15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Биология сабағында экологиялық мәселелерді шешу жолдары"
Биология сабағында экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Бүгінде тек тəуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл ойының нəтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, кейбір ғажайып көлік түрлері ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсуімен қатар, қауіп-қатер туғызуда.
«Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыз өз өмірінің аяғына дейін сау болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы керек», — деп көрсетілген Елбасының халыққа Жолдауында . Себебі экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның биологиялық-генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан, адам денсаулығына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы əрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру — мектептің басты міндеті. Дүниежүзілік тəжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесіндегі 1999 жылы экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды . Оның негізгі мақсаты — көпшілікке жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тəрбие беру.
Экологиялық тəрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын жəне табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Бүгінде балалармен олардың жас, əлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне, əсіресе əрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тəжірибе көрсетіп отыр. Cондықтан біз алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:
биология сабағында экологиялық білім берудің теориялық негіздерін саралау;
биология сабағында экологиялық білім берудің əдістемелік аспектілерін саралау;
«экологиялық-мəдениет» ұғымының мəнін, құрылымын, қызметін педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету;
оқушылардың экологиялық мəдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау;
Экологиялық тəрбие — бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына əсер ету əдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға əсер етеді. Экологиялық тəрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек.
«Экология» пəні туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді. 1980-жылдардың ортасында биология мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарында да пəнаралық байланыс (химия жəне геоғрафия) қолданылып келеді . Зерттеушілердің ойы бойынша, оқу процесінде пəнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады. Бірақ пəнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу процесіндегі интеграция оқу үрдісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Оқушылардың экологиялық ойлауының қалыптасуын тексеру үшін. «Мен... туралы білетінім («Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар», «Ауа алабының экологиялық жағдайы», «Су ресурстары экологиясы», «Топырақ экологиясы», «Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы», «Қызыл кітап және оның рөлі», «Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары») тақырыбында биологиялық эссе жазу ұсынылады. Алынған мəліметтерден оқушылар канцероген, улы заттар, озон қабатының бұзылуы, эвтропикация, қышқыл жаңбыр, парниктік əсер, фреондар сияқты ғылыми терминдерді жиі пайдаланатыны көрінеді.
Бүгінгі
таңда адамзат алдында тұрған күрделі
мәселенің бірі - өзімізді қоршаған
тіршілік ортасын биосфераны келешек
ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп
- көріктендіріп жеткізу. Өйткені
тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен
байланысты. «Не ексең, соны орасың»
демекші еліміздің болашағы қазіргі
жастарға байланысты, біз оларға қандай
білім беріп тәрбиелесек, олар да сондай
жеміс береді.
Экология
- бүкіл адамзат баласының шалыс басқан
әрбір іс - әрекетіне келешекте шек
қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей
ат салысатын ғылымның жаңа саласы.
Жан
- жақты білімді іскер маман даярлауда
мектептегі биология пәнінің атқарар
рөлі зор. Экологиялық білім мен тәрбиелеу
мәселелері жалпы білім берудің жеке
дара құрам бөлігі ретінде оқушыларда
айналадағы орта мен табиғатқа
жауапкершілік, қарым қатынас қалыптастыруы
тиіс. Мектептегі биология сабақтарында
оқушылардың ғылыми әдістемелік көзқарасын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сонымен
қатар жасөспірімдердің табиғатты қорғау
қабілетін, экологиялық білім алуына
назар аударылады. Оқушылардың биология
пәнінде экологиялық білімді игеру
мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады.
Мұғалім сабаққа дайындық барысында
оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын
жоспарлайды, оқытудың әдістері мен
түрлерін қарастырады.
Экологиялық
білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ
деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО)
«Адам мен биосфера» деп аталған
бағдарламаны қабылдаудан басталады.
Онда алғаш рет халықаралық деңгейде
табиғат ресурстарын қорғау және оны
тиімді пайдалану туралы бағдарлама
жасалып, кең экологиялық сипатталған
болатын.
Экологиялық
білім мен тәрбие берудің мақсаты - жеке
оқушы бойында табиғатқа деген ізгілік
қатынастарды қалыптастыра отырып, «Адам
- Қоғам - Табиғат» арасында толық
үйлесімділік рухында тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбие беру өте күрделі
процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі
мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін
сезіндіре отырып оқушының дүниеге деген
ізгі көзқарасын бірте - бірте қалыптастыру
көзделеді.
Экологиялық
білім беру бағытында экология ғылымында
жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты.
Олардың негіздері: «Экологиялық білім»,
«Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық
этика», «Экологиялық мәдениет», т. б.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір
оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну
оқушының табиғатқа деген көзқарасын
қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге
жол ашады және пәнге деген көзқарасын
қалыптастырып, қызығушылығын арттырады.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда әрбір
сабақ кезінде және сабақтан тыс шараларда
көрнекі құралдар, диафильмдер, кеппешөптер,
коллекциялар, бақылаулар пайдаланған
жөн. Сабақта әдебиет, география, саз
өнері, көркем сурет, зертханалық жұмыс,
бақылау және қосымша материалдар қолдану
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады.
Халқымыздың
табиғатқа деген қайырымдылық, қамқорлық
сезімі, аялы алақаны, көздің қарашығындай
қорғай білуі аты аңызға айналған Асан
қайғы, күй атасы Қорқыт бабаларымыздың
өсиетке толы сөздерінде елеулі орын
алған. Қорқыт бабаның: «Қара орманың
шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын»деген
сөзі көп нәрсені аңғартпай ма? Биология
пәнінің әр сабағында табиғат қорғау,
оны көздің қарашығындай сақтай білу,
көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысу
оқушыларға бағыт - бағдар беріп отыру
қажет. Сабақтың құрылымына қарай ақын
- жазушылардың өлеңдерін, табиғат
суреттерін, мақал - мәтел, сөзжұмбақ,
шытырман ойындарын пайдалану оқушы
ынтасын арттырады.
Қазақта
«Бабалар еккен шынарды балалары
саялайды», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ
құрағымен көрікті» деген даналық сөздері
ұрпағына мирас етіп қалдырып, табиғаттың
арайлы ажарын, көркін, сымбатты сұлулығын
сақтай біл дегенді білдіріп тұр.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген