×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ

Мақала: Аутизм үкім емес

Автор:Куванбаева Меруерт Уразбековна
Бағыты: Коррекциялық мектеп
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-03-26

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Материал Аутизммен ауыратын балдарға және оның ата-аналарына қажет.Аутизмді анықтауға,онымен күресуге,үмітін үзбеуге керек


Жалпы, адамзат өз тарихында сан мыңдаған жетістіктерге жетіп, қандай салада болмасын белгілі бір зерттеулер жүргізе отырып, осы зерттеулерден нәтиже алу арқасында адам және оның болмысы, әлем туралы түсініктер қалыптастырған және әлі де қалыптастыруда. Көзбен көріп, қолмен ұстай алатын көптеген дерлік құбылыстар әр түрлі ғылым салаларымен зерттеліп, түсіндірілген, алайда кейбір құбылыстар тек сыртқы жәйттармен ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі жай-күйімен, қоршаған ортасымен, жүйке жүйесінің төзімділігімен, күйзеліс, депрессия әсерлеріне берілу деңгейімен байланысты болып, ғылым тұрғысынан да, әлеуметтік тұрғыдан да жеткілікті түсіндірілмей, мәселе ретінде шешімін таппай тұрғандары қаншама. Осының ішінде күрделі де, әлі толықтай генетика тұрғысынан да, психология тұрғысынан да зерттелмеген мәселе – аутизм болып табылады. Бүгінгі таңда аталған құбылыс халық арасында кеңінен танылып, оған себеп ретінде, бірі генетиканы айтып, оны генетикалық ауру ретінде сипаттаса, екінші бірі, бұны адамның ішкі жай-күйімен байланыстырып, ахуал ретінде сипаттайды. Дегенмен де, аутизм – толығымен зерттелмеген құбылыс. Кейінгі кезде, аутизм туралы жиі айтылып, ол туралы мәселе көп қозғалатын болды. Бұған себеп келесідей жағдайлар. Мәселен, алғашында, тіптен мұндай диагноз қою, сырқатты анықтау мүмкін болмаған болса, екінші бір жағдайда диагноз қойылғанымен, емі табылмаған, ал кейінгі кезде аталған құбылысқа көп көңіл бөлініп, жастар арасында тіптен қоршаған ортада белсенділігі төмен, оқшау балаларды «аутист» деп келеке ету сәнге айналды. Енді бірде, «аутизм» белгілерін баланың мінезінің ерекшеліктеріне, баланың ұяңдығына, ұялшақтығына баласа, кейінгі кездері медицина дамуына байланысты кешенді зерттей отырып, кейбір белгілерді аутизмнің белгілері ретінде сипаттаған.Қазіргі кезде талай талқылаулардың пәніне айналған «Аутизм генетикалық сырқат па, әлде ахуал ма?»-деген сұраққа дұрыс жауап беру үшін алдымен аталған құбылысты толықтай зерттеп, оның белгілерін айқындап және нақты емін табу қажет. Қалай дегенмен де, аутизм – бұл қалыпты жай-күйден ауытқу, ми жүйесі мен жүйке жүйесіндегі қайтарымсыз процесстердің орын алуы болып табылады. Сол себептен де аталған ауруды ерте кезінде анықтап, оған қажетті емді табу, болашақта бұл сырқатқа ұшыраған адамдардың жарқын болашаққа, қоғамдағы орын алып жатқан құбылыстарға белсене араласуға деген мүмкіндіктерін арттырады. «Аутизм» термині бізге неміс тілінен енген болатын, аудармасында «өзім» деген мағынаны білдіреді. Яғни, аутизммен ауыратын балалар қоршаған ортадан алшақ болады, өзінің ойлап тапқан әлемінде өмір сүреді, өзгерістерден қорқады, бір жасаған іс-әрекетін қайта-қайта қайталап отыра бере алады, атымен атап шақырғанда елемейді, белгілі бір затқа ден қойып, қарамайды, зеректігі өте төмен болады. Осылай дей отыра, біз аутизм ауруына шалдыққан балалардың барлығы қоршаған ортадан алшақ, мүлдем белсенсіз деп айта алмаймыз, себебі «аутизм» ауруы әр балада әрқилы өтіп, бір баланың сырқатына қарамастан, қоршаған ортаның белсенді мүше болуы әдбен мүмкін болатын болса, екінші бір бала ерекше күтім мен қарауға мұқтаж болады. Аутизм сырқатын түсініп, ол туралы толығырақ ақпарат алу үшін ең алдымен оның туындау себептерін, ол қандай балаларда кездесетіндігі туралы ашып айтқан жөн. Негізінен, аутизмнің туындау себептері әлі де нақты айқындалмаған, алайда келесідей факторлар орын алғанда, аутизм сияқты сырқат туындауы мүмкін.
  • ата-аналардың жүкті болу кезіндегі жас мөлшерінің үлкен болуы, атап айтқанда әкесінің жасының үлкен болуы;
  • отбасыда бұрынырақ аутизм сырқатымен ауырған мүшелердің болуы;
  • баланың көпбалалы отбасыда жетінші, сегізінші бала болып дүниеге келуі;
  • жүктілік кезінде баланың анасының қызылша, туберозды склероз сияқты ауруларға ұшырауы;
  • жалпы жүктіліктің қандай да бір патологиялармен өтуі;
  • бала туу кезінде әр түрлі жарақаттар алу;
  • бала туылғаннан кейін де балаға әсер етуі мүмкін түрлі факторлар.
Жалпы аутизм 2-3 жасқа дейінгі балаларда анықталынады. Аутизм белгілері ретінде 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларда келесі белгілерді атап көрсете аламыз:- әлеуметтік әсерлесуі төмен, әлсін немесе мүлде жоқ;- бала сөйлемейді, қандай да бір дыбыстар шығармайды;Жалпы, аутизм ауруына шалдыққан балалар шындық пен өзінің ойлап тапқан әлемін ажырата алмайды, сонымен қатар, олардың сезімталдығына байланысты кез келген дыбыстар оған 10-15 есе естіледі. Мұндай балалардың әрбір концертке және киноға баруы – әр кез сайын өзінің қорқыныштарымен кездесу болып табылады.Әлемдік статистикаға сүйенетін болсақ, әлемдегі әрбір алпыс сегізінші балаға аталған диагноз қойылады, ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша 10 жылдан кейін бұл диагнозды әрбір екінші балаға қою мүмкін болады деп болжамдаған. Сөзсіз, бұл өте үлкен көрсеткіш.Аутизмнің не екенін медицина тұрғысынан да түсіндіру біршама қиын болып табылады. Жиі, бұл туралы сөз қозғалғанда келесідей түсінік беріледі: «Аутизм – адамның әлеуметтік және өзін-өзі ұстау дағдыларына әсер ететін псхологиялық дамудың бұзылуы». Тіптен аутизм туралы психологияның өзінде де нақты түсінік қалыптаспаған. Алғаш «аутизм» терминін шизофрения ауруының белгісі ретінде қарастырып, 1911 жылы швейцар психиатры Эйген Блейлер енгізген болатын. Алайда аутизм – бұл жалпы түсінік. Ол көптеген ауруларды меңзеуі, білдіруі мүмкін, бірақ олардың барлығын бірнеше белгілер біріктіреді. Атап айтатын болсақ, қоршаған ортада өзін-өзі ұстай алмау, жарыққа, шуға төзімсіздік, жиі адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмау. Аутизммен сырқат адам ол Даун синдромы бар немесе өзге де хромосомалық ауытқулары бар адам емес екендігін ескерген жөн, себебі аутизм – бұл қандай да бір хромосомалардың ауытқуынан, бұзылуынан, үзілуінен не болмаса өзгеруінен туындайтын ауру емес, гендармен байланысты аса күрделі ауытқушылық.1. Аутизм гендерде. Зерттеулер жүргізу барысында ең үлкен жаңалық гендар мен генетикалық мутацияларға ұшыратуы мүмкін 60 ген табылған, бұл гендардың аутизмды тудыруға 90 пайыз мүмкіндігі бар болып табылады. 2. Ми клеткаларының жиырылуы мәселесі аутизм ауруының себебі болуы мүмкін. Аталған генетикалық мутациялар баланың мидың дамуына қалай әсер ететінін анықтау үшін нейрофиологтар мұндай процесстердің аутизмге шалдыққан балаларда қалай өтетіндігін бақылау қажет екендігін айтқан. Жалпы, жиырылу кезінде ми әлсіз байланыстарды үзіп, тәжірибеге негізделген байланыстарды күшейтеді. Осылайша, ми клеткаларының жиырылуы одан да жоғары деңгейде тұрған молекуламен байланысы бар болуы мүмкін және осының есебінен ми клеткаларының дисфункционалды ми клеткаларының компоненттерінен арылу қабілеттілігін бұзады.3. Аутизмді ерте анықтау және оған араласу көмектеседі. Ғалымдар жаңа Ерте Денверлік Модельді енгізіп, аутизм сырқаты бар балаларды осы тәсілмен емдеген болатын. Нәитижесінде аталған балалардың IQ көрсеткіші мен сөйлеу қабілеттері жақсарған. Олар объектілерді бақылауда біршама жақсы көрсеткіштер көрсеткен, ал традициялық жолмен емделген балаларда нәтиже керісінше болған. Сол себептен де аутизм сырқатына шалдыққан балаларды бұрынғы емдеу тәсілдерімен емес, жаңа тәсілдермен емдеу абзал болатыны анық.Осылайша, аутизм – бұл қарапайым адам ауыртпалықтарын көтере алмаумен, әсіресе басқа адаммен жақын қарым-қатынасқа түсуден қорқумен, Мен деген сезімінің әлсіздігімен сипатталатын дамудың бұзылуы. Аутизмнің ауыр түрлері өте сирек кездеседі, алайда жеңіл түрлері кең таралған. Аутизм сырқатына шалдыққан балалар сөзсіз қоршаған ортадан алшақ, көп қарым-қатынасқа түспеуге тырысады, бірақ оларды көбі осы үшін социопаттар деп ойлайды. Аутисттер социопаттар емес. Шын мәнінде олар қоршаған ортадан – сөйлесуден, түсінуден және әсерлесуден сырт айналмайды, керісінше аутизм диагнозы қойылған балаларда мұндай құлшыныс жай балалардан қарағанда қаттырақ дамыған. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түспеуінде көбінесе олардың әлемді сенсорлық қабылдауы себеп болып жатады. Мәселен, бірі дәм мен иістерге сезгіш болса, бірі әлемді мүлде басқандай етіп көреді, ал тағы бірі уақыт пен кеңістікте жаман бағытталады. Олардың көпшілігінің сөйлеу функциялары бұзылмаған және қарым-қатынасқа жақсы түседі, сонымен қатар олардан әйгілі музыканттар, ғалымдар, математиктер шығуы әдбен мүмкін, себебі олардың интеллекті мен IQ көрсеткіштері жоғары болуы да мүмкін. Аутизм диагнозы қойылған адамдардың интеллекті әртүрлі – ең төменнен, ең жоғарыға дейін болуы мүмкін. Кейде аутистер барлығын тым нақты қабылдап, сөйлесу барысында адамдардың эмоцияларын түсінбей, астарлы сөздердің мәнісін түсінбей әуре болады. Көптеген аутисттер адаммен сөйлесуді қалайды, алайда қалай дұрыс сөйлесу керек екендігін білмейді. Олар басқа адамдардың көңіліне қаяу түсіруден, я болмаса көңілін қалдырудан қорыққан себепті қоршаған ортада болатын жәйттарға араласпай, жиі өз-өзімен болып, тұйықталады. Көптеген аутизм диагнозы қойылған балалар өз ата-аналарына байланып қалған, алайда оны сөзбен де іспен де көрсете алмайды, дәлірек айтсақ көрсетуге қорқады. Нәтижесінде, ата-ана мен бала арасында тиісті қарым-қатынас орнамай, баланың онсыз да ауыр халін одан әрі ауырлататын екі арадағы алшақтық орнайды. Жиі ата-аналар мұндай жағдайда балаларына шамадан тыс көңіл бөлмей, оған барынша еркіндік беріп, мазаламауға тырысады және осы ісімен баланың жағдайын одан сайын ауырлатады. Жоғарыда айтылғанның барлығын саралай келе, аутизмнің генетикалық мәселе екендігін айта аламыз. Алайда нақты қандай себептерден туындайтындығы әлі күнге дейін анықталмаған. Аутист балаға ең үлкен көмек – аутизмді ерте жасында анықтау болып табылады. Аутизмді ерте диагностикалау аутизм диагнозы қойылған баланың қоршаған ортаға тез арада бейімделіп кетуіне алғышарт болады. Сол себептен де қазіргі таңда педиатрлар мен психиатрлар аутизмді ерте диагностикалау мәселесімен айналысуда. Мәселен, Европа елдерінде аутизммен ауыратын балалардың санының көп болуына байланысты, елде жаңа туылатын әрбір баланы иммунологиялық және неврологиялық диагностикалаудан өткізеді. Осылайша аутизм сырқатын ерте уақытта айқындау оның кейін қоғамның белсенді мүшесіне айналып, өз ауруын жеңілдетуге септігін тигізетіні сөзсіз. «Егемен Қазақстан» газетінің берген статистикасына сәйкес, Қазақстан Республикасында аутизм дертіне шалдыққан 14 жасқа дейінгі балалар саны 1 мыңнан астам. Аутизмнің шығу себептері әлі толық зерттелмегеніне қарамастан, біз жоғарыда аутизм ауруына шалдықтыруы мүмкін қауіпті факторларды атап көрсеткен болатынбыз. Бір кездері әйгілі медициналық The Lancet («Ланцет») журналында аутизмді тудырушы фактор ретінде қызамық, қызылша, эпидемиялық паротитке қарсы салынатын вакциналар тудырады деп айтылған болатын. Осыдан кейін көптеген ата-аналар екпелерден бас тартып, ол аутизм тудырады деген ойды ұстанды. Алайда қазіргі таңда бұл журнал ғалымдрының материалдарын «алаяқтық» деп есептесек те болады, себебі екпелерді салдыру – аутизмді тудырмайды. Аутизммен ауыратын адамдар жиі өзіне науқас ретінде қарағанды ұнатпайды, жалпы адами тұрғыдан қарайтын болсақ, бұндай адамдарға ауытқушылығы, кемшілігі бар адам ретінде қарамай, керісінше оларға қолдау көрсетіп, ерекше адам ретінде қарағанымыз абзал. Аутизм жайлы бүкіләлемдік ақпарат тарату күні 2-сәуір болып белгіленген. Бұл күні жыл сайын Light It Up Blue флешмобы өткізіледі. Осы орайда Гүлфия Әлиева өзінің пікірін айтып, «Біздің басты мақсатымыз - қоғам назарын аутизм проблемасына аудару, осындай балалар мен олардың ата-аналарына құрметпен қарауды қалыптастыру. Халық аутизм туралы мүлдем хабарсыз, адамдар оның ауру еместігін, оны түзеуге болатынын білмейді. Мұндай балалар кез келген салада жетістікке жете алады, өз елінің игілігі үшін еңбек етеді, олар үшін өздерін түсінбейтін қоғамда болу аса қиын. Біз осы жандардың ерекше әлемін көрсетпекпіз, сол туралы сөз қозғаймыз»,-деп айтқан болатын. Аутизмді ерте диагностикалауда ата-аналардың қосатын үлесі өте көп, себебі ата-ана өз баласының бойынан қандай да бір ауытқушылықтарды байқаса, баланы логопед-дефектологтарға апарып қинамай, бірден мәселенің анық-қанығына жетіп, ары қарай қажетті ем табу үшін психологтар мен психиатрларға жүгінген абзал.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.