында кейбір көңіл аулаушылықтың болуы да мүмкін, ол әйтеуір сыйлық беру сияқты болуға тиіс, бірақ тіл алғаны үшін, ата-анаға жақсы көзқарасы үшін ешбір жағдайда сыйлық беруге болмайды. Жақсы оқығаны үшін, бір күрделі тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін сыйлық мөлшерін жариялап, балаларды мектептегі немесе басқа бір жұмыста қызықтырарлық уәделермен желіктіруге еш уақытта да болмайды.

Біз жалған беделдің бірнеше түрін мысалға келтірдік. Олардан да басқа, тағыда толып жатқан түрлері бар. Көңіл көтерушілік бедел, оқымыстылық бедел, қалтқысыздық бедел, әсемпаздық бедел дейтіндер бар. Ал кейде ата-аналардың жалпы ешқандай бедел туралы ойламайтын жағдайлары да жиі кездеседі, әйтеуір қалай болса солай, ептеп күнелтіп, бала тәрбиелеуді әурешілікке салып жүре береді. Бүгін кейіп әкесі ұлын болмашы нәрсеге жазалайды да, ертеңіне ол мейірі түсіп елжірейді. Келесі күні көңілін аулап, оған бірнәрсе уаде етеді. Ал одан кейін бір күні тағы жазалап өзінің осыған дейінгі істеген жақсылығын міндет етеді.

Ондай ата-аналар мүлде дәрменсіздігінен өздерінің не істеп жүргендерін мүлде түсінбей, әрқашан аласұрады. Әкесі беделдің бір түрін, шешесі екіншісін ұстайтын жағдай болады. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дипломат болуға, әке-шешенің арасында бұлталақтауды үйренуге тура келеді.

Ақырында мынадай болады: ата-аналар балаларына тіпті көңіл аудармай, өздерінің жан тыныштығын ойлайды, сонымен, отбасында нағыз ата-аналық бедел неден құралуға тиіс?

Ата-аналардың өмірі мен жұмысы, олардың азаматтық қасиеті мен жүріс-тұрысы ғана ата-аналық беделдің басты негізі болуы мүмкін. Отбасы дегеніміз- әрі үлкен, әрі жауапты іс. Бұл істі ата-аналар басқаларды осы үшін өздерінің бақыты мен балаларының өмірі алдында, қоғам алдында жауап береді. Егер ата-аналар бұл істі адал, ақыл-оймен істесе, егер олардың алдында әрі маңызды әрі тамаша мақсат қойылса, егер олардың өздері әрекеттері мен қылықтары жөнінен өздеріне толық есеп беріп отырса, демек оларда ата-аналық бедел болғаны. Ешқандай басқа негіздер іздеудің керегі жоқ. Тіпті жасанды бірнәрсені ойлап табуды да қажеті аз. Балалар ержете бастады дегенше әкесі мен шешесінің қайда жұмыс істейтіні, олардың ондағы қоғамдық жағдайының қандай екенін әрқашан білгілері келеді. Олар ата-аналарының немен тіршілік ететінін, неге көңіл аударатынын, кімдер қатарлы адамдар екенін мүмкіндігінше ерте білуі тиіс. Ата-аналардың еңбек сіңіріп жүрген қызметтері балалар көз алдында тек сыртқы көрінісімен ғана емес, шын мәнісінде қадірлігімен де бәрінен бұрын сіңірленген қызметі жеке емес, еліміздің қол жеткен табыстарына қосылған үлес жағдайында көрсе пайдалы болар еді. Балаларда менмендік емес, оларға деген мақтаныш болуы тиіс. Бірақ балалар тек әкесіне немесе шешесіне ғана мақтаныш етіп қоймай, Отанымыздың даңқты атақты адамдардың да аттарын білулері қажет. Олардың ұғымынша әкесі немесе шешесі сол қайраткерлердің үлкен сабын түзушілер болып көрінуге тиіс. Мұнда әрбір адамның еткен қызметінің өзінше қиншылығы да, өзінше абыройы да барын әрқашан естен шығармауы керек. Сондықтан ата-аналар өз жұмыстары салаларында өздерін балаларына ешуақытта да ешнәрсемен салыстырмай данышпан етіп, рекордсмендер қатарында көрсетпеуге тиіс. Балалар басқа адамдардың да қоғамға сіңірген қызметтерін, жақын жолдастарының әкелері мен шешелерінің де қызметтерін міндетті түрде көруге тиіс. Ата-ананың азаматтық беделі, мансапқұмардың немесе мақтаншақтық беделі болмай, коллектив мүшесінің беделі болса ғана ол нағыз шыңына жетеді. Егер сіз балаңызды өзіңіздін жұмыс істеп жүрген зауытыңызды тұтас мақтаныш етерліктей, зауыттың табыстарына қуанарлықтай етіп тәрбиелесеңіз, сіз оны дұрыс тәрбиелегеніңіз. Қалайда ата-аналар өз коллективінің өрісі тар, еңбек майданының қайраткерлері ғана көрінуге тиіс емес.

Әке мен шеше осы үлкен өмірді құруға қатысушылар есебінде көрінуі қажет. Халықаралық өмірдің оқиғалары, әдебиет жетістіктері- осының бәрі әкенің ақыл ойына, оның сезіміне, оның алға талпынуына әсер етуі тиіс. Осындай ата-аналар ғана, өмірден толық хабары бар, біздің еліміздің азаматтары ғана балалар алдында нағыз беделге ие болады. Бұл арада балалар біздің сапалық қасиетімізді көріп таңдану үшін өмірді «әдейі» осылай сүруіміз керек екен ғой деп ойлай көрмендер. Ол- теріс ұғым. Сіз шынымен-ақ осындай өмір сүруге тиіссіз, оны балалар алдында ерекше бейнелеп көрсетуге тырысудың қажеті жоқ. Керегін балалар өздері ақ көреді, оған күмәніңіз болмасын.

Бірақ сіз тек азамат қана емессіз. Сіз әкесіз де. Сондықтан да сіз аталық ісіңізді, мүмкіндігінше, жақсырақ атқаруға тиіссіз, сіздің беделіңіздің түп-тамырының өзі сонда. Ең әуелі сіздің балаңыздың не істеп жүргенін, неге көңіл аударатынын, нені тәуір көретінін, нені тәуір көрмейтінін, нені қаламайтынын білуіңіз керек. Сіз балаңыздың кіммен дос екенін, кіммен ойнайтынын, не оқитынын, қалай түсінетінін білуге тиіссіз. Бала мектепте оқыған кезде оның мектепке, мұғалімдерге қандай көзқараста екені, қандай қиыншылыққа кездесіп жүргені, класта өзін қалай ұстайтыны сізге белгілі болуы керек. Осының бәрін сіз әрқашан, балаңыздың жастайынан-ақ біліп отыруға тиіссіз. Баланың күнделікті өмірінде кездесетін әр-түрлі қолайсыз жағдайларды, дау-жанжалдарды сіз дәл болған кезінде білмей, күні бұрын болжап, баланы ондай жағдайдан алдын-ала сақтандыруға тиіссіз.

Соның бәрін білу керек, бірақ бұл жерде баланың жүріс-тұрысын тексеріп, оны сұрақтармен мазалап немесе тыншылық жасап, қадағалап отыр деген ұғым тұрмауы тиіс. Сіз әуел бастан-ақ бала тәрбиесін олардан өздері не істеп жүргендерін өзіңізге айтатындай өзіңізге айтқысы келіп тұратындай, олар сіздің біліп отырғаныңызды тәуір көретіндей етіп ұйымдастыруға тиіссіз. Кейде сіз балаңыздың жолдастарын үйге шақырып, тіпті қонақ етіп жіберіңіз; олардың үйіне барып тұрыңыз. Сөйтіп, алғашқы орайы келгенде-ақ олардың үй ішімен танысып алуға тиіссіз.

Мұның бәріне көп уақыт керек емес, бұл үшін балаларға, олардың өміріне көңіл аудару қажет.

Егер сіз осының бәрін біліп көңіл аударып отырсаңыз, оны бала сөзсіз аңғарады, мұның өзі бала тәуір көреді. Осы үшін ата-аналарын қадірлейді. Біліп отыру беделі көмектесі беделіне әкелетіні сөзсіз. Баланың өмірінде нені қалай істеу керек екенін білмейтін, яғни кеңес пен көмекке мұқтаж болатын жағдай жиі кездеседі. Мүмкін, ол сізден көмек сұрамас, өйткені ол мұның есебін таба алмайды. Ондайда сіздің өзіңіз көмектесуге тиіссіз. Мұндай көмек тікелей кеңес кейде әзіл, кейде тәртіп, кейде тіпті бұйрық беру түрінде көрсетілуі мүмкін. Егер өзіңіз балаңыздың мінез құлқын жақсы білсеңіз, қайтенде дұрыс көмектесуге болатынын өзіңіз де байқайсыз. Кейде көмекті ерекше бір әдісті қолдана отырып көрсетуге тура келеді. Не балалардың ойынына қатысу керек болады, не балалардың жолдастарымен танысу керек болады, немесе мектепке барып мұғаліммен сөйлесу қажет болады. Егер сіздің отбасыңызда бірнеше бала болса, оның өзі-үлкен бақыт. Онда әлгі көмектесу ісіне балалардың ағалары мен апаларын да қатыстыруға болады.

Ата-аналық көмек жалықтыратын, безердей ететін қалжырататын көмек болмауға тиіс. Кейбір жағдайларда қиыншылықты баланың өзінің жеңіп шығуына мүмкіндік беру қажет, кедергілерді жоюға неғұрлым күрделі мәселелерді жүзеге асыруға өзін әдеттендіру керек. Бірақ баланың ол істі қалай істеп жүргенін әрқашан бақылап отыру керек. Қиыншылықтан шыға алмай шатасып, өкініште қалуына жол беруге болмайды. Кейде сіздің сақтығыңызды, көңіл аударатындығыңызды, оның күшіне сенетініңізді баланың тіпті байқағаны да жөн.

Көмектесі, сақтана және қадағалай басқару беделі мән-жайды біліп отыру беделімен игілікті толықтырып отырады. Бала сізді өзімен қатар жүргендей көреді. Оған сіздің ақыл қамқорлық ететініңізді сезеді, бұл арада ол сіздің өзінен бір нәрселерді талап ететініңізді, жауапкершілікті түсірмейтініңізді, жұмысының бәрін сіз істеп бермейтініңізді біледі.

Міне, сондықтан да жауапкершілік жолы ата-ана беделінің маңызды бір жолы болып табылады. Сіздің отбасыны, баланың өзі басқарып жүргеніңіз сіздің жеке басыңыз үшін рақат не қуаныш екені деп оның ешбірін ойламауы керек. Сіздің сол үшін де, өзіңіз үшін де қоғам алдында жауап беретініңізді білуге тиіс. Балаларға тәрбиеленіп жүргендерін, олардың көп нәрсені үйренуі керек екенін және жақсы адам, жақсы азамат болып өсуге тиіс екенін, осы мақсатқа жету жолында ата-ананың жауап беретінін, ондай жауапкершіліктен өзіңіздің бұл тармайтындығыңызды ұл демей, қыз демей қорықпай-ақ ашық және батыл айтуыңыз керек. Жауапкершіліктің бұл жолында тек көмектің ғана емес, талаптың да бастамалары жатыр. Кейбір жағдайларда бұл талап қарсыласуға жол берместей, ең қатал түрде қойылуы пайдалы болып шығады. Тіпті, жас кезінде-ақ бала өзінің және ата-анасының басқа өмірден оқшау тұрмайтынын сезуге тиіс.

Әңгімемізді аяқтай келіп, айтылғандарды қысқаша қорытайық.

Отбасында беделдің болуы қажет.

Нағыз беделді жасанды принциптерге негізделген және қандай амалмен болса да тіл алғызуға тырысқан жалған беделден айыра білу керек. Шын бедел сіздің азаматтық қызыметіңізге, азаматтық сезіміңізге, баланың тіршілігін сіздің қаншалықты білетініңізге,сіздің оған көрсеткен көмегіңізге, оны тәрбиелеудегі сіздің жауапкершілігіңізге негізделеді.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!