400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Балабақшадағы серуен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы серуен.


Тәрбиешілердің балалармен жүргізетін негізгі жұмыстары табиғат аясында өтеді; бақшалар ауласында, қысқы бақтарға, саябақтарға және қала сыртына саяхаттар жасайды. Табиғатпен байланыс, ойластырылған байқауларды, серуендерді, әңгімелерді ұйымдастыру – экологиялық тәрбиені дұрыс жолға қою мен қажетті нәтижені алудың кілті.

Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол – байқау, қадағалау. Сол себепті, баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет. Жеңілден ауырға қарай іс-әрекеттерінің мәселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.

Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.

Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады.

Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданамыз : күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру.


СЕРУЕНДЕГІ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ


Балабақшада серуендерді өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.

Мысалы :

*балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру ;

*өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру :

*еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау ;

*сабақтар , іс-тәжірибелерді өткізу.

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкендегі гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таниды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткізу қажет : «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».

Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т.б. туралы әңгімелеу.

Қыс бойына балалар қанатты достарына байқау жасап, оларға жем шашып, тамақтандырып отырды. Ол үшін күзде көптеген дәндер жинайды.

Көктемде балалар құстардың келуін тамашалайды және олардың қылықтарын бақылайды, олардың ұя салуларына толық мүмкіндік жасайды. Серуенде құстардың әндерін тыңдауға, олардың сыртқы түрлеріне қызыға қарауға кеңес беріледі, содан соң, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, үнтаспалар тыңдау жүргізіледі, видеофильмдер көрсетіледі.

Су тоғандарын ластауға болмайтындығын, онда балықтар, көлбақалар, яғни, тірі жәндіктердің өліп қалатынын айтып түсіндіріледі.

Көктемгі, жазғы,, күзгі мерзімдерге құмырсқаның илеуіне байқау жасау тиімді. Әр мерзімдегі олардың төбешік үйшіктерін салыстырып түсіндіру қажет, яғни, жәндіктер орманды қорғауға көмектеседі. Сол үшін де оларды «орман тазалықшылары» деп атайды.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы балалардың ой-өрісін кеңейту үшін, әдістеме кабинетінде табиғат туралы, жанрлары жөнінен әр-түрлі кітаптар, бейнелеу өнерінің шығармалары, табиғи материалдардың үлгілері жинақталған. Ересек адамның маусымдық еңбегімен таныстыру бойынша іс-шаралар бір мезгілде жоспарланады. Ең бастысы, балалар адамның еңбегі айналаны қоршаған табиғатпен тығыз байланысты екендігін түсінулері тиіс.

Көктемде, жазда және күзде табиғатқа саяхаттар ұйымдастырылады, онда балалар көктемнің шуақты кұндеріндегі болып жатқан тамаша құбылыстарды, яғни, қар еріп, сай-салаға құйылып жатқан суларды, жазда жайқалып пісіп тұрған жеміс-жидектерді, айналадағы көк шөптер, күзде айнала басқа түрге еніп жапырақтардың сарғайып түсе бастағанын өздері байқайды, орман ішіндегі саңырауқұлақтардың жеуге жарамды, жарамсызын қалай айыруға болатынын өз көздерімен көреді.

Қыста биік-биік қарлардың қызықтарына тоймайды, шана, шаңғы тебу оларды қайдан жалықтырсын. Бұлардың барлығы балалар әңгіме құрастырғанда ұшқыр қиялдарын дамытады, шығармашылық суреттер үшін қажетті материал болып саналады. Ой-өрісі дамиды, сөздік қоры молаюына негіз болады.

Көктемгі кезеңде ата-аналарды құстардың үйшіктерін, асханаларын жаңалауға шақырамыз. Сенбілік кезінде де балабақша учаскесінде ағаштар отырғызғанда, балалармен бірге, белсенді түрде қатысып отырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі