400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала «Балабақша-бақыт баспалдағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:«Балабақша-бақыт баспалдағы».«Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балабақша-бақыт баспалдағы»

«Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген»

Жүсіпбек Аймауытов

Өмірдің мәні де сәні өсіріп отырған ұрпағы

Дүниеге келген кішкентай сәбидің пәк өмірі шығып келе жатқан күн секілді болып шығады. Осы күннен бастап ол баланың балалық шағы басталады. Әр қайсысымыз баланың қылығын көріп, жүзімізден күлкі кетпей, осындай сәттерін есімізге алғанда жүрегіміз елжіреп кетеді. Балалық шақ адам өмірінің ең маңызды бөлігі, қайта оралып келмейтін бақытты, қайталанбас сәттердің бірі. Баланың болашақта қандай болатыны - балалық шағы қандай болғаны кішкентай кезінде қолынан ұстап, жетектетеп жүрген адамына байланысты. Сондықтан баланың балалық шағын жарқын, есте тек қана жағымды естеліктер қалатындай ету өте маңызды.

Балабақша баланың өмірінің қызықты дамуына ықпал беретін ғажап әлемі. Бұл әлемдегі әр адамның орны маңызды. Балалармен бірге өмір сүріп келе жатқан әр адам балаға деген бақытты сәттер сыйлап, сүйіспеншілігін білдіріп, өз білімдері мен тәрбиелерін беріп отыру керек. Алдағы уақытта барлық балаларға арналған мекемелерде өз мамандығын сүймейтін қызметкерлердің болмау керек. Өйткені, ондай кісілер кішкентай бүлдіршіндің жүрегіне жылулық, сүйіспеншілік бере алмайды, ал ол баланың нәзік жүрегіне қаяу келтіреді. Балабақша болсын, мектеп болсын, мұғалім болсын, тәрбиеші болсын- олардың бас міндеті балалардың балалық шағын қызықты, жарқын, бақытты қылу. Бала өміріндегі қадамдарын нық басып жүруге үйрену керек, ал бұны үйрететін балалық шағы, айналасындағы жақындары, тәрбиелеп отырған ата-анасы мен тәрбиешісі. Қазіргі заманның білім ордаларының мақсаты – баланы болашақта өзіне сенімді мақсат қойып, соған жете алатын, еркін шешім қабылдай алатын тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.

Кішкентай балапан балабақшада күндерін тек қана ойын ойнап өткізбейді ол жерде алғаш білімдерін алады, ойын үстінде қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастырып отырады, достарын табады, олармен араласуға, достасуға үйренеді, ән айтып, сурет салып шығармашылық қабілеттерін дамытады, спорттық шынықтыру шаралар мен дұрыс тамақтану арқылы дене бітімін, денсаулығын нығайтады, ал тәрбиеші болса осыған жағдай жасап отырады.

«Балабақша – бақыт баспалдағы» деген сөз өте орынды. Өйткені, бала балабақшада ортаға бейімделеді, ертеңгіліктерге көптеген адамдардың алдына шығып, көрермендерден қорықпай, ұялмай өнерін көрсетуге үйренеді, коммуникативті қабілеті дамиды, өз-өзіні деген сенімділік пайда болады. Осы өзінің бойындағы қасиеттерін білген бала, ата-анасының, тәрбиешілердің мақтауларын алып, өзін бақытты екенің сезінеді. Бала бойына ерте жасынан бастап тәрбие берген жөн, және өте маңызды. Тәрбиесі жоқтын білімі де жоқ болады. Балабақшаның да бірінші мақсаты жас ерекшеліктеріне сай білім беру емес, жақсы тәрбие беру. Тәрбиесі бар адам, бақытты адам.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.11.2021
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі