Түркістан
облысы,Төлеби ауданы.
«Балдәурен-Шымкент»Республикалық
оқу-сауықтыру орталығы.
Кітапханашы:Тугискенова
Мақпал Жұмаділләқызы
Bookcrossinq
“Кітап оқылуы қажет! Кітапты басқаға
беру
арқылы
оған өмір бересің!»
1-жүр:Қайырлы
күн,қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі
«Bookcrossing»
кітап алмасу акциясына қош келдіңіздер!
Слайд-2
2-жүр:
Мақсаты:
Әдебиеттердің
оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын
табуна ықпал ету, әр оқырман өзі
ұнатып оқыған кітабын өзгелермен
бөлісіп, кітабымен алмасу, жастардың
кітапқа деген ықыласын ояту, рухани
мәдениетін көтеру.
1-жүр:«Буккроссинг»
сөзін (ағылшынша
«Bookcrossing»
)
қазақшаға
аударғанда «кітап сыйлау» немесе
«кітаптың айналыста жүруі» деген
мағынаны білдіреді. Буккроссинг бүгінде
бірегей қозғалыс болып табылады. Оның
мәні өте қарапайым: акцияға қатысушы
адам өзі оқыған кітапты басқалардың да
оқуы үшін қоғамдық орында қалдырады,екінші
адам алған кітабын оқып шыққан соң
дәл солай келесі адамдарға ұсынады.
2-жүр:
Кітаптар
бейне жапырақ,
Жырлайтын
сырын өмірдің,
Оқисың
кейде жатып ап,
Көтеріп
күйін көңілді,
Айдыны
шалқар кейде бір,
Кітаптан
тұнған көл дерсің,
Ауадай
қажет бейне бұл,
Татпасаң
нәрін шөлдерсің!
Бейнеүзіндіге
назар аударайық
1-жүр:
слайд
-3,4
Кітап
менің жол шырағым,серігім,
Абай,Мұхтар
қазағымның қаймағы,
Әсем
жырмен өрнектелген ойлары,
Бес
нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,
Жат
қылықты жақтырмайды бойдағы.
Абай
Құнанбаев
2-жүр:
Слайд-5
Кітап
–мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен
біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Егер
мен бай болсам, тек қана кітап сатып
алар ем.
Бақытбек
Гүлжан, Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
Жаңа
бір нәрсе білу үшін ғана кітап оқу-үлкен
қателік. Көркем әдебиет қиялымызды
қанаттандырып, мына жалғаннан жақсылық
пен мейірімділікті көруге үйретеді.
1-жүр:
слайд-6
«Кітаптың
құдіреті мен керемттігін маржан сөзбен
тізіп жеткізу мүмкін емес. Кітапты
оқыған оқырман, оқып жатқан сәтінде,
жан дүниесі керемет әсерлерге бөленіп,
көз алдына түрлі суреттелген кейіпкерлердің
образдары бейнеленеді, өзін тап бір,
сол кітаптың ішінде жүргендей сезініп,
өмірде де, дәл автордың шығармасындағыдай
ситуациялық жағдай бола қалған
жағдайда, сол мәселеден шығуға септігін
тигізеді екен.
Ендеше
Әбубәкір
Әлиді, Мұқағали Мақатаевтың «Аманат»
кітабы жайлы бөлісуге ортаға шақырамыз.
2-жүр:
Слайд-7
Кітаптың
ерекшелігіне тоқтала кетсек, біріншіден,
ол оқырманның ойлау қабілетін жақсартады,
екіншіден, оның сөздік қорын молайтады,
үшіншіден, жан дүниесін рухани байытады,
төртіншіден, кітап оқып талдауға, сарапқа
салуға үйретеді.
1-жүр:Сәмет
Гүлсезімді, Мағжан Жұмабаевтың «Сүй,жан
сәулем»кітабымен ортаға шақырамыз.
2-жүр:слайд-8
«Өмірімізде
қиын мәселелерді шешу барысында,
алдыменен жауап іздейміз. Ал одан соң
өзіміз ұнататын кітап кейіпкері қалай
жасар еді деп ой-толғау жүргіземіз.
Өйткені әдебиет парақшаларында әрдайым
өмірде кездесетін маңызды сұрақтарға
жауап табылады. Кітап оқу барысында
дүниетанымымыз кеңейіп, өмірлік
тәжірибеміз жинақталады.
Мейрамбекұлы
Жансерікті, Шоқан Уалихановтың кітабымен
бөлісуге ортаға шақырамыз.
Слайд-9
1-жүр:Қазіргі
қоғамда кітап оқушылар саны сиреп бара
жатқандығы алаңдатады. Оған халқымыз
уақыт тапшылығының аз екенін сылтау
етсе, енді біреулері әлеуметтік желінің
құрбаны болып, алтын уақыттарын бос
іспен өткізетіндігі айқындалып отыр.
Анас
Ақнұрды, Ақселеу Сейдімбектің
«Аққыз»кітабын бөлісуге шақырымыз.
Бейнеүзінді
Слайд
-10
2-жүр:Оқырмандардың
жас ерекшелігіне көз салсақ 10 мен 60 жас
аралығындағы еңбектеген баладан,
еңкейген қарияға дейін зер салып оқиды
екен.
-Кітап
дегеніміз қоғам.Жақсы кітап ,жақсы қоғам
тәрізді. Сезім мен санаңды
нұрландырады,көркейтеді.
Қайыров Қыдырәліні кітаптар жайлы
Слайд-11
1-жүр:Серік
Дінмұхаммед «Батырлар жыры» кітабымен
ортаға шақырамыз.
Слайд-12
2-жүр:Мәдени
өнімдеріміз рухани құрал-алдымен кітап
түрінде өркендеуі абзал.
1-жүр:
Білім
іздесең,
Кітаппен
таныс,
Еңбегің
еш болмайды.
Ақыл
іздесең,
Адаммен
таныс,
Өнерің
кеш қалмайды.
Бақтыгереев
Жасұланды ,Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан»
кітабымен ортаға шақырамыз.
2-жүр:
Слайд-13
Өмір
мәні өнер менен білімде,
Айтайықшы
кітабыңды жыр ете.
Әрі
ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды
байлық баға жетпес бұл өте.
Фариза Оңғарсынова
«Дауа» кітабы
1-жүр:слайд-14
Сөзімді
қорытындылай келе, кітапты әрбір
жас-жеткіншектің оқуы парыз деп
есептейміз,себебі кітап ой-өрісімізді
дамытып, ақыл-білімімізді кеңейтіп,
бізді болашаққа жетелейтін бағдар.
Бірге:
Қош сау болыңыздар!