Мақала: «Балабақша бақыт баспалдағы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: «Балабақша бақыт баспалдағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзіме қажет, биринши санатқа отуіме, сертификаттарды жинақтау қорына
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Балабақша бақыт баспалдағы»  «Ел есінде бір жыл қалғың  келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе –   ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие сіңіру, болашаққа жарқын бағыт-бағдар беру, келешекке кемел боларлық ақыл-парасат меңгерту аса жауапты іс екені мәлім. Бала тәрбиесі- баршаға ортақ. Отбасының да, балабақшаныңда, мектептін де мақсат мүддесі бір, ол- заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Балаға айналасындағы үлкендердің, бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек-әрекеті- бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғыларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшағабаратын бала қоғамды өз ойын ашық айтуға үйренеді. Балабақшадағы тәрбие- болашаққа бағыттаудың негізі. Мұндағы беріліетін сабақтың бағдарламасы, тәрбиелеу тәсілі ұлттық дәстүрге негізделген. Балабақшадағы бала тәрбиесі мен оның дұрыс жолға қойылуы ондағы тәрбиешінің  біліктілігіне тікелей байланысты. Сабақ тақырыбы: «Құм қаласына саяхат». Сабақтың мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамытуда өткізілген ашық сабағында тәрбиеші өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білді. Жалпы сабақ барысында мемлекеттің үш тілдік саясатын да қолға алуды ұмытпадым. Үш тілде еркін амандасуда тәрбиеленушілер мен тәрбиешінің арасындағы тығыз байланыста болды. Сабақта - ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек көптеген кедергілер арасымен өтіп қана бара аламыз. Олай болса мына кедергілердің арасымен құлап қалмай жайлап өтіп барайық - деп сиқырлы құммен жұмыстанудың қыр - сырларын көрсеттім. Балалар құмның құрғақ немесе сулы екенін, қатты немес жұмсақтығын, жаңбырша жаудырып, олардың толық құрамымен толық таныса отырып жеке-жеке жұмыстана білді. . Сонымен қатар балаларды ана тiлiнде әдемi сөйлетуге  олардың ой-сезiмдерiн анық, еркiн, көркем жеткiзе алуына, танымдық қабiлеттерiнің  дамуына ерекше мән беріліп, мөлдiр бұлақтың бастауын, көзiн ашып, тұнығына қану үшiн қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші! Балабақшада жұмыс істеу - өз мамандығымның дұрыс таңдағанына ешбір күмән келтірмеймін. Менің ойымша, тәрбиеші – өте қызықты мамандық: балалар жақсы көреді және әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, балалардың өмірімен бірге өмір сүреді, табыстарына қоса қуана алады. Балаларымен тығыз қарым- қатынас жасауым да осының айғағы. 2-3 жастағы балалардың балабақшаға тез бейімделуіне толық жағдай жасап, балалардың ұйымдастырылған оқу қызметтеріне белсене араласуы, сөйлеу мәдениетінің қолға алуы, балабақшадағы ертеңгілікке белсене қызығушылықпен қатысуы, үш тілге балалардың қызығушылық танытуы қуантарлық жағдай. Қазіргі таңда сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуі, сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін,ана тілін қастерлеу үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәрекетін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну екендігін өзімнің шығармашылық ізденісімде байқадым. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №43 «Өркен» бөбекжайының тәрбиешісі Байгазиева Гульнара Жумаевна (Байғазиева Гүлнар Жұмақызы) қазақша түрі
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі