БАЛАБАҚШАДА
МУЗЫКА САБАҒЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРГЕ БАУЛУ
Садвакасова
Анара Темиртаевна
Павлодар
облысы, Павлодар қаласы
КМҚК
№32 сәбилер бақшасы
Лауазымы:
музыка жетекшісі
«Музыканы
тыңдай және оны түсіне білу – эстетикалық
мәдениеттің қарапайым ғана белгісі,
бұл болмаса сапалы тәрбие беруді елестету
мүмкін де емес»
В.А.Сухомлинский.
Балабақшадағы
сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан
балаларда музыканы тыңдау, оны түсіну,
есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би
билеу, аспаптарды тану қабілеттері
бірте - бірте қалыптасады. Балабақшада
музыка жетекшісінің алдына баланың
бойына қысқа мерзім ішінде аталған
білім дағдыларын қалыптастыру болып
табылады. Балабақшада музыкалық тәрбие
жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән
сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы,
мерекелік ертеңгіліктер т.б.
Балабақшада
музыкалық тәрбиені жүзеге асБалабақшада
музыкалық тәрбиені жүзеге асырудың сан
алуан әдістерін қалыптастыруға мүмкіндігі
мол. Соның ішінде музыка сабағының мәні
зор. Музыкалық сабақты топтағы балалармен
тұтас күйде және әр баламен жеке жүргізу
арқылы оларды адамгершілік қасиеттерге
баулуға болады. Мұндай сабақтар
бүлдіршіндерді жалпы ортақ қуанышқа,
эстетикалық әсерге бөлеуге ықпал етеді,
сондай-ақ мәдениеттілікке, бірлесіп
іс-әрекет жасауға баулиды. Сабақты
ұйымдастыру барысында музыка жетекшісі
балалардың зердесін музыкаға бағыттауға
және еңбектенуге қабілетін ашуға баса
назар аударуы тиіс. Музыка әлемімен
танысу, оны сезіну арқылы бүлдіршіннің
эстетикалық талғамы болады. Музыкалық
тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру нысаналы
оқытуды талап етеді. Балдырғандарды
жан-жақты және үйлесімді дамыту олардың
жас ерешеліктеріне қарай жүргізіледі.
Балаларға музыкалық тәрбие берудегі
мақсатымыз бен міндетіміз: музыкалық
қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен
тану және есте сақтауын дамыту; музыка
тыңдауға, ән үйренуге ынталық қалыптастыру;
музыкалық шығармаларды тыңдату арқылы
олардың балдырғандарға әсерін арттыру;
балалардың музыка туралы ең қарапайым
ұғымдарын қалыптастыру.
Музыка
сабағы баланың жеке басының көптеген
жақсы қасиеттерін қалыптастыруға ықпал
етеді. Ол бүлдіршіндерді қуаныш,
эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді,
жұмыла әрекет жасауға баулиды, байыпты
көзқарасын қалыптастыруға, ойлау
қабілетінің жетілуіне септігін тигізеді.
узыканың құдіретті күшін бала бойына
дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды
әуен баланың күнделікті өмірінде орын
алуы қажет. Музыкалық оқу іс - әрекетінің
музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй,
халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды
қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау,
есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның
мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру
қажет.
Әнді
музыкамен, музыкасыз жеке, көппен
қосылып, орындау кезінде дауысын
дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға,
ырғақты қимылмен музыка үндестігін
сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі
қозғала білуіне ерекше мән беріледі.
Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда
(тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру,
бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз
күші мен ептілігіне қызығушылығы арта
түседі. Ән баламен ойын - сауықтарда,
музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде,
билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек,
ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы
арта түседі.
Мысалы:
1-ойын. «Ән айтқан кім» ойынында үш түрлі
суретпен папасы, мамасы, баласының
суретімен жұмыс жасайды. Мұғалім бұл
жанұяның әнді
жақсы
көретінін айтады, бірақ әр түрлі дауыспен
ән салатынын ескертеді. Папасы жоғары,
мамасы орташа, баласы төмен дауыспен
айтылатын әндер «әке әңгімесі», «Бесік
жыры», «Кішкентай марш». Осыларды бала
қайсысы кімнің дауысы екенін айыра білу
керек. 2-ойын. «Музыкалық үй». Бұл үйде
әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар
тұрады. Мұқият тыңдап, қай аспаптың
ойнап жатқанын айыруға болатынын
түсіндіру. 3- ойын. « Карусель». Бұл ойында
әуеннің жәй тез орындалуын айыра білу
керек.Карусельді айналдырып, әнді
тыңдайды, әннің тез жерінде тез айналдырып,
орташа жерінде орташа айналдырып, темпке
көңіл бөлдіру керек. Музыкалық өнердің
өзі бірнеше міндеттерді шешу қажеттілігін
мақсат етіп қояды: музыкаға деген
сүйіспеншілік пен ынтаны тәрбиелеу;
олардыбелгілі дәрежеде ұйымдасқан әр
түрлі музыкалық шығармалар және
қолданылатын мәнерлеу құралдары бар
жүйеде таныстыра отырып, балалардың
әсер алушылығын байыту; музыканы қабылдау
және ән салу, ырғағын түсіну; балалардың
жалпы музыкаға деген сезімін, әншілік
дауысты және қимыл мәнерлігін қалыптастыру.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі
педагогика» 2012 ж 2. Бала тәрбиесі –
№10.2016ж