Букроссинг жобасы- оқырман
дүниетанымының даму қағидасы
Жуырда осындай атаумен
«Букроссинг» еркін кітап алмасу мектепішілік жобасының салтанатты
түрде ұйымдастырылды. Бұл шараның өткізілуіне ұйытқы болған қазақ
тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мүшелері және 4-8 сынып
оқушылары болды. Аталмыш шараны ашып беруде сөз сөйлеген мектеп
директоры Р.Шажалилов Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге
асырылып отырған жұмыстар жайлы айтса, тілші З.Адилова
шараның,сонымен қатар,«Букроссинг» еркін кітап алмасу жобасының
маңызы мен мәні жайында айтып өтті.
-«Рухани жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты
қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек» деп Елбасымыз
айтқандай, сананы жаңғыртумен қатар ішкі жан дүниені өзгертуді
әркім өзінен бастауы қажет. Бұл жерде кітаптың қосар үлесі мол.
Себебі, кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды. Сондықтан 4-8
оқушылары мектептің оқушы көп жиналатын жеріне кітаппен барып,
бір-бірімен байланыс жасады, өзіндік ойларымен санасты.Олар ой
бөлісу барысында кітапханадан өзін қызықтыратын оқулықтарды алып,
оқуына, сонымен қатар ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы
кітаппен алмастыруларына болатынын достарына ұғындыра алды. Ал,
ұсынылған кітап саны 110-ға жуық болды.Алдағы уақытта
оқырмандардың, кітапқұмарлардың танысуға ұсынылған әдебиеттердің
саны өсуі мүмкін.
Шара барысында әсіресе 6-А сыныбының «Мен және кітап» 100 кітап оқу
сайысында бүкіл сыныптың атсалысқаны тілге тиек етерлік.
Бұл шараға ұжым болып, топ-топ болып атсалысамыз.Оқырмандар санының
өсуіне ықпал етеміз-дейді оқушылар. Қазірде кітап оқу және талдау
ұлғайып келеді. Бізге рухани жаңғыру үшін жатпай-тұрмай көп ізденіп
оқуымыз керек. Әсіресі өскелең жастар үшін бұл жоба аса қажет.
«Ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап», – деген өз пікірін
білдіріп, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімін жетілдіруге
шақырамын.
Букроссинг жобасы – оқырмандардың, соның ішінде жастардың
интеллектуалдық тұрғыдан толығуына, рухани жаңғыруына септігін
тигізіп, кітапты білім құралы ретінде пайдалану жолдарын жеңілдету,
кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Орайы
келгенде, кітапқұмар оқырмандарға жаңа жобаны қолдауға, басқа сынып
оқушыларын тартуға, мүмкіндік туындап жатса, кітапхана қорына кітап
алып келуге, кітап санын көбейтуге шақырамын. Ал бұл әрекет,
игілікті бастама- білімділікке жол ашары анық,
шүбәсіз.
Зухра
Юлдашева
№104 негізгі
орта мектебінің кітапханашысы