мақала Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыруға болады

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыруға болады

Материал туралы қысқаша түсінік
биылғы оқу жылына арналаған Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыруға болады



Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады, – деді Ғани Бейсембаев.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру. Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі , дарындылық іс - әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары сөзсіз. ухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз.Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек. Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып саналады.Сондықтанда болар бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, - сонда ғана оның болашағы биік деген.

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. 

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Биылғы оқу жылында мектебімізде біртұтас тәрбие жоспары аясында іс шаралар ұйымдастырылуда: атап айтсақ «ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ негізінде балалардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыркүйек айында «Сергіту сәті» челленджі, білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында қазан айында «Әнұран айту» челленджін бастауыш сынып жетекшілері Смакова Айжан Бекбосыновна, Исева Майра Кдырбаевна, Қаймоллаева Еркежан Серікқызы ұйымдастырды, сонымен қатар өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде ай сайынғы іс-шараларды өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған болатын, осы мақсатта 17 қараша күні «АСЫҚ АТУ» челленджін 3 сынып жетекшілері Джапашева Айгерім Абишевна, Калиякбарова Асель Хамитовна, Канлыбекова Мейрамгүл Кәрібекқызы ұйымдастырды. Және де ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 3»А» сыныбының жетекшісі Айгерім Абишеваның ұйымдастыруымен сыныпқа ұлттық нақышта киімдер тігіліп, Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.



«Заречный ауылындағы №12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова Макпал Нурлановна










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2023
2646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі