400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мақала Білімді ұрпақ - ертеңгі ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір жас ұрпақ халқымыздың аты тарихтан өшпей, жалғасып, шарықтап дамуы үшін аянбай күресіп, тер төгуі қажет екенін сезуі тиіс. Сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды болып, еркін дамыған, әлем таныған елге айналарымыз хақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімді ұрпақ – ертеңгі ел болашағы.


Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Мәңгілік Қазақстан» жобасы ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,-деп атап көрсеткендей бұл жол елімізді Мәңгілік елге айналдырып, соған бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол болмақ. Бұл жол халқымызды рухтандыратын, ар-намысын қамшылап, ерік-жігерін асыратын патриоттық жол. Ендеше оның міндеттерін жүзеге асыру ұрпақ тәрбиесін дамытудан бастау алуы керек. Бұл орайда білім ордалары мен әсіресе онда оқытылатын тарих пәнінің ролі ерекше болмақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз-Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Төныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты-Мәңгілік ел»деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиістіміз»,-деп тарихшылар алдына үлкен тапсырма беріп, ел тарихын ұрпақ бойына аса жауакершілікпен меңгертіп, Мәңгілік ел болуға жол салуымыз керек екендігін атап өткен. Әрбір жас ұрпақ халқымыздың аты тарихтан өшпей, жалғасып, шарықтап дамуы үшін аянбай күресіп, тер төгуі қажет екенін сезуі тиіс. Сонда ғана тәуелсіздігіміз баянды болып, еркін дамыған, әлем таныған елге айналарымыз хақ.

Тәуелсіздік! Бұл ұғым- біздер үшін, қаймағы бұзылмаған қазақ жұрты үшін ел тарихынан ойып орын алған, терең із қалдырған киелі де қастерлі ұғым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Бұл-біздің барлығымыз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл-біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!» Оны сақтап, қорғай білу, одан әрі дамытып, көркейту, әлем мойындаған Мәңгілік елге айналдыру бүгінгі жастардың міндеті болмақ. Сондықтан әр жасқа тарих тағылымын, ата-бабаларымыздың өткен жолын үлгі ете отырып, санасында ұлттық рухты, патриоттық сана-сезімді қалыптастыру басты парыз деп санаймын. Ал тарих пәні осынау стратегиялық маңызы зор Мәңгілік ел ұлттық идеясын жүзеге асыруға бағыттайтын сара жол болмақ.
Қазіргі аумалы-төкпелі, сынағы мен қайшылығы көп заманда елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналар кез келіп отыр. Өткенімізден тағылым алмай мұндай қыйын-қыстау заманда алға жылжу мүмкін емес. Бабаларымыздың қалдырған әрбір ізі, ерлігі, қайсарлығы бізге сабақ, үлгі болады. Ендеше әр сабағымызда осыған баса көңіл бөліп, халық ерлігін насихаттау керек. Оқушылар бойында туған жерге деген елдік санасын, сүйіспеншілік сезімін қалыптастыра отырып, өз халқы мен Отанының бақыты үшін аянбай күресетін ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат болмақ. Ол үшін:
1.Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғай білуге үйрету;
2.Әрбір жастың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін қалыптастыру;
3.Халқымыздың ұлы істерінің арқасында қалыптасқан жасампаз Қазақстандық патриотизмді дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу керек.
Ұлттық идея-ұлт тарихын терең білуден бастау алады. Сондықтан әр ұрпақ өзінің төл тарихын жан-жақты оқып, терең білуі тиіс. Тарихтың әр беті болашаққа үлгі, оған бағыт беретін бағдар шам десек те болады. Елбасымыздың ең басты мақсаты да ұлтымызды сапалық жағынан жоғары деңгейге көтеру болып отыр. Сол үшін Елбасы өзі бастап Арқа төрінен жаңа Астана бой көтерді, «Еуропаға жол», «Әлемдегі дамыған 50 және 30 ел қатарына қосылу», «Мәңгілік ел» сияқты өміршең саясатты атап көрсетті. Әр оқушы тарихты оқи отырып, осы ұзақ мерзімді өміршең саясаттың шынайы мағынасын терең ұғынуы қажет. Мұндай жарқын болмысты баянды етіп, Отанымызды Мәңгілік елге айналдыру біздің буын өкілдерінің білім-білігіне байланысты екенін еш естен шығармауымыз қажет. Бізге жүктелген сенімнің жүгі ауыр. Елбасымыз жастар бойынан ұдайы биікке ұмтылатын жігерлі, батыл, өжет, өр мінездің болуын, қоғам, ел мүддесін жоғары қоятын, жауапкершілігі мол құндылықтардың болуын талап етуде. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін-білім»,-деп заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезов айтқандай Тәуелсіздіктің туын тіккен елімізді өркениетке бастайтындар білімді жастар болмақ. Ендеше бүгінгі ұстаздар әр шәкіртке Елбасымыз қойып отырған осы талаптарды дарытып, білім беруде жоғары әлемдік стандарттарға қол жеткізуге ұмтылып, әлемнің ең үздіктерінің бірі болуға қол жеткізуіміз керек. Бізден білім алған әр Қазақстандық: «Біздің мақтан тұтатын қасиетті тарихымыз бар, біздің сүйікті Тәуелсіз Отанымыз бар!» деп мақтанышпен айтып, оны көркейтіп, қорғау үшін әрқашанда дайын болуы керек. Себебі біздің мақсатымыз айқын, оған жету жолдары да нақты көрсетілген. Ол-«Мәңгілік ел», Тәуелсі Қазақстан!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі