жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
мақала Ата-ананы сыйлау парыз
Ата-ананы сыйлау парыз
Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
(мақал-мәтел)
Ата-ана-отбасының діңгегі,бастапқы дәнекері.Дүниеге келген шағыңнан олар сенің қамқоршың, ақылшың,мейірімін шексіз төгіп беретін жандардың алғашқысы және соңғысы. Ана деп бір ауыз сөз айтқанда бүкіл әлемді сол сөзбен баулап алуға болады.Әке- тірегің,биік шынарың,талмас жігерің. Олар бар жерде өзіңді толығымен сенімді, қуатты,батыл ұстайсың.Өмірде ата-анасыз өсіп жатқан балалар аз емес.Олардың жалғыз арманы әке-шешенің құшағы мен мейірімді жүректердің жылуы. Кейбір жандар ата-анасын сыйлау былай тұрсын,жағдайын да сұрамайды.Сені әлпештеп бағып, оқытып, жағдайыңды жасап,жақсылығын тілеп отырған ата-ананы қарттар үйіне тапсырғандарды естіп ғана қоймай, көріп жүргеніміз де баршылық.Көздерін мөлдіретіп,жүректерін дүрсілдетіп,жанарларына мұң емес қуаныш,шаттық сыйласақ, біздің өміріміз жұмақтың төрінде болар еді ғой.Олардың ақ батасын алып отырсақ, нұр үстіне нұр төгіледі.Ананың махаббатының арқасында мейірімнің, жақсылықтың ,адалдықтың не екенін ұғып, өсіп, өркендеп келемін.Ата-ана ешқашан баласына жаманшылықты, зиянды әрекетті үйретпейді. Кез келген адамның жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүт беріп,өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Ақшаға да,алтынға да ананың жұмсақ алақаны мен адал жүрегі сатылмайды.Ол тек ата-ананы сыйлап, бағалай білген адамның басына қонған бақ құсы болмақ. Өмірдің қас-қағым сәтінде оның қадірін, жанарындағы тұңғиық сезімін түсінгеніміз жөн.Ананы бүкіл әлем сыйлайды.Баланы тоғыз ай көтеріп,дүниеге әкеліп қана қоймай,аялап өсіріп,көзінің қарашығындай қорғайтын құдірет иесі-ана.Әке жүрегінен бала бойына ержүректілік,батылдық, өмірге деген құлшыныс дариды. Оның әрбір айтқан сөзі батырлық пен патриотизмді ғана үйретіп қоймай,қилы тағдыр жолындағы қиындықтарды табандылықпен көтеруге септігін тигізеді.Ерте кезден әкеге деген құрмет ерекше орын алған.Әр отбасы үйдің тірегіне сенім артып, сол адамның айтқанымен үй ішінде белгілі тәртіптерді ұстанған. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап,құрметтеуге бейімдеп отырады.
Табиғатпен байланысқан халық мақалында «Әке-асқар тау,ана-бауырындағы бұлақ,бала-жағасындағы құрақ», -делінген.Үйдің тірегі-әке,ұйытқысы-ана,сәні-бала деуге болады.«Төріңнен қарт кетпесін» деген халық сөзі бекер айтылмаған.Жасы үлкенді сыйлау,қарттың бүгілген беліне сүйеу болу-біздің ата-дәстүріміз. Қазіргі заманда бұл дәстүрді көп жандар ұстамайды.Яғни,адамдар надандықпен бірге тең бағытта өмір сүріп жатыр.Ата-анасын құрметтемеген баладан бұйым жұртты сыйлайды деп үміт күтпек түгілі,армандаудың өзі қиын болып тұр. «Баланы жастан» дегенге мен толығымен келісемін. Тіршілік атаулы үлкен әлемге сәби келгенде,ата-ана сол күннен оның тәрбиесіне назар аударуы керек.Оның әдепті болып өсуі әке-шешемен тығыз байланысты.Мысалы,жеміс ағашын баптап, суарып қарасаң ғана жемісін береді.Балалар да сондай, сенің үйреткеніңе қарай өмір жолын салады.Санасызға қанша айтып,қанша жалынсаң да, ақылға келмейтіні де бар. «Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды» деген бар емес пе? Ата-анаға қатігездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Мұндай адамдардың өмірі тозақтан кем болмайтыны анық.Аяулы асыл анам мен ақылшы, қамқор әкемнің алдында үлкен парызым бар.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу-айрықша парыз.Әкеге бағыну-Аллаға бағыну. Халықта «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де өтей алмайсың» деген түсіндірме сөз бар.Ұлы Алла бізді жоқтан бар етті.Күллі әлемді біз үшін жаратты,өзінің шексіз мейірімділігімен ойлау, көру, есту, сөйлеу, денсаулық сынды сан мыңдаған нығыметтерге бөледі.Бізге берген байлығымызды орынды,жөнімен қолданғанымыз жөн.Шаршап , қиналып істейтін жұмыс емес,сыйлап, құрмет ету.Кішірейгеннен сенің беделің түсіп,қайғың көбеймейді. Ата-анасының қадірін білетін жанды, халық та құрмет етіп, биік шыңнан түсірмейді.Кейбір екі жүзді сұрхия адамдар да кездесіп жатады, олар ата-ананың алдында осындай борышы бар екенін де ұмытып кетеді. Көздерін шел басып,адал жолдан адасып жатқан жас ұрпақ тәубеге кел дегім келеді. Қазіргі тыныш заманымызда біз үшін ата-анаға қосатын үлкен үлесіміз жоғары білім алып, маман иелері атану.Ол ғана емес, адамгершілік қасиеттерді сақтаған дұрыс.Менің жетістігім-ата-анамның маған берген тәрбиесі мен жүректерінің жылулығының жемісі.Сенің еркелігіңді,қыңыр мінезіңді,жан дүниеңді толық түсінетін бірден-бір жан- ата-ана.Өмір болған соң неше түрлі оқиғаларды бастан өткіземіз.Ең сорақысы тас жүрек ана дегенді де естіп жүргеніміз баршылық.Тас жүрек дегенім сәбиге жарық дүние есігін ашып,сол бейкүнә нәрестенің көз жасын көлдетіп тастап кеткен жандарға берілген ең қатыгез есім деуге болады.Ол өзінің өмірімен қоса баланың келешегіне балта шауып отыр.Біреуге баланы тастап кету оңай болса,біреулер сол балаға зар болып жүр.Ар-намыс ,жүрек,мейірім,махаббат,адалдық,жақсылық бәрі керемет,оны ұстанған жан ең бай,ең ақылды,ең сұлу адам десем артық болмас.Ата-ана деген сөздің мағынасы- менің панам,менің жүрегім,менің болмысым ғана емес, барша әлем бас иетін құдірет.Адамзат, алдымен, ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ержетіп,адам болуын қалайды. «Ат биеден туады,алып анадан туады» дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалым да,ел басқарған көсем де,күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана-тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Оны ардақтау-әркімнің міндеті,бұл өмірде қымбат адамдардың бірі болып саналады.Ата-анам үшін жүрегімді жұлуға,өмірімді қиюға бармын,себебі олар мені өсірді,бақытты өмір сүруіме жол ашты.Адамдар өзіне қымбат жандарды жоғалтып алған кезде ғана іздейді,ертерек оның жағдайын сұрамаймыз,кейін қайғырып жылайтын сәттерде бар.Өкініш көңілде қалмасын десек, ата-анаң тірі шағында батасын алып,қуаныш сыйлайық .
Ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында бір аңыз бар.Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған еді.Жігіт сұлу қызға ес-түссіз ғашық болған дейді.Қыздың көркі болғанмен, сана жоқ-ты.Анаңның жүрегін алып келсең, мен саған жар боламын деген серт береді.Сезімге берілген жас жігіт қыздың айтқанын орындайды.Анасының жүрегін жұлып алып,сұлуға асыққан ол, сүрініп құлап түседі.Сондағы жүрек үн қатып: « Құлыным, байқасаңшы»,- деген екен.Бұл-ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін мәнді мысал. «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде терең ой жатыр.Баласы зар жылатып,аңсатып, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?Абай атамыз «Баланың жақсысы-қызық,жаманы-күйік» дейтіні содан шығар.Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу,пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой.Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп,өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі.Сөзін құлаққа ілмейтін,өзі жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып,төрдегі басын есікке сүйрейді.Әр адам әке-шешені сыйлау парыз екенін ұғып,оларды құрметтеп,мейіріміне бөленсін.Мен үшін бұл әлемде олардың орны ерекше, махаббатым шексіз.Түн ұйқысын төрт бөліп,аялы алақанымен ,ақ сүтін беріп өсірген ананың алдындағы қарызымды өтеу- менің парызым.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген