Мақала. Баланы қабілетіне қарай дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Баланы қабілетіне қарай дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы қабілетіне қарай дамыту жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАҚАЛА

Баланы қабілетіне қарай дамыту

Кіріспе

Бұл тақырыпты таңдау себебім, әрбір баланың бірегей қабілеттері мен қызығушылықтары бар. Сондықтан, баланы қабілетіне қарай дамыту- оның толыққанды тұлға болып қалыптасуының маңызды шарты. Баланың қабілеттерін анықтау үшін оны мұқият бақылау керек. Ол неге қызығады, нені жақсы жасайды ? Баланың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін түрлі әдістер қолдануға болады

1926 жылы Гарольд Камминс Америкада баланың қабілетін анықтайтын тест құрастырып, 1961 жылы оның кітабын жазған. Тәуелсіздік мемлекетіміздік саяси –экономиялық , әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде халыққа білім беру саласына және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кездегі ғылым мен техникалық даму деңгейі әрбір адамдарға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Баланың ойлау қабілетін дамытуда көмектесетін 9 амал:

1.Өсімдік өсіру.

Өсімдік өсіру баланың ойлауын дамытуға көмектеседі. Олар қоршаған орта жайлы ақпарат алады және гүлдерге, көкөністерге қалай күтім жасау керегін үйренеді. Сондай-ақ , бұл нәтижеге жету үшін еңбек етіп, күш жұмсау керегін түсінуге арналған жақсы тәжірибе. Бұл жерде жалпы баланың табиғатпен етене аралысуы көрініп тұр. Жас кезінен еңбек араласуы және сол арқылы біреудің еңбегін бағалауды үйренеді.

2. Оригами

Оригами – бұл қағаздан әртүрлі фигуралар жасау. «Оригами» сөзінің өзі жапон тілінен аударғанда «бүктелген қағаз» дегенді білдіреді. Оригами Жапон елінен енген. Қағазды бүктеп, пішіндер жасау ұсақ моториканы дамытады. Оған жауап беретін ми орталығы сөйлеу аумағына жақын орналасқан. Біз қаншалықты оны белсенді етсек, ақыл-парасат пен сөйлеу соншалықты жақсы дамиды. Оригами өнері баланың қиялы мен есте сақтауын жақсартады. Оған қоса, бала онымен айналысса, біртіндеп қарапайым сұлбалардан күрделісіне ауысатын болады. Оригами эстетика мен талғам сезімін сіңдіреді. Ол оның өмір бойына хоббиі болып қалады. Әрине, хобби арқылы қазіргі таңда бизнес немесе табыс көзіне айналдыруға да болады. Жастайынан өз қызығушылығын тапқаны жақсы болар.

3.Сөздер іздеу және сөзжұмбақ.

Сөздік ойындардың смартфондағы танымал ойындардың қатарына кіруі бекер емес. Вертикаль, горизонталь және диагонал бойынша орналасқан әріптер арасынан сөздер табу баланың зейінін жаттықтырады және оның сөздік қорын кеңейтеді. Бір ұзын сөзден қысқа сөздер табу да пайдалы. Бұл жерде баланың қиялына шек жоқ. Сөзжұмбақ шешу зейін қоюды арттырумен қатар логикалық ойлауды дамытады.

4. Тамақ пісіру.

Пеште тамақ пісіру зейінді қажет етеді, сондықтан ол миды ынтамен жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Балалар үшін ол ата-анасымен немесе жақынымен көңілді уақыт өткізу болып келеді. Бәліштер мен тоқаштар дайындау арқылы баланың есептеу дағдысын, өлшем мен салмақ түсінігін жақсартуға болады. Ол үшін балаға тамаққа қажетті ингредиенттерді өздігінше дайындауына мүмкіндік беріңіз. Мысалы, ұнның қажет мөлшерін өлшеуіш стақанға салу немесе бірнеше қасық су құю.

5. Би

Билеу және музыка тыңдау балаларға қозғалыс үйлесімін жақсартуға көмектеседі. Ол үшін мидың белсенді жұмысы қажет. Бұл кезде кеңістіктегі бағдарға, күшке және эмоцияға жауап беретін бірнеше аймақтар іске қосылады. Балалар билеген кезде олардың визуалдан бастап кинестикалыққа дейінгі қабылдаудың барлық каналдары жұмыс істейді. Бұл аймақтар қаншалықты жиі іске қосылса, есте сақтау мен ойлау соншалықты жақсы жұмыс істеді.

6. Логикалық тізбекті ойындар.

Баланың логикалық ойлауын дамыту үшін олармен мына жаттығуды жасаңыз. Екі сөзді таңдап, содан соң балаға оларды бір-бірімен байланыстыруды тапсырыңыз. Олар үйде бар нәрсе болуы мүмкін. Мысалы, доп пен қарбыз (бір-біріне ұқсас заттар болуы міндетті емес).Оларды қалай байланыстыруға болады? Мысалы, екеуі де дөңгелек болса, екеуі де жасыл. Бұл ойынды баламен жиі ойнасаңыз, ол түрлі заттар арасынан көбірек байланыстар таба алатын болады. Себебі, осылай оның ойлауы жаттығады .

7. Көрініс қою

Әртістік нөмір дайындау қиялын іске қосады және белсенді ойлануға мәжбүрлейді. Сондықтан үйде балалар театрын ұйымдастыруға болады. Балаға сүйікті ертегісінің кейіпкері болуды, мултьфильм кейіпкеріне пародия жасауды немесе өздігінше оқиға ойлап табуын ұсыныңыз. Ал сіздер немесе ата-әжесі көрермен болып отырыңыздар. Бұл баланың адамдар алдында сөйлеуіне, өзін-өзі ұстауына көмектеседі және оның шығармашылық потенциалые ашады.

8. Конструктормен ойнау

Кішкентай детальдарды схема бойынша біріктіріп құрастыру бала миының белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі. Ұсақ моторика, кеңістік ойлау және шығармашылық дағды жаттығады. Конструктормен ойнау бірнеше заттарды өзара салыстыруды, анализ жасауды, қателіктерді анықтап, түзетуді және істі аяғына дейін жеткізуді үйретеді. Бала шыдамдылық, ұқыптылық және ынталылықты жаттықтырады.



Қорытынды

Баланың қабілетіне қарай дамыту – ата-ананың маңызды міндеті. Балаңызды бақылаңыз , оның қызығушылықтарын қолдаңыз және оған өз қабілеттерін дамытуға көмектесіңіз. Бұл оның жарқын болашағының кепілі.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі