Білім беру жүйесіндегі бағдарламаның маңызы
Мухамет Әмина Қойшыбекқызы
А.Байтұрсыногв атындағы №139 мектеп-гипмназия қазақ тілі пән мұғалімі, Алматы, Қазақстан
87478398081
Аннотация. Қазақ тілін сауатты, жан жақты меңгеруге арналған оқулықтар даярлау заман талабы. Әр сыныпта қамтылатын тақырыптар өзара сабақтастығын жоғалтпауы тиіс. Оның сыртында тағы бірнеше әдістемелік талаптар бар. Білім беру жүйесіндегі осы тармақтардың барлығын реттеп, ұйымдастырып отыратын басты құжат бағдарлама. Мақалада осы бағдарлама категориясының қолданылу жиілігі мен саларалық байланысына талдау жүргізілген. Білім беру жүйесіндегі оқыту бағдарламасын ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері, басты ұстанымдары жайында айтып өтеді.
Аннотация. Подготовка учебников для грамотного и всестороннего изучения казахского языка-требование времени. Темы, охватываемые в каждом классе, не должны терять взаимосвязи между собой. Кроме того, существует еще несколько методических требований. Главная - программа, которая регулирует и организует все эти пункты в системе образования. В статье проведен анализ частоты применения и межсекторальных связей данной категории программ. Цель и задачи организации образовательной программы в системе образования, ее основные принципы.
Abstract. Preparation of textbooks for competent and comprehensive study of the Kazakh language is a requirement of the time. The topics covered in each class should not lose their interrelationship. In addition, there are several methodological requirements. The main program that regulates and organizes all these points in the education system. The article analyzes the frequency of application and cross-sectoral linkages of this category of programs. The purpose and objectives of the educational program in the education system, its basic principles.
Қазақ тілін пән ретінде оқыту, ана тілі ретінде оқыту XX ғасырдың басында басталды. Деседе, әр ұстаз өз шамын өзі жақты. Бұлай дейтініміз мемлекет тарапынан бекітілген арнайы бағдарлама болған жоқ, бірізге түспеген еді. Бұл кезеңдегі басты мақсат сауат ашу болды. Бірақ, осы кезеңдегі көкірегі ашық әр ұстаздың көкейінде қалай оқытамын деген сауал тұрғаны анық. Бұл сауалдың жауабы - бағдарлама, бағдарлама білім беру жүйесінің негізгі қабырғасы. Бағдарлама байыпты болса, оқушыдан күтілетін білім нәтижесі де жоғары деңгейде болмақ. Себебі, бағдарлама нысанаға жол салып береді, ұстаз сол жолды жүрудің қыр сырын меңгертеді, жолымыздың бағытын дәл анықтасақ болғаны.
Білім беру жүйесі құрылымы күрделі, саласы сан тараулы ауқымды жүйе. Осы жүйенің басында оқу бағдарламасы тұрады. Мемлекет білім беру жүйесіндегі басты бағыт, бағдарды бекітеді, ары қарайғы тармақтар өзен арнасы іспетті ағысы айқын жолға түсіп, жалғасып кете береді. Бекітілген бағдарламаның шеңберінде бала оқытудағы ең басты құрал оқулықтар жазылады, оқулықтар жазылғаннан кейін оқулықты оқытатұғын ұстаздар қауымына әдістемелік нұсқаулықтар жазылады. «Сендердікі бүгін үшін, ал менікі ертең үшін» деген А.Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі күні ұранға айналғандай, себебі білім беру жүйесіндегі қандайда бір өзгерістерге даярлық барлық тараптарда жүргізіледі, атап айтқанда оқу жүйесіндегі қабылданған бағдарлама аясында жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру мақсатында арнайы сабақтар бекітіледі. Білім беру жүйесінің тарихына жүгінсек осы тәртіп қай кездеде өз арнасын құрғатпаған. Демек алдымен қарастыратын мәселе оқу бағдарламасы. Бағдарлама – оқыту құрамы және білімнің мазмұнын, көлемін, машықтар мен дағдыларды айқындайтын, пән мазмұнының ішкі салалары мен оларды оқытуды жылдарға жіктеп көрсететін нұсқаушылық, әдістемелік құжат. Бағдарламада бұл пәннің өтілу тәртібі, оның салаларының өзара қарым-қатынасы көрсетіледі. Мұның бәрі теориялық материалды баяндаудағы, сөйлеу, емлелік және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру жұмысындағы жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз етеді. Бағдарламаны орындау әрбір мұғалімнің міндеті. Осы мақсатқа оның барлық жұмысы, күш жігері бағытталуы тиіс. Бағдарламаға сүйене отырып мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған ең тиімді әдістемелік тәсілдерді саралайды, тапсырмалар тізбегін ұйымдастырып класта немесе үйде орындалу жағдайына байланысты деңгейімен бөледі, жаңа тақырыптарға материал сайлап алады. Алдын ала бағдарламамен жұмыс жасаудың ұтымдылығы сабақаралық байланыс болады, өйткені мұғалім бағдарлама бойынша оқушының білім деңгейін бағалап ақпарат көлемін бекіте алады, яғни бұрын өтілген тақырыптармен өзара байланыс орнатады. Бағдарламаның ғылыми негізі оның идеялық мәнімен тығыз байланысты. Сондықтан да, бағдарламаны қабылдап бағдарлама негізінде жұмыс жасағаннан да оны құрастырған құрастырушылардың міндеті салмақтырақ. Істің басын бастаушылар солар болмақ. Бағдарлама арнайы мақсатта жасалады, оның міндеттері болады. Сондай-ақ бағдарлама жасаудың дидактикалық және ғылыми, тағы басқа әдістемелік принциптері болады.
Бағдарлама категориясы лингвистикалық термин. Түп төркіні бағыт бағдар деген мағынадан келіп шығады, яғни ұстанған көзқарас, беталыс. Білім беру жүйесінің енуінен бұрын оның бағыт бағдары, беталысы айқын болуы шарт, жиһангездің жұлдыздар жайлы білімі мен компасы болмаса адасып кететіні секілді ұстаздың да бағыт бағдары, беталысы жоспарлы болмаса шәкірттен бұрын өзі адасары анық. Түсіндірме сөздікте бағдарлама сөзіне: қандай да бір мақсатқа жету, іс – шараны жүзеге асырудың бағыт бағдары, жоба жоспары; белгілі бір саяси партиялар мен жеке немесе соны тұлғалардың, саяси ұйымдардың әрекетінің мазмұны мен мақсатын баяндайтын құжат; оқу пәнінің қысқаша тұжырымдамасы; белгілі бір шараларды өткізудің жоспарын, тәртібін бекітетін құжат; концерттік, цирктік, радио және теледидар қойылымдардың мазмұны немесе солардың атауы деген анықтамалар беріп өтеді. Бағдарлама категориясының саларалық қолданысы жоғары, оның себебі де орынды. Жоспарлау алгоритімін дәл осы бағдарлама жүзеге асыратын болғандықтан ақпараттық қоғамда бағдарлама категориясының қызметі күрделі, тіпті өз уақытыңды жоспарламасаң ағып өткен сумен тең боп қалатыны тағы бар. Бағдарламаның қолданылу аясына қарай мынандай түрлері бар:
-
Әлеуметтік бағдарлама. Мемлекеттік бағдарламаның ішіндегі халықтың хал ахуалын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ұйымдастыруға арналған кешенді іс шаралардың жоспары.
-
Инвестициялық бағдарлама. Мемлекеттің экономикалық дамуындағы инвестициялардың мөлшері мен уақытын, бағытын белгілейтін шаралардың мақсатты жоспары.
-
Мектеп бағдарламасы. Жалпы білім беретін орындардың ерекшеліктеріне қарай дайындалып, оқушыға берілетін білім көлемі мен мазмұнын, оқытылатын пәндердің мақсаты мен міндеттерін анықтап көрсететін құжат.
-
Мемлекеттік бағдарлама. Қандайда бір қоғамдық экономикалық, әлеуметтік маңызды шаралардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан мақсатты түрде көзделіп қолдау тапқан шаралардың жоба жоспары.
-
Типтік оқу бағдарламасы. Белгілі бір пәнді оқытудың үлгісі ретінде ұсынылатын сабақ жоспары, мақсаты мен міндеттері [1].
Бағдарлама категориясының қоғамдық қызметтер қолданысынан бөлек білім беру жүйесіндегі терминдік қызметі бар. Біріншісі оқу бағдарламасы, екіншісі компьютерлік бағдарлама. Әдістемелік сөздікте оқу бағдарламасына мынадай анықтама береді: «мемлекеттік стандарт негізінде құрастырылған нұсқаулық, әдістемелік құжат. Бағдарлама – оқыту құрамы және білімнің мазмұнын, көлемін, машықтар мен дағдыларды айқындайтын, пән мазмұнының ішкі салалары мен оларды оқытуды жылдарға жіктеп көрсететін нұсқаушылық, әдістемелік құжат» [2]. Білім беру жүйесіндегі бағдарлама категориясының функциясы өз жұмысын сауаттандыру жылдарында ақ бастаған, алайда ол уақытта бағдарлама термині програмы деп аталды. Программа термині бүгінгі күні информатика ғылымының шеңберінде айтылып, түсіндіріліп жүр, анықтамасы: 1.белгілі бір алгоритімді жүзеге асыру мақсатында мәлімет өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі. 2. Орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны [3]. Есеп шығаруға, сондай ақ, берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі. Білім беру програмысы жайындағы мәселе алғаш рет ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында сөз бола бастады. А.Байтұрсынұлы «Қазақша оқу жайынан» мақаласында былай дейді: « Қазақ ішінде әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға програмы (жосық) көрсетілсе екен деген өтініштер келеді. Бұл күнде қазақ арасындағы оқу жосықсыз һәм жосық жасауға болмайды да. Өйткені қазақтың бастауыш мектебінде оқитын кітаптар белгіленбек түгіл, әлі шыққан да жоқ. Жаңа ғана әліппе шыға бастады. Оның да қайсысы оқылары белгіленген жоқ. Әліппеден әрі оқытатын кітаптар әлі шыққан жоқ. Дін жайынан оқытатын, есеп оқытатын, жағрафия һәм тарихтан қысқалап хабар беретін кітаптар әлі жоқ. Сондықтан програм деген сөз әзір ертерек. Әуелі бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс» [4]. Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзінен екі мәселені аңғаруға болады. Біріншісі кез келген ғылым білім тәжірибеден келіп шығады. Бала оқытып көрмеген ұстаз бала оқытатын оқулықты жазып шыға алмайды. Тәжірибе барысында ұстаз өзі оқытып отырған оқулықтың сапасын, жас ерекшеліктеріне қарай тапсырма деңгейін, қызығушылық дәрежелерін, оқытудың қыр сырын толық байқап, меңгере алады. Нәтижесінде оқытудың әдісін өзі жасайды, оқу үдерісінің жөн жосығын өзі бекітеді. Програм сөзінің жосық сөзімен алмастырылуының да мәні осында, жөн жосық деген сөздің өзі ретін деген мағынаны береді. Бірақ бағдарлама даярлау әр адамның қолынан келе бермейді, ол ұзақ жылдық тәжірибені талап етеді. Осы мақаланың соңғы жағында Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздардың өтінішін жерге тастамай өзінің тәжірибесімен бөліседі. А.Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда: « қазақ мұғалімдері де, қазақ ішіндегі ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы», - дейді, бағдарламаның алғашқы тараушасы да осы емес пе [5]. Дәл сол уақыттарда А.Байтұрсынұлы әліпби жасаумен шұғылданып жүрген болатын, өз тәжірибесінде тіл үйретудегі алғашқы қадамның айтылым, дыбыс түзілімінің дұрыс жазылуына назар аудару керектігін, сонда тіл тазалығына нұқсан келмейтіндігін түсінген ол қазақ тілін оқыту бағдарламасының алғашқы қадамын көрсетіп берді. Осы ширекте қазақ баласының санасында, танымында екі түрлі білім болды: біріншісі салт-дәстүр арқылы санаға сіңген, дала тынысымен рухтың да, тіршіліктің де тірегі болған білім, екіншісі үйрену, оқу, тәжірибе алмасу арқылы келген кеңестік кездегі сауаттандыру саясатының негізіндегі ғылым білімі. Осы екеуін де меңгеріп халқына қызмет етуге жанын салған алаш зиялыларының нысанасы айқын, мақсаты түзу болғанымен келте заман дегенін жасады. Мемлекет діңгегі болатын бағдарламаның күнтәртібіндегі ең басты тармағы білім-ғылым саласы болғаны даусыз. Әйтседе, екінші айтылған ғылым білімінің қазақ даласына енуі күрделі өзгерістерден өтті.
Бағдарлама бекітілгеннен кейін оның өз алдына мақсаты, міндеті, ұстанымдары жазылады. Соған сәйкес мұғалімнің де сабақтарда қолданылатын әдіс тәсілдері ауысып, тәжірибе негізінде бағаланады. Демек мұғалім әдіс тәсілдерді таңдап алғанда өз бетімен жұмыс жасап, ынталы болуы шарт, ұстаздық терең ұғымдағы шығармашылық екенін әсте естен шығармаған жөн. Мұғалім анықталған, практикада сыналған және ғылыми жинақтаудың нәтижесінде жалпы педагогикалық және әдістемелік ережелерге немесе ұстанымдарға сүйенеді.
Ұстанымның түрлері:
а) жалпы дидактикалық ұстанымдар - бұлар білім беру жүйесіндегі барлық пәндерде қолданылады, бірақ әр пәннің білім көлеміне қарай әр қилы өзгеріп қолданылады;
ә) арнаулы ұстанымдар – бұлар нақты бір пәнге, мысалы, қазақ тіліне ғана тән ұстанымдар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдары педагогика ғылымының оқу-тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика - барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайындағы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық ғылымның оқыту әдістері жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық ұстанымдар әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде ана тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып есептеледі. Демек, қазақ тілін оқыту әдістемесі де жалпы дидактикалық ұстанымдарға сүйенеді. Олар:
1. Оқытудың ғылыми ұстанымдары. Бұл ұстаным бойынша қазақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы ұстанымды басшылыққа алып жасалады. Ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан мұғалім оқытудың ғылыми ұстанымдарын терең білумен бірге, оны оқу тәрбие ісінде дұрыс пайдалануы да қажет. Сонда ғана ана тілінің заңдылығы мен теориясын (ережесін, анықтамасын) қатесіз, оны лингвистика ғылымына байланыстыра отырып түсіндіруге, теориялық материалдарды үнемі практикалық жаттығу, мысалдар арқылы дәлелдеп отыруға болады.
2. Оқытудың жүйелілік ұстанымдары. Оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібін оқытудың жүйелілік ұстанымы дейміз, яғни оқытудағы берік жүйелілік пен бірізділік – ғылыми білім берудің негізі. Мысалы, қазақ тілінен жай сөйлемдердің ережелерін жете меңгермейінше, құрмалас сөйлемдер түрлерінің (салалас, сабақтас, оның ішінде басыңқы, бағыныңқы сөйлемдердің) жасалу жолдарын білу қиын.
Бұл ұстаным бойынша бұрын өтілген тілдік материалды оқушы әбден меңгергеннен кейін ғана жаңа материал таныстырылады. Демек, оқу материалдарының логикалық ішкі заңдылықтарын жүйелі оқып үйренген жағдайда ғана оның ғылыми негіздерін шын мағынасында меңгеруге болады. Қазақ тілі программасы жүйелілік принципі негізінде құрастырылады.
Программадағы бұрын берілген материал мен келесі материалдың сабақтас болуын байланыстырып отыру көзделеді.
3. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі – оқу материалдарының дұрыс бір-бірімен сабақтаса орналасуы, берілуі үйретілетін материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіншіліктер жасайды. Мысалы, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінен кейін сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, зат есімнен кейін сын есім, сан есімнен кейін есімдік, етістік, көсемше туралы түсінік беріледі. Мұны біз оқытудың дұрыс дұрыс орналастыру ұстанымы дейміз.
4. Оқытудың алдын-ала болжау принципі – үйретіліп отырған материалдың келесі сабақтардағы материалды меңгерудегі тиімділігін алдын ала болжау, соны ескере келіп дамыту.
Мысалы, бастауыш кластарда өтілетін тыныс белгілерінің ережелері 7 – 8-кластарда жүйелі қайталанады, еске түсіріледі.
5. Оқытудың саналылық принципі – үйретілген материалды оқушылардың құрғақ жаттамай, толық түсініп, саналы меңгеруі. Оқу материалдарын саналы түсіну үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретіледі, материалды өз бетінше түсініп, өз сөздерімен айтуға дағдыландырылады. Түрлі творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін, оқушылар тіл фактілерін дұпыс ажырата білуге тиіс. Мысалы, оқушылар фонетикадан дыбысты алмастырып айту, жазу ( ң – н, т – д, ы – і т.б.). Жалғау мен жұрнақты ажырата алмау, буынға дұрыс бөлме, дұрыс тасымалдай алмау, ережелерді ажырата алмаудан қате жіберу жиі кездеседі.
Бұл оқыту принципі оқулықтағы теориялық материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сай, əр оқушының жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына жəне білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді.
Оқу материалдары жеңілден – ауырға, оңайдан қиынға қарай баяндау принципімен түсіндіріледі. Яғни оқушылардың бұрын білетін материалдарының негізінде жаңа материалдарды байланыстыра түсіндіру мақсат етіледі. Демек, оқытудың бұл принципі бойынша оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіншілік болады.
6. Оқытудың берік, тиянақты болу принципі – оқушылардың өрелі ой-санасын ғылыми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты, берік меңгертудің маңызы зор. Оқылған материалды жан-жақты меңгерту, есінде берік сақтату, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, білімін бағалап отыру сияқты жұмыстарды жүргізу қажет.
Білімнің беріктік, тиянақтылық принципін жүзеге асыруда жаттығу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Түрлі жаттығу жұмыстары оқушының іскерлігі мен дағдысын жетілдіре түседі.
7. Оқытудың теория жəне практика, өмірмен байланыстыру принципі арқылы оқушылардың мектептегі оқу-тəрбие процесінде алған теориялық білімдерін өндірісте, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мысалы, мұғалім түрлі тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу арқылы дұрыс сөйлей білуге, қатесіз жаза білуге үйретеді, конференцияларда оқушыларға сөйлеуге, баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады.
8. Оқытудың көрнекілік принципі де басты роль атқарады. Көрнекілік принципі жөнінде К.Д.Ушинский былай деген еді. «Көрнекі оқытудағы басты мақсат оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру жəне өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып табылады». Көрнекіліктің ғылыми негізі маркстік-лениндік таным теориялары мен И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімі негізінде психология ғылымында түбегейлі зерттелді [6].
Қазақ тілінің жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасы мен оқулығына байланысты. Орта мектептің IV-VIII сыныптарында оқытылатын қазақ тілінің бағдарламасы ана тілінің ғылыми мазмұны мен оның білімдік көлемін белгілейтін және оқытуға басшылық жасап отыратын Білім министірлігі бекіткен ең басты мемлекеттік құжат болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. Алматы: «Арыс» баспасы. 2006ж. 2-том
2. Сүлейменова Ж., Орынбаева А., Абитжанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. – Алматы, «Эверо», 2009.
3. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы: ЖТИ, 2006 – 78б
4. Байтұрсынұлы А., Тіл құрал. – Орынбор, 1914
5. Шүкірұлы С., Тілешов Е. «Алаштың» тілдік мұрасы: Мақалалар жинағы. – Алматы, «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы», 2009.
6. Құлмағанбетова Б., Исанова А., Көккөзова М., Айтжанова П., Исинғарина М., Қазақ тілінің оқыту әдістемесі. Алматы: «Білім» баспасы 2000 – 144б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала Білім беру жүйесіндегі бағдарламаның маңызы

шағым қалдыра аласыз