1-тапсырма
Жинақы
тарату құрылғысы – жинақталған немесе
жинақтау үшін толық дайындалған түрде
жеткізілетін аппараттары, қорғау және
автоматикалық құрылғысы қоса орнатылған
блоктардан немесе толықтай жекелей
жабық шкафтардан тұратын ТҚ.
Ішкі
қондырғыға арналған жинақы тарату
құрылғысы қысқаша ЖТҚ деп белгіленеді.
Сыртқы қондырғы үшін арналған жинақы
тарату құрылғысы қысқаша СЖТҚ деп
белгіленеді;
Қосалқы
станция – электр энергиясын түрлендіру
және тарату үшін қызмет ететін және
трансформаторлардан немесе энергияны
өзге түрлендіргіштерден, тарату
құрылғыларынан, басқару құрылғылары
мен көмекші құралымдардан тұратын
электр қондырғысы.
Қандай
да бір қызметіне байланысты қосалқы
станциялар трансформаторлық немесе
түрлендіргіш деп аталады;
Қоса
салынған қосалқы станция (қоса салынған
ТҚ) – негізгі ғимаратқа тікелей жанасқан
қосалқы станция (ТҚ);
Кіріктірілген
қосалқы станция (кіріктірілген ТҚ) –
негізгі ғимараттың контурына кіретін
жабық қосалқы станция (жабық ТҚ);
Цех
ішіндегі қосалқы станция – өндірістік
ғимараттың (ашық немесе жеке жабық
бөлмеде) ішінде орналасқан қосалқы
станция;
2-тапсырма
Жинақталған
трансформаторлық (түрлендіргіш) қосалқы
станция –трансформаторлардан
(түрлендіргіштерден) және жинақталған
немесе жинақтау үшін толықтай дайындалған
түрде жеткізілетін блоктардан (ЖТҚ
немесе СЖТҚ және басқа элементтерден)
тұратын қосалқы станция. Жинақталған
трансформаторлық (түрлендіргіш) қосалқы
станциялар (ЖТС, ЖТС) немесе олардың
бөліктері жабық үй-жайда орналастырылса,
ішкі қондырғыларға, ашық ауада
орнатылатындары – сыртқы қондырғыларға
жатқызылады;
Түрлері:
Комплектік
трансформаторлық
(түрлендіруші) қосалқы станция деп,
жинауға дайын немесе жиналмалы түрде
жеткізілетін трансформаторлардан
(түрлендірушілер) және блоктардан (КРУ
немесе КРУН және басқа элементтер)
тұратын қосалқы станцияны айтады.
Комплектік трансформаторлық (түрлендіруші)
қосалқы станциялар (КТП,КПП) немесе
жабық бөлмеде орналасқан олардың бір
бөлігі ішкі қондырғыларға жатады,ашық
ауадағы – сыртқы қондырғыларға жатады.
Бағаналық(дінгектік)
трансформаторлық қосалқы станция
деп,қоршауды қажет етпейтін,барлық
жабдықтары конструкция немесе ВЛ тіреу
биіктігінде орналасқан ашық трансформаторлық
қосалқы стансаны айтады.
Трансформатор
өзара екіге бөлінеді:
Жүктемесіз
трансформатор
Жүктемелі
трансформатор